Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер.
Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды сүрлемде егіп өсіру. – Көкшетау, 2007. – 138б.
Сағалбеков У.М., Костиков И.Ф., Әленов Ж.Н. Солтүстік Қазақстанның аз таралған перспективалы дақылдары. – Көкшетау, 2003. – 107б.
Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д., Макаров В.М. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды егіп өсіру ұсыныстары. – Чаглинка, 1998. – 27б
Бақылау сұрақтары
Маңызы және таралуы. Интродукциялау тарихы.
Қоршаган ортаға қоятын талаптары. Жем-шөпке жэне тұқымға осіру технологиясы.
Өсіру агротехникасы.
Практикалық сабақ №2
Тақырыбы: Көпжылдық дәстүрлі емес екпе дақылдар: Сүйір жапырақты сильфия
Дәрістің жоспары:
Шаруашылық маңызы.
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.
Өсіру агротехникасы.
Сүйір жапырақты сильфия (Сильфия пронзеннолистная, Sіlphіumperfolіatum) күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Оның отаны Солтүстік Американың ылғалды аймақтары. Европаға 18 ғасырда әкелініп, ботаникалық бақтарда өсіріле бастады. Бұрынғы Одақ көлемінде сильфия мал азығы ретінде 1957 жылдан Украинада, ботаникалық бақтарда, содан кейін тәжірибе станцтяларында өсіріліп зерттеле бастады. Алғашқы зерттеулердің нәтижесінде бұл өсімдік көпжылдық перспективалы сүрлемдік мал азығы екені анықталды.
Шаруашылық маңызы. Сильфияның өнімінің жоғары, көпжылдық дақыл болуына байланысты жас кезінде көк балаусаға пайдалануға, сүрлемге салуға тиімді. Оның сүрлемін әсіресе сауын сиырлар сүйсініп жейді. Сильфияны ерте орған кезде жақсы алшын беріп әрі қарай тез өсіп көк балаусаға және сүрлемге екінші оруға келеді. Бір жерде он жылға дейін өсіп өнімін төмендетпейді. Құрғақ затында протеиннің (16-23%), көмірсуы, каротиннің, С витаминінің және күл элементтерінің (Са, Р т.б.) жоғары болуымен ерекшеленеді. Көк балаусасының өнімінің көрсеткіші жағынан Вейрих тараны мен жер алмұртына қатарлас. Украинада көк балаусасының өнімі (2 рет орғанда) әр гектардан 960-1200 ц. болды. Белоруссияда-300-750 ц/га шамасында болды.
Қазақстан облысында өсірілген сильфияның әр гектарынан 450-500 ц көк балауса жиналды. Ал сол жерде қатар өсірілген жүгерінің өнімі 290 ц/га болды. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында суармалы жерде өсірліген сильфия гектарынан 1000-1400 ц дейін көк балауса берді.
Себілген жылы сильфияның жапырағының өнімі әр гектардан 300 ц дейін жетеді. Бірақ оны шауып алу тиімсіз, өйткені келесі жылы сильфияның сабақтануы нашарлап өнімі төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |