Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет34/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Өсіру агротехнкиасы. Май бұршақты ауыспалы егісте орналастырғанда бұл өсімдікке топырақтың, алғы дақылдардың және берілетін органикалық, минералды тыңайтқыштардың әсерін еске алған жөн. Май бұршақты Қазақстанның суармалы жерлеріндегі ауыспалы егіс жүйесіне енгізу техникалық (қызылша, мақта) және дәнді дақылдардың (бидай, күріш, арпа) алғы дақылдар құрамын байытады, топырақтағы азот балансын жақсартады, ең негізгісі өсімдік белоктарын көбейтуге үлкен үлес қосады.
Май бұршақ дақылының фотосинтез өнімділігі және жалпы биомассасының құралу жылдамдығы гүлдеу кезеңіне дейін онша биік емес, ал гүлдеу және шанақтану кезеңінің аяқталуы аралығында аталған көрсеткіштер жоғары болады. Кейін бұл көрсеткіштер мөлшері біртіндеп азаяды. Сондықтан өсу дәуірінің әрбір кезеңдерінде май бұршақтың ылғалға және қоректік заттарға талабы әртүрлі. Осыған сәйкес Қазақстанның суармалы жер жағдайларында май бұршақ дақылдарының бүкіл өсу дәуірін үш кезеңге бөлген пайдалы болып саналады. Бірінші кезең- май бұршақ өсімдігінің көктеп шықаннан гүлдеу кезеңіне дейін. Бұл кезеңде фотосинтез өнімділігі төмен, өсімдіктің өсуі және жалпы құрғақ массасының құралуы баяу. Сондықтан, май бұршақ өсімдігі ылғалды көп мөлшерде қажет етпейді. Бұл кезеңдегі агротехникалық шаралар мыналар: егістіктің қатар аралығын өңдеу жұмыстары, үстеп қоректендіру, бір рет суару және қатар аралығын өңдеу.
Екінші кезең - май бұршақтың гүлдеу кезеңінен бастап барлық буындарда шанақтардың пайда болуы аяқталуы аралығы. Бұл кезең ішінде фотосинтез өнімділігі көп артады, өсімдік тез өсіп, жалпы құрғақ биомассаның құралуы ең көп мөлшерде болады. Оның үстіне, май бұршақ өсімдігінің жылдам өсіп, құрғақ массаның интенсивті құралуы жаз айларының ең ыстық кезіне (шілде-тамыз айының бірінші жартысы) сәйкес келеді. Сондықтан, май бұршақ дақылын бұл кезеңде ылғалмен және қоректік заттармен толық қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Осыған сәйкес май бұршақ егістігін әрбір 12-14 күн сайын 3-4 рет суару керек.
Үшінші кезең - шанақтану фазасы аяқталуы кезінен өсімдік толық піскенге дейін. Бұл кезеңде шанақтардағы дән толысып қалыптасады. Май бұршақ өсімдігінің фотосинтез өнімділігі және құрғақ затының құралу қарқыны біртіндеп төмендейді. Аталған кезең ішінде ауа райы біртіндеп салқындайды да, май бұршақ өсімдігінің суды қажет етуі азаяды.
Профессор А.А.Ничипоровтің зерттеулеріне қарағанда ауыл шаруашылығы дақылдары жапырақ алақандарының көлемі гектарына 30-40 мың м2 мөлшеріне жеткенше тез өсіп, күн сәулесі энергиясын қабылдауы арта түседі. Сондықтан гектарына 35-40 мың м2 мөлшерлі жапырақ алақандарының көлемі егістіктің қолайлы құрамына сәйкес.
Біздің зерттеулеріміз бойынша май бұршақтан гектарына 25-28 ц дән алу үшін өсімдік жапырақ алақандарының көлемі 40-45 мың м2 мөлшеріне дейін тез өсіп, ұзақ уақыт сақталуы керек. Жапырақ алақандарының осындай мөлшерде болуы Алматы облысының тау етегі жағдайында, май бұршақ егістігіндегі топырақ ылғалдылығы 70-70-70 пайыз болғанда байқалады. Май бұршақтың жапырақ алақандарының көлемі гектарына 50 мың м2 және одан да жоғары болуы дән өнімін арттырмайды, бірақ көк балауса өнімі біршама көбейеді. Май бұршақ суаруға сезімтал дақыл. Ауаның ылғалдылығы біршама жоғары Алматы облысы тау етегі аймағында май бұршақ мол дән өнімін топырақ ылғалдылығы далалық ылғал сиымдылығының 70 пайызы деңгейінде суарылғанда береді.
Май бұршақ егісі берілетін органикалық тыңайтқышқа (көң) сезімтал дақыл. Күздегі сүдігер астына гектарына 20-25 тонна көң енгізу, әсіресе құрамында органикалық заттары аз сұр топырақты жерлерге өте тиімді.
Органикалық тыңайтқыштарды таза немесе суперфосфатпен араластырып беру май бұршақтың балаусасын 14-58 пайыз, дән өнімін 16-27% арттырады. Минералды тыңайтқыштардың май бұршақ тамырындағы түйнек бактерияларының қалыптасып өсуіне және олардың азот қабылдағыш қабілетіне әсері үлкен. Суармалы жерлерде май бұршақ егісіне фосфор-азот тыңайтқышын беру тиімді, өйткені өнімнің артуымен қатар, дән құрамында белок пен майдың мөлшері көбейеді. Май бұршақтан мол дән және балауса алу үшін қолданылатын агротехникалық шаралар ішінде егістің топырағын өңдеу жұмыстарының маңызы үлкен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет