Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет89/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Өсіру агротехникасы. Жүрек жапырақты қатыранды ферма жанындағы арнайы не болмаса танаптық ауыспалы егіске орналастырады. Егістік танапты қатыран себер алдында бірнеше айдай таза пар күйінде ұстаған дұрыс. Алғы дақылды жинап алғасын танапты қопсытады да терендетіп топырақтың астыңғы қабатын аудармастан жыртады. Жырту алдында танапқа минерал тыңайтқышьш, керек болған жағдайда әк береді. Органикалықт тыңайтқышты топырақтың және қатыраи өсіретін жердің ауа райына қарай әр гектарға 40 тоннадан 80 тоннаға дейін шашады. Алғашқы және келесі жылдарға қоректік зат бола алатындай етіп фосфор және калий тыңайтқыштарын көбірек мөлшерде береді. Танапты негізгі жыртқаннан кейін күздің аяғына шейін арамшөптерден тазартады. Егер арамшөптер көп болған жағдайда оны өңдеумен катар 2,4Д тобына жататын гербицидтер шашады.
Қатыран себер алдында танапты қопсытып бетін тегістейді. Осылай етіп дайындаған танапта қатыран жақсы өніп-өседі де, сол жылғы күтіп-баптау жұмыстары аз жүргізші шығын көп болмайды. Қатыранды күзде сепкен тиімді. Осы кезеңде сепкеңде оның тұқымы топырақта жатып стратификациядан өтіп, көктемде жақсы өніп шығады. Ал көктемде себетін болса катыранның тұқымын 2-3 айдай жасанды стратификациядан өткізу қажет. Ол үшін тұқымды ылғалданған құмда немесе ағаш үгіндісінде көкөніс сақтайтын складта температурасы — 2-6° шамасында 80-90 күндей ұстау керек. Қатыранды күзде сепкенде шаршы-ұялап, не болмаса арасын 70 см етіп себу әдістерін қолданады. Ұялап себу әдісінде нүктелеп сепкенге қарағаңда тұқымның далалық өнгіштігі жоғары болады. Ал нүктелеп сепкеңде катыранның далалық өнгіштігі не бәрі 20% болды. Егер көктемде сепкен жағдайда катыранның қатараралығын кеңірек етіп себу керек. Сол кезде келесі жылдары өсімдік бір біріне әсер етпей жақсы өседі де өнімділігі көп жылға сакталады.
Тұқым себу үшін жүгері сепкіштерін пайдаланады. Себу мөлшері әр гектарға 15 кг шамасында. Әр үяға 20-25 данадан тұқым 70x70 см үлгісінде сепкенде бір ұядан 7-8 өскін алуға болады. Себу тереңдігі 2-3 см шамасында. Тұқым себілгеннен кейін танапты тығыздайды. Көктемде өскін шыкқаннан кейін танапты көлденеңінен тырмалайды. Өскіңдері толық шыққасын танапты зиянкестерге қарсы гексахлоранмен (10-15 кг/га) тозаңдандырады (әсіресе айқышгүлділер бүргесіне қарсы).
Танапта жазда күтіп-баптау жұмыстары тиянақты жүргізіледі. Вегетация кезеңінде танапты арамшөптерге қарсы 2-3 рет қатараралығын культивациямен өңдейді. Бірінші өңдегенде танаптың әр гектарына 40-50 кг азот тыңайтқышын, ал соңғы культивациянын астьна сондай мөлшерде фосфор және калий тыңайтқыштарын береді. Маусымның аяғында қатардағы өсімдіктердің арасы қосылып өсіп кеткенде өндеу жұмыстары тоқтатылады.
Бірінші жылы қатаранның көк балаусасының өнімі әр гектардан 200-300 ц-ден кем болмаған жағдайда шауып алады. Өнімін көк азыкқа, не болмаса сүрлем салуға пайдаланады. Егер қатыран бірінші жылы нашар өсіп дамыса оны шаппайды. Екінші және одан кейінгі жьлдары катыранды күтіп-баптау жұмыстары қиынға түспейді. Тек қана оның қатараралығын арамшөптерге қарсы бірнеше рет өңдесе болғаны. Бірінші рет қатараралығын ерте көктемде катыран көктеп келе жатқанда жүргізеді де сол кезде оны азот тыңайтқышымен (40-60 кг/га ә.з.) қоректендіреді. Екінші қопсыту қатыранды бір шауьш алғасын жүргізіледі. Осы кезде де катыранды азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіреді 40-60 кг/га ә.з.). Екінші рет алшынды жинап алғасын танапқа фосфор және калий тыңайтқыштары беріледі (топырақта мөлшеріне қарай 60-120 кг/га ә.з.).
Қатыранның көк балаусасын сүрлемге гүлдеген кезінде жинайды. Бірінші ору маусымның орта кезіне келеді. Шауып алғаннан кейін катыранның алшыны жақсы өсіп, екінші оруға келеді.
Қатыранның алшынын ертерек шауып алған кезде өнімі төмен болады да жыныстық өсу бүршіктері нашар дамиды. Ал енді алшыннын кештетіп қазан айьның соңында жинағанда оның өнімі 1,5-2,0 еседей көтеріледі және жыныстық бүршіктері толықтай дамып қыста жақсы сақталады. Яғни қатыранның алшынын оңтайлы шабу мерзімі күзде суық түскеннен кейін болып есептеледі. Қатыранның көк балаусасын сүрлем жинайтын комбаиндармен (КС-2,6), немесе шапқыштармен (КИР-1,5) жинайды.
Катыранның ылғалдылығы өте жоғары болуына (84-88%) байланысты оны 8-10 см шамасында ұсатады. Катыран екінші жылы тұқым береді. Оның тұқымын алу үшін арнайы танапқа себіледі. Сирек себілген қатыранның тұқымының өнімі және сапасы жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет