Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет21/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Үйбидайық, (Райграс, Lоlіит). Бұл мал азықтық шөп табиғатта жабайы түрінде бұрынғы Одақтың Еуропалық бөлігіндегі ылғалды аймақтарының шалғындықтарында, сондай-ақ Орта Азия тауларында, Батыс Закавказье кездеседі. Мәдени дақыл түріне айналғалы көп болғанмен, оның егісі әлі де болса кеңінен тарай қойған жоқ. Үйбидайықтың үш түрі мәдени дақыл ретінде кездеседі: көп шабындық үйбидайық, биік бойлы үйбидайық және жайылымдық үйбидайық. Мұның үшеуі де тамыр жүйесі жақсы дамыған астық тұқымдастарға жатады. Бұлардың бірінен-бірін оңай ажыратуға болады.
Биік бойлы үйбидайық. Гүл шоғыры шашақбасты келеді. Масақшалары қос гүлді, оның төменгісінің ұзынша иілген қылтығы бар. Тұқымның көлденеңі 1,5 мм, ұзындығы 8-10 мм, түп жағында ақ сары түгі болады; мың тұқымның орташа салмағы 2 грамдай. Биік бойлы үйбидайық үсік пен құрғақшылыққа төзімсіз келеді. Сондай-ақ ұзақ уақыт су шаюға, көлеңкеде өсуге жөне жер асты ыза суының жақындығына да шыдамсыз келеді. Сортаң және сазды топырақты жерлерден басқа жердің бәріңде жақсы өнім бере алады. Кыстап шыққан соң көктемде ерте көктейді, алайда мал жайылуын төзімсіз келеді. Оны негізінен пішен үшін себеді.
Көп шабындық үйбидайық. Көп шабындық үйбидайықтьң жалпы сыртқы пішіні жатаған бидайыққа ұқсас. Гүл шоғыры күрделі масақ.
Жайылымдық үйбидайық жатаған бидайыққа ұқсайды. Бұның көп шабындық үйбидайықтың айырмасы - масақшалары да, тұқымы да майдалау келеді, мың тұқымының салмағы небары-1,8г, суармалы жерлерде оның егісіне жаз бойы 5-6 рет қайталап мал жаюға болады.
Үйбидайықтың алдыңғы екі түрі биологиялық ерекшеліктеріне сай, негізінен пішен үшін пайдаланылады. Өйткені, олар біріншіден мал тұяғына шыдамсыз болса, екіншіден биік болып өсетін өсімдігінің сабағының көптігінен жапырағы мейлінше аз болады, үшіншіден үйбидайықтың бұл түрлері бір жерде небары үш жыл ғана өседі. Керісінше, жайылымдық үйбидайықтың түпкі жапырақгары мол болады да, оның үстіне мал тұяғына өте шыдамды келеді. Осыған орай оны негізінен өте жақсы мал жайылымдық шөп ретінде пайдаланады. Үйбидайықтың бұл үш түрі де қысқа шыдамсыз, ылғалды мейлінше қалайтын өсімдіктер. Сондықтан оларды Қазақстанның тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының суармалы жерлеріне ғана себуді ұсынуға болады. Мұнда жайылымдық үйбидайық кеңінен тарауы тиіс. Мәдени жайылым жасау үшін оны бедемен аралас себу жақсы нәтиже береді. Үйбидайықтың қай түрі болса да тыңайтқыш бергенде өнімін арттырады. Бұл шөп өзінің биологиялық қасиеттері бойынша жаздық тұқымдас шөптер тобына жатады. Сондықтан ол тек көктемде ғана себілуі тиіс. Тұқымы өте майда болғандықтан топыраққа небары 1-2 см ғана тереңдікте сіңіріледі. Бір гектар жерге тұқым себу нормасы 6-12 кг. Бұл шөптің де сорттары республикамызда әлі аудандастырылған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет