Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Сүрлем ретінде егіп өсіру технологиясы



бет24/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Сүрлем ретінде егіп өсіру технологиясы. Бал құмайды егістік және ферма маңындағы ауыспалы егістерде орналастырады. Ең жақсы ілгергі дақылдар – күздік және жаздық масақтылар, дәнді бұршақ тұқымдастар, біржылдық шөптер. Оны өнімді сақтау орындарына жақын жерлерде, ферма маңындағы ауыспалы егістерде орналастырған экономика жағынан үнемді, өйткені жинау кезінде жүк тасудың үлкен көлемдерін қажет етеді.
Ол жаздың бірінші жартысында баяу дамып, арам шөптермен әлсіз бәсекелесетіндіктен, участок таңдаған кезде егістіктің тазалығына үлкен талап қойылады. Ілгергі дақылдар ретінде кеш жазғы біржылдық дақылдармен қоқыстанған участоктарды алуға болмайды. Қоқыстану деңгейі зияндылықтың шегінен шықпау керек: біржылдықтар – 20 дана/м2 –тан аспайды, тамыр өркендететіндер – 5 дана/м2-қа дейін. Арамшөптермен күрес комплексі бұның алдындағы егістерді де қамту керек.
Құмайды күнбағыстан кейін екпеген жөн, өйткені күнбағыс қорден шығарады және топырақты үлкен тереңдікке кептіреді. Сонымен қатар судан шөбі, итқонақтан кейін және де бір жерге қайталап екпеген дұрыс. Бұл дақылдар ортақ кеселдермен ауырады, сондықтан бал құмайдың қаракүйе және бактериозбен зақымдалу қаупі бар.
Ілгергі дақыл ретіндегі бал құмайдың мәні оны егіп өсіру мақсатына байланысты (сүрлемге немесе көк шөп). Көк конвейерге салынып, көк шөп ретінде өсірілетін бал құмай егісті негізгі өңдеу үшін салыстырмалы түрде ерте босатады, және де ылғалдың жиналуы мен жазғы-күзгі кезеңде оны арам шөптен тазартуға мүмкіндік береді. Дұрыс күтіліп, дер кезінде жиналған болса бал құмай бұл жағдайда басқа дақылдар үшін жақсы ілгергі дақыл бола алады.
Сүрлемге егіп өсіруде құмай жоғары өнім береді. Абсолютті құрғақ заттың шығымы басқа негізгі дәнді дақылдардың өнімділігінен 2,0 ... 2,5 есе асады. Осыған байланысты ол топырақтан қоректік заттардың үлкен мөлшерін алып оны қатты құрғатады. Сүрлемге арналған бал құмайды жинау қыркүйектің соңына келеді, ал бұл – сүрлемнен шыққан егістегі топырақты негізгі өңдеуден өткізу үшін кеш мерзім болып табылады. Осы агротехникалық ерекшеліктерді ескере отырып, еуропалық аймақтардағы ғалымдар сүрлемдік құмай дәнді дақылдар үшін нашар ілгергі дақыл деп есептейді. Сондықтн ұсыныстарда (И.Н.Елагин, Б.Г.Димиденко, 1963; П.М.Шорин, 1976) бал құмайдан кейін егісті сүрге немесе сүрі жерде болатын дақылдарға беру айтылған. Бұл көзқарасты кейбір американдық ғалымдар да (П.Д.Уолтон, 1986) қостады. Көмірсулардың едәуір мөлшері жиналған тамыр қалдықтарының көп жиынтығы азотты игерудегі өсімдіктермен бәсекеде зор мәнге ие микроағзалар үшін энергия көзі болып табылады.
Алайда Қазақстанның ауа-райы жағдайлары еуропалық аймақтардан айрықшаланады. Біріншіден, негізгі өңдеу жүйесіндегі арам шөптермен күрестің келешегі жоқ, өйткені жинаудан кейін барлық егіс дақылдарына тән қысқа аязсыз кезең қалады. Екіншіден, Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы және орташа қуаң далалы ауыл шаруашылық зоналарында өсу кезеңінің соңында барлық өсірілетін дақылдар топырақтағы өнімді ылғалдың барлық қорын бітіреді. Мұнда ылғалмен толығу кеш күздегі және қысқы жауын-шашындар есебінен жүреді, ал себу басында топырақтың ылғалдылығы бірдей болып, ілгергі дақылға тәуелді болмайды.
Егер бал құмайды тамырлық және аңыздық қалдықтарды жинау тұрғысынан қарастыратын болсақ, дәнді ілгергі дақылдарға қарағанда оның артықшылықтары бар. Сондықтан құмайдан кейінгі арпа мен сұлы, сүрі жерге үшінші болып егілген жаздық бидаймен бірдей өнім берген.
Бал құмайды егіп өсіруде негізгі өңдеу ретінде сыдыра қопсытуды пайдалану осы аймақтағы климаттың ерекше жағдайларына байланысты. Оның жер жыртудан артықшылықтары ғылыми негізделіп, өндірістік тәжірибемен расталды. Тәжірибе көрсеткендей, тұқымдарды егуге дайындаудың міндетті тәсілі ретінде себу алдындағы дәрілеуді өткізу керек. Әсіресе бұл республиканың солтүстік облыстарының территориясындағы Қазақ ұсақ шоқылы жерлері далалы бөлігінің ерекше жағдайларына қажет. Мұнда көктемгі топырақтың +80...+100С қызуы 2-6 күнде күрт суулармен ауысып отырады. Ең тиімді тәсілдер безендіру немесе тұқымды қабықшамен қаптайтын қоспалармен жабу. Комплексті қаптауді қолдану бір операцияда тұқымдарды өңдеудің бірнеше тәсілдерін біріктіріп, барлық компоненттердің аз шығыны (пестицидтер, микроэлементтер, өсуді үдеткіштер) мен олардың әрекетінің үлкен әсерін қамтамасыз етеді.
Қазақстанға тән ауа және топырақ температурасының ауысымында бал құмайдың тұқымдары көпке дейін өскін бермейді, сондықтан тұқымдарды жылы ауада жылыту мен сапалы безендіру жоғары өнім алу үшін маңызды және қажетті агрошара болады.
Ассимиляция үрдісінде бал құмай үлкен мөлшердегі биожиынтық түзеді, сондықтан көп қоректік заттар қажет етеді. Бал құмайдың өсуі мен дамуы үшін шашақтану мен сүтті-балауызданып пісу кезеңдерінің аралығында қоректік заттармен жеткілікті қамтылуы өте маңызды. Азот жетіспегенде, әсіресе шашақгүл шыққанда және дән пісер кезде, бал құмайдың өсу массасының өнімділігі күрт төмендеп кетеді.
Көкшетау АШҒЗИ мәліметтері бойынша (И.Костиков, В.Юстус, 1990), азотты тыңайтқыштардың қажетті нормасы – N60 , фосфорлы - P60 кг. Осындай мөлшерде шоқылы-жазық зонадағы кәдімгі қара топыраққа түйіршікті суперфосфатты және аммиак селитрасын енгізгенде, тыңайтқыштар ең үлкен өніммен орнын толтыруды қамтамасыз етеді. Ал жинау кезіндегі нитраттардың мөлшері ең аз қалдық мөлшерден едәуір төмен болады.
Азотты тыңайтқыштарды енгізуді СЗС-2.1. сепкіші көмегімен себу алдындағы қопсытумен бірлестіріп, себу алдында жасаған жөн. Азоты тыңайтқыштарды қоректендіру әдісімен енгізу тиімсіз, ал кейбір жылдары бал құмайды перспективалы егіп өсірудің ауыл шаруашылық зоналарында өнімге тіптен пайда келтірмейді.
Фосфорлы тыңайтқыштарды СУПН-8 сепкішімен немесе түйіршіктелген күйде СПЧ-6 көмегімен бір мезгілде себу ыңғайлы.
Калий тыңайтқыштарына деген қажеттілік тумайды, өйткені оңтүстік және кәдімгі қара топырақтағы К2О-ң қортылатын формалары топырақтың 400-600 мг/кг-н құрайды. Калиймен қамтылу 50 ... 80ц/га абсолютті құрғақ зат деңгейіндегі өнім алуды қамтамасыз етеді.
Бал құмайдың тұқымдары өскін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар тұқым егілген тереңдіктегі +8 ... +100С температурада және топырақтың жоғары қабатының (0 ... 10 см) 18 ... 20% -тен кем емес ылғалдылығында қалыптасады. Қысқы аяздардың қайтуын ескере отырып, бал құмайды егуді Павлодар және Ақмола облыстарының құрғақ далалы зоналарында 10 мамырдан, ал басқа зоналарда – 15 мамырдан ерте бастамау керек. Алайда құмайды өскін беру кезеңінде арамшөптерден, кеселдерден және зиянкестерден қорғау тәсілдерінің жетілуі ерте себу есебінен ерте көктемдегі кезеңнің белсенді температураларын толық қолдану мүмкіншіліктерін ашады. Осылайшы сүтті-балауыздануп пісуге жетуді кепілдендіріп, нәтижесінде өнімді арттыруға болады.
Бал құмайды егу нормасы мен себу әдісін таңдағанда көптеген зерттеушілер нәтижедегі өнімнің өндірістік қолданылуын ескеруді ұсынады: көк шөпке, пішенге, пішендемеге жіне сүрлемге. Көк шөп пен пішенге өсіруде құрылымы бойынша жасұнықтың аз мөлшері бар, жапырақтанудың жоғары пайыздары мен жіңішке сабақты массасы бар өнімді алу қолайлы.
Б.Н.Малиновскийдің (1992) жұмыстарының нәтижесі бойынша көк шөп үшін бал құмайды себудің ең қолайлы тәсілі – қатарлап себу. 15 ... 30 см қатараралық себуде ол жақсы жапырақтанған жіңішке сабақты массасы бар өнім береді. Қатарлап егуде бал құмайдың маңызды биологиялық ерекшелігі ашылады: оның ұзақ уақыт бойы түптенуі, ал орып алғаннан кейін интенсивті өркендеуі. Сабақ жиілігінің қолайлы қалыңдығы әр өсіру зонасы үшін жеке анықталып, ылғалдану, топырақтық қоректену, егістердің қоқыстану жағдайына байланысты болады. Осылайша, Солтүстік Кавказ үшін сабақ жиілігінің қолайлы қалыңдығы 1 га-ға 350 ... 450 өсімдік аралығында өзгереді, Поволжьеде – 300 ... 350 мың дана/га, Куйбышев облысы бойынша – 230 ... 240 мың дана/га, Қазақстанның оңтүстік –шығысының суарылатын егістерінде – 200 мың дана/га.
Сүрлемге өсіруде, салалық стандарттың талаптарына сәйкес, биожиынтықта қанттың жоғары пайызы болуы және аудан бірлігінен өнімнің максималды шығымы болуы қажет. өнім сапасы бойынша бал құмай бұл талаптарға сүтті-балауызданып пісу кезеңінде жауап береді. Онда жасушалық шырындағы қант мөлшері артып, өнімділік максималды деңгейге жетеді.
Көк шөпке қарағанда сүрлемге өсіру үшін көптеген елдерде кең қатарлап егуді қолданады. Қатараралық ені 50-ден 100 см-ге дейін өзгереді. Солтүстік Қазақстанның шоқылы-жазық зонасында (Е.Д.Оспанов, 1996) 1994-1996 жылдары орта есеппен алғанда бал құмайды сүрлемге еккенде жинау басында 100 мың өсімдік қалыптасқан ең үлкен өнім алынды. Сүрлемге егудегі себу тәсілін таңдағанда егіс алқабының қоқыстануының үлкен мәні бар. Кең қатарлап егудің артықшылығы өсу кезінде арамшөптермен күрес мақсатында қатарлар арасында өңдеу жүргізу мүмкіндігінің болуында. Арамшөптерден таза егістерде аудан бойынша өсімдіктердің біртекті таралып өсуін қамтамасыз ететін тәсілдер қолайлы болып табылады. Шоқылы-жазық зона жағдайында (В.А.Юстус, 1991) ең үлкен өнім қатараралықтар 60 см болғанда алынатыны белгілі болды.
Аймақтағы құрғақ далалы және орташа қуаң даланың ерекшелігі - ауа массаларының белсенді циркуляциясы негізінде топырақтың жоғарғы көкжиегінің кебуіне әкеліп соғатын көктемгі аңызақтардың болуы. Мұндай жағдайда, себу кезінде минималды тереңдікке салынатын басқа ұсақ тұқымды дақылдар тәрізді, бал құмай өскіндері сирейді. Көпжылдық практикалық тәжірибе тұқымдарды 5 ... 7 см тереңдікке егуді ең қолайлы деп санайды. Ставрополь егіншілерінің тәжірибесі назар аударуға тұрарлық, мұндай жағдайларда, көктем аңызақтары басталсымен, олар құмайды атызашқышпен жабдықталған сепкіш көмегімен атызға себуді қолданған.
Егісті күту шаралары екі негізгі міндетті атқарады: топырақтағы ылғалды сақтау және қоқыстанумен күресу. Сепкеннен кейін, араға уақыт салмастан, егістің себілген бөлігін тығыздау керек. Тығыздау арқылы тұқым орналасқан топырақ зонасы нығыздалады, ылғалданудың қолайлы жағдайлары жасалады, егістің беті тегістеледі. Бұл бұдан кейінгі жұмыстар үшін, әсіресе, егісті тырмалау үшін өте маңызды.
Құмай егісін қатараралық өңдеуді қатаршаларды нақты белгілегеннен кейін, қалыпты жағдайда 3-4 жапырақ шыққанда жасайды. Ол осы фазада арамшөптерге ерекше сезімтал, өйткені оларға бәсекелестігі төмен. Арамшөптермен күрес арамшөптік өсімдіктердің ботаникалық құрамына, және ауыспалы егіншіліктегі орналасуына қарай механикалық және химиялық әдістердің ғылыми негізделген жиынын пайдаланғанда тиімді болады. Қазіргі кезде жаппай әдістің орнына гербицидтерді жолақтап, механикалық әдістер аз әсер ететін қатаршаның «қорғаныштық» зонасына ғана енгізеді. Барлық басқа арамшөптермен күрестің агротәсілдері (себу алдындағы қопсыту, егісті өскінге дейін және өскіннен кейін тырмалау, қатараралықтарын механикалық өңдеу) аймақта ұсынылған егіп өсіру технологиясына сәйкес жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет