Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Қарабас шалғын немесе шалғындық, атқонақ



бет20/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Қарабас шалғын немесе шалғындық, атқонақ, (Тимофеевка луговая, Рhleut рzatenselі). Карабас шалғын немесе шалғындық атқонақ - көп жълдық мәдени дақыл ретінде XVII ғасырдан бері белгілі шөп. Оны кезінде бұрынғы Вологод губерниясының шаруалары шөптің жабайы түрінен мәдени дақылға айналдырған еді. Вологод губерниясынан Карабас шалғын кейін Батыс Еуропа және Америка елдеріне тарап, кеңінен себілетін болды. Табиғатта жабайы түрінде бұл шөп көпшілігінде Ресейдің Еуропалық бөлігінінің солтүстігіңдегі өзен алқаптарында. Сондай-ақ Кавказ, Алтай және Тянь-Шань тауларында кездеседі.
Қарабас шалғын көпжылдық сирек астық тұқымдас шөптерге жатады. Бойының биіктігі 60-75 см, тіпті одан да жоғары болып өседі. Гүл шоғыры - жалған масақ. Тұқымы жылтыр сұрғылт түсті болып, ұзындығы 1,5-2 мм, көлденең 0,5-1,0 мм, жұмыртқа не болмаса эллипс төрізді келеді. Мың дәнінің салмағы - 0,30-0,52 г, орта есеппен 1 килограмында 2440000 дән болады. Тамыр жүйесі 80-100 см тереңдікке барады.
Қарабас шалғын (шалғындық атқонақ кәдімгі мезофильді) ылғал сүйгіш астық тұқымдас шөптерге жатады. Кұрғақшылыққа төзімсіз болғандықтан ол ылғалдылығы жеткілікті, топырағы құнарлы жерлерде өседі. Мысалы, жазы аңызақты келетін қара топырақты және қызыл қоңыр топырақты далалы өңірде нашар өсіп, өнімді өте аз береді. Ал, орман-тоғайлы аймақтың жайылмалы өзен жағалауында керісінше, жақсы өсіп, өсімдіктің дені осы шөп болып келеді. Қарабас шалғын суыққа, сондай-ақ топырақтың қышқылдығына төзімді. Сондықтан, ол құрғатылған сазды жөне батпақты жерлерде себуге әбден жарамды. Малдың қай түрі болмасын оның шөбін, соңдай-ақ пішенін де суйсініп жақсы жейді. Басқа шөптермен аралас сепкенде егісте 3-4 жыл, ал тыңайтқыш беріп жақсы күтімге алғанда 6-8 жылға дейін бір учаскеде өсе береді. Жаз бойы оны пішенге 2 рет шауып алуға болады, ал жайылымға пайдаланғанда малды 3-4 рет қайталап жаюға келеді. Бұл дақыл жоғары өнімді көп жылдық шөптер қатарынан саналады. Табиғи жағдайда оның жабайы өсіп тұрған шалғыны гектарына сай-салалы жерлерде 10-15, жайылмалы өзен алқаптарында 20-25 центнерге дейін пішен береді. Ал оның егістігінен өнім бұдан 2,5-3 есе артық алынады. Мысалы, Полярная төжірибе станциясында Қарабас шалғын пішенінің өнімі 40 ц-ге жеткен. Ылғалы мол, топырағы құнарлы жерлерде пішенге оны екі рет шауып алғанда, өнімі 90 ц-ге дейін жетеді. Сонымен бірге бұл шөптің тұқымыньң түсімі де жақсы. Орта шамамен алғанда гектарынан 3-4 ц, ал қолайлы жағдайда, тіпті 5-8 ц-ге дейін тұқым береді.
Қазіргі кезде Қазақтанда Карабас шалғын көп себілмейді. Оның егісі ІІІығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде ғана шамалы көлемде кездеседі. Алайда, Қзақстанның таулы аудандарында кеңінен таратуға түрарлық дақыл. Мысалы, Қазақтың шабындық және жайылым ғылыми-зерттеу институтының шабындықты жақсарту және пайдалану бөлімінің Іле Алатауының Үшқоңыр жазығында жүргізген көп жылдық тәжірибесінде бұл өсімдіктен ұзақ уақыт гектарынан 50-70 центнерге дейін пішен альнған. Бұл тәжірибе теңіз деңгейінен 1800м биіктікте жүргізілген (Әубәкіров К. І987ж). Мұндай жақсы нәтиже жоғарыда айтылған институттың Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Тірек пунктінің зерттеулерінде де алынған. (1972-1982 ж.ж.). Мал азығы үшін карабас шалғынды әдетте жаппай қатарлы әдіспен - ең қолайлы мерзім - көктемде себеді. Топырақ дайындау, егісті күтіп-баптау т.б. агротехникалық шараларының айтарлықтай ерекшелігі жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет