Қазақстандық 16. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да құстар шоқымайтын сорттарды будандастыру нәтижесінде алынды. Ұзын, 2,0-2,5 м биіктікке жетеді, құрғақшылыққа, суыққа төзімді. Жоғары және төменгі температураларға икемді. Түптілігі мен жапырақтануы орташа. Сабақтарының шырынында 13,5-15,0%-ға дейін қант болады. Орташа кеш піседі. Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 115-125 күн. Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы егінінде өнімділігі 800-870 ц/га құрады. Павлодар облысында аудандастырылған. Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы ауыл шаруашылық зоналарында егіп өсіру перспективалы.
Ұжымдық 10. судан шөбінің сорттық жеке түрі. Жоғары өнімді сорттарды жалпы іріктеу нәтижесінде жасалған. Қазақ егіншілік ҒЗИ-дасинтетикалық селекция әдісімен үш байланыссыз формаларды будандастыру жолымен алынған.
Кеш пісетін форма. Өсу кезеңі – 125-135 күн. Биік. Суарғанда өсімдік бойы 3,0-3,5 м-ге жетеді, өнімділігі 900-950 ц/га көк балауса. Қазақстанның солтүстік облыстарында сүрлемге егіп өсіруге перспективалы.
Алматылық 81.Құмай-судандық будан. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да алынған. Сүрлемге және көк шөпке егіп өсіруге арналады. Түптілігі жақсы – 5-10 сабақ, жақсы жапырақталады.
Орташа піседі. Өскіндер шығудан бастап, шаруашылықта көк шөпке пайдалануға дейінгі кезеңі – 55-60 күн, сүтті-балауызданып пісуге дейін – 100-115 күн. Жапырақтар саны – 9-10 дана. Қазақстанның солтүстік облыстарында егіп өсіруге перспективалы.
Цунами 85. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да В.М.Макаров будандастыру әдісімен алған. Орташа кеш піседі. Өсу кезеңі – 125-135 күн. Суыққа төзімді. «Гүлдену-балауызданып пісу» кезеңіндегі жасушалық шырындағы қант мөлшері 17-18%. Суарғанда көк балауса өнімділігі екі оруда 1100-1200 ц/га-ға жетеді. «А.И.Бараев атындағы дән шаруашылығы» Көкшетау ҒПО-ң тәжірибелік егісінде 1993-1997 жылдардағы абсолютті құрғақ заттың өнімділігі 56,7 ц/га құрады. Сорт Қазақстанның оңтүстік облыстарында қолдануға жарамды. Будандық тұқымдарды себуге көшу стандарттар ретінде әлемдік коллекцияның ең үздік биотүрлерін алу арқылы олардың жүйелі салыстырмалы бағасын беріп отыру қажеттігін тудырды. Мұндай салыстыруларды, қолдану мақсатын (сүрлемге немесе көк балаусаға) және нақты ауыл шаруашылық зонаның агроклиматтық ресурстарын ескеретін, ғылыми негізделген модель параметрлері бойынша жүргізу қажет.