Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Ботаникалық және биологиялық ерекшелігі



бет30/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Ботаникалық және биологиялық ерекшелігі. Шығыстың ешкі шөбі кіндік тамырлы, тамыр жүйесі жақсы дамыған өсімдік. Онда жан-жаққа жайылған тамырлар көптеп кездеседі. Тамыры 60-70 см тереңдікке дейін орналасады. Тамырында 1500 данаға дейін түйін бактериялары кездеседі. Түйіндер бірінші жылдың аяғында ғана байлана бастайды. Сабағы тік, ірі болып өседі, жақсы жапырақтанған, биіктігі 80-140 см дейін жетеді. Жапырағының түсі ашық-жасыл болып келеді. Жапырағы күрделі, жұпсыз қанатты, ұзындығы 15-17 см болады. Бір жапырағында 9-15 данаға дейін ұзынша келген жапырақтар болады.
Гүлшоғыры-сиректеу ұзынша келген, 20-50 шақты гүлдерден тұратын шашақгүл. Гүлдерінің түсі көкшілдеу, күлгіндеу келеді, ұзындығы 1 см шамасында. Бұршақбасы қосжарнақты ұзынша қылыш тәріздес, ұзындығы 2,5-4,0 см көптұқымды болады.
Тұқымы сары-ақшыл, жасыл түстес, ұзынша бүйрек тәріздес, шетінде ойығы бар. Тұқымын сақтаған кезінде түсі қоңырланады. 1000 тұқымының массасы 5,5-9,0 г. Шығыстың ешкі шөбі орташа көпжылдық өсімдік, сыртқы өсіру ортасына жақсы бейімделеді, топырақтың құнарлығын және ылғалын көп керек етеді. Құрғақшылыққа да жақсы шыдайды. Және де бұл өсімдік көктемде су жайылған жерлерде су астында 12-18 күнге дейін шыдайды. Сол ерекшелігіне қарай оны өзен алқаптары мен лимандарға себуге болады. Ал топырақ құнарлығына қатынасын айтатын болсақ, оны үстеп қоректендіргенде өнімнің жақсы көтерілетінін айтуға болады. Бұл дегеніміз ешкі шөбінің потеницалды мүмкіншілігінің жоғары екенін көрсетеді.
Ешкі шөбі тұқымымен көбейетін өсімдік. Тұқымының өнгіштігін 6-8 жылға дейін сақтайды. Көп сақталған тұқымын көктемде сепкенде өскін бермеуі мүмкін. Ал оны күзде не болмаса қар түсер алдында сепсе көктемде жақсы көктеп шығады. Тұқымы топырақ 8-100 қызғанда өніп шығады. Себу мерзіміне байланысты өскіні 7-10-15 күннен кейін шығады.
Шығыстың ешкі шөбі өсіп-өркендеуі бойынша жаздық топқа жататын өсімдік. Сепкен жылы ол жаздың аяғына дейін гүлдейді де, кейбір жылдары тұқым береді. Келесі жылы көктемгі көгеруі сәуірдің аяғында басталады. Бірінші оруының өнімі тез қалыптасады. Маусымның алғашқы күндеріне оруға келеді. Екінші оруды екі айдан кейін жүргізеді. Шығыстың ешкі шөбінің гүлдену кезеңі көбінесе маусым айында жүреді. Ал тұқымы шшілденің аяғында, тамыздың бас кезінде піседі. Сепкен жылы шығыстың ешкі шөбінің биіктігі 60-70 см келесі жылдары-80-140 см жетеді. Бірінші орған кезде биіктігі 65-70 см, екінші ору сабағының биіктігі 60-80 см болғанда жүргізіледі.
Шығыстың ешкі шөбі қысқа төзімді өсімдік. Солтүстік және шығыс облыстарда таза күйінде 8-10 жылға дейін өнімін төмендетпей сақталады. Ал басқа шөптермен қосып сепкенде 6-7 жылға дейін өнімін төмендетпей пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет