Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Теріскен (Терескен серый, Ceratoіdes pappose)



бет91/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Теріскен (Терескен серый, Ceratoіdes pappose). Теріскен көпжылдық, соратұқымдастарына жататын жартылай бұташық. Қазақстанда құрғақ далаларда, шөлейттер мен шөлдерде кең тараған өсімдік. Көбінесе құмдақ және құмды топырақтарда, тасты және ұсақ тасты беткейлерде, жағалауда және шөлді өзендердің суалып бара жатқан арналарында кездеседі. Кейде таза бұталық құрап өсетін жерлері де болады. Бұлар әсіресе Памирдің биік таулы жерлерінде кездеседі.
Теріскен соңғы 15-20 жылда жерсіндіріліп мәденилендірілген сапалы малазықтық жайылымдық өсімдік. Ол жаздық-күздік немесе қыстық жайылымдар жасау үшін таза күйінде де, немесе күйреуік пен изенмен араластырып сеуіп те пайдаланылады. Оның мал азықтық қасиеті жоғары.
Теріскеннің сабағының биіктігі 40-100 см және одан да жоғары, төменгі жағы тармақты. Жапырақтары кезекті, жұмыртқа тәрізді немесе топты-қияқты, түбіне қарай жіңішкерген немесе қысқаша жапырақ сағақтарында жұмырланған. Гүлдері бұташықтар ұшына қарай гүл шоғырына жиналған, түктермен жабылған. Жемістерінің түгі қалың. Түгіне байланысты бүкіл өсімдік сұп-сұр болып келеді. Тамыр жүйесінде өзектілік басым және ол 5 м тереңдікке дейін бойлап өседі (2-ші сурет).
Теріскен қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Күзгі, қысқы аязға да өте шыдамды. Барлық топырақ түрлерінде өсе береді. Теріскен жайылымдарда 20 жылдан артық сақталып оттылығын жоғалтпайды. Оның біржылдық тармақтары мен жапырақтарын түйе, жылқы, қойлар жыл бойы жейді. Шөлді аймақтарда теріскенді пішен дайындау үшін жиі пайдаланады. Бірақ оны тықырлап төмен шабуға болмайды. Егер екі-үш жыл тырмалап пішенге шапса теріскен құрып кетуі мүмкін. Теріскендік екпе жайылымдардың құрғақ салмақтық өнімділігі гектарына 6-12 ц шамасында.
Қазақстанда теріскеннің мына сорттары шығарылып аудандастырылған: КЛХ-2 және Арыстық. Теріскенді әрі қарай зерттеп, оның биологиялық ерекшеліктерін, мал азықтық маңыздарын тереңдете анықтау және жаңа сорттары мен будандарын шығару келешектің міндеттері.


Дәстүрлі емес және аз тараған дақылдар мен өсімдіктерді тиімды пайдалану тәсілдері



  1. Жасыл конвейер жүйесінде, аралық дақыл ретінде, жайылымдарда жэне т.б. пайдалануға болатын дақылдар.

  2. Дәстүрлі емес және аз тараган дақылдарды қолдануда жасыл конвейер жүйесі.

Табиғи және екпе жайылымдардан арзан мал азығы алынады. Бірақта республика аймақтарының көпшілік шаруашылықтарында олар жыл бойы жайылым кезеңдерінде малды үздіксіз көк азықпен қамтамасыз ете алмайды да, нәтижесінде мал шаруашылығының қарқынды дамуына мүмкіншіліктер төмендеуде. Жасыл конвейер дегеніміз малды көктемгі-жазғы-күзгі кезеңдерде үздіксіз көк азықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Малдың жылдық азық мөлшерінің құрылымының қоректілігі бойынша 45% дейінгісі жайылымдық көк азыққа тиесілі. Оның маңызы әсіресе күйіс қайтаратын малдар үшін өте жоғары. Жаз кезінде мал рационында көк азықтық үлесі 80% дейін жетеді, ал кейбір жағдайларда ол жеке-дара азық көзі болып табылады. Сол себепті жайылым кезеңінде малды көк азықпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жайылымдықтарды және арнайы себілген мал азықтық дақылдарды пайдалана отырып жасыл конвейер жүйесі құрылады. Шабындықтар мен жайылымдардан алынатын көк азықтың өзіндік құны басқа азықтарға (пішен, пішендеме, сүрлем т.б.) қарағанда 2-3 есеге дейін төмен.


Қазіргі кезде жасыл конвейердің үш түрі қолданылады: 1) табиғи мал азықтық жерлерді пайдалану; 2) екпе көпжылдық шөптерді және біржылдық мал азықтық өсімдіктерді пайдалану; 3) аралас түрлерін (табиғи және екпе шөптер) пайдалану. Жасыл конвейердің бұл топтары мал ұстап бағудың белгілі бір жүйесіне бағытталған. Табиғи жайылымдарда мал негізінен еркін бағылатын болса, басқа түрлерінде малды бағып немесе қорада ұстап азықтандырады.
Табиғи шалғындықтардағы жасыл конвейер жүйесінде малдар жайылым кезеңінде жайылымдарда бағылады. Мұндай жасыл конвейер жайылымдық жерлері жеткілікті, өнімі сақталған (далалық, шөлейт, таулы аймақтарда кездеседі) жерлерде немесе жоғары өнімді суармалы жайылымдары бар шаруашылықтарда енгізіледі. Табиғи мал азықтық жерлердегі жасыл конвейерді ұйымдастыру үшін жайылымды мал бағу кезеңдеріне дұрыс таңдаудың маңызы зор. Екпе көпжылдық шөптер мен біржылдық мал азықтық дақылдардан тұратын жасыл конвейердің табиғи конвейерден айырмашылығы олардың көк шөбін орып, тасымалдап малды қорада қолдан азықтандырады. Мұндай жасыл конвейер көпшілік мал азықтық жерлері егістікке жыртылып жайылымдықтары азайып кеткен орманды-далалық, далалық аймақтардың шаруашылықтарында қолданылады. Жасыл конвейердің бұл жүйесінде мал өнімінің өзіндік құны жоғарылап кетуіне, ал кейбір жағдайларда көк азықтық сапасының төмендеп кетуіне әкеліп соқтырады (көк шөп шабылғаннан малға бергенше біраз уақыт өтіп, сапасы төмендейді).
Жасыл конвейердің аралас түрлеріне табиғи, екпе жайылымдарды және егістіктен алынатын шырынды азықтарды (екпе көпжылдық шөптер және біржылдық мал азықтық дақылдар) пайдаланады. Жасыл конвейердің бұл түрі малға керекті барлық көк шөптің 45-50% жайылымдық жерден алынған жағдайда ұйымдастырылады. Аралас немесе құрама жасыл конвейері басқа түрлеріне қарағанда шаруашылықта кеңінен тараған.Өйткені конвейердің бұл түрінде малды көк азықпен қамтамасыз ету және оны ұйымдастыру жұмыстары экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімдірек болып келеді. Республиканың әртүрлі аймақтарында орналасқан шаруашылықтарда жасыл конвейерді жобалаған кезде алдымен жайылымдықтан алынатын көк азық көлемін және оның кезеңдер бойынша бөлінуін қадағалау керек. Көк азықтың керекті мөлшерін анықтағанда бағылатын малдың түріне, жынысына, жасына және олардан жоспарланған мал өнімдеріне (сүт, ет, жүн т.б.) байланысты мал басына, жайылымдық кезеңнің ұзақтылығына, мал бағылуының басталуы мен аяқталуына қарай жасыл конвейерден түсетін тәулік, айлық және барлық кезеңдік көк азық көлемі есептеледі. Соған қоса әр кезең сайынғы керекті көк азық көлемі 10-15% көтеріледі (ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты т.б. сақтандыру қоры).
Төменгі кестеде мал басына бір тәулікке керекті көк азық мөлшері келтірілген. Бір басқа керекті көк азық мөлшері



Малдың түрі және топтары

Тәулік бойына керекті көк шөп кг

Сауын сиырларға (тірі салмағы 450 кг): сүт өнімі тәулігіне 8 кг

40-45

сүт өнімі тәулігіне 10-12 кг

45-55

сүт өнімі тәулігіне 14-16 кг

55-65

сүт өнімі тәулігіне 18 кг жоғары

65-70

1 жастан жоғары қара малға

30-35

1 жасқа дейінгі бұзауға

18-20

Бұқаларға




Қойларға (ірі)

6-8

Қозыларға

2-3

Жылқыларға (ірі)

30-40

1-3 жастағы жылқыларға

25-30

Мал басына тәулік бойына керекті көк азық мөлшерін белгілегеннен кейін табындағы (отардағы) мал басына және жайылымдық кезеңнің ұзақтығына қарай көк азықтық барлық жайылымдық кезеңге керекті мөлшері анықталады. Жайылымдық кезеңнің ұзақтығы шамамен орманды-далалық және далалық аймақтарда 150-200 күн, шөлейт аймақта 200-270 күн, шөл аймақта 240-310 күнге дейін және одан да көпке созылады.


Жасыл конвейер үшін өсімдік түрлері бірінің малға желінуі аяқталған кезде келесі малға жегізуге дайын болатындай етіп таңдалады. Жасыл конвейерге алынған дақылдардың пайдалану жүйесі себу мерзімдері арқылы да реттеледі. Пайдалану кезеңдері бойынша мал азықтық өсімдіктерді 4 топқа бөлуге болады. Бірінші топқа көктемгі кезде көк азық алынатын дақылдар: күздіктер – қара бидай, рапс, тритикале, күздік қара бидай мен күздік сиыр жоңышқа қоспасы немесе күздік рапс пен қоспасы, көпжылдық ерте пісетін шөптер (жима тарғақ, шалғындық түлкіқұйрық, мүйізбас шөп т.б.) таза не қоспалар күйінде. Екінші топқа әртүрлі мерзімдерде себілетін жаздық маусым-шілде айларында көк азық алынатын дақылдар: сұлы, сиыр жоңышқа, біржылдық үйбидайық және олардың қоспалары, жоңышқа, көпжылдық бұршақ астық қоспалары (жоңышқа+қылтықсыз арпабас, жоңышқа+жима тарғақ, мүйізбас шөп+шалғындық атқонақ т.б.), астық тұқымдас шөптер (шалғындық бетеге, жима тарғақ, қылтықсыз арпабас т.б. екінші-үшінші орымдары). Үшінші топқа жаздың аяқ кезінде көк азық беретін дақылдар: 3ші-4ші мерзімдерде себілген біржылдық өсімдіктердің аралас егістіктері – егістік бұршақ+сұлы, сиыр жоңышқа+сұлы, сиыр жоңышқа+үйбидайық, көпжылдықтардың, судан шөбінің алшындары, көктемде таза күйінде және қоспаларда себілген жүгері, шабыннан кейінгі себілген біржылдықтар – жүгері мен судан шөбінің, қонақ жүгерінің, май бұршақтың қоспалары, сұлы мен ас бұршақтың және күнбағыстың қоспалары және де асқабақ, қызылша, кәді, біржылдықтардың аңыздық егістіктері. Төртінші топқа күз айларында көк азық және шырынды азықтар беретін мал азықтық өсімдіктер: мал азықтық тамыр-түйнек жемістілер, бақша дақылдары, мал азықтық қырыққабат, аңыздық және қайталап себілген сұлы мен сиыр жоңышқаның, ас бұршақтың, күнбағыстың және басқа да суыққа төзімді дақылдармен қоспалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет