Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері



бет56/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Вейрих тараны қарақұмық тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Тамыры жақсы дамыған және негізгі бөлігі 0-30 см тереңдікте орналасады. Үш жылдық өсімдіктің орталық тамыры 2 м тереңдікке дейін өседі. Топырақ қабатында өсетін тамырсабақтары вегетативтік әдіспен көбейтетін органдарына жатады. Вейрих таранының орталық тамырының кейбір жағдайларда қысқару қасиеті бар. Сол ерекшелігіне байланысты тамыр мойнына орналасқан бүршіктері суықта үсіп кетпей, сақталып, қайтадан дамып өсуіне бейімделген. Сабағы тік өседі, бұтақтары аз. Сабағының іші қуыс, түйнектері біршама қисайған, түсі ашық-жасыл, көбінесе-қошқыл, биіктігі 150-250 см жетеді. Жапырағы ірі, жалпақ жұмыртқа тәріздес, ұшы үшкірлеу, жоғарғы жағы жылтыр да, төменгі жағы түкті. Ұзындығы 20-25 см. Өсімдіктің жапырақтануы 40%.
Гүлшоғыры - көпгүлді бостау келген күрделі шашақгүл, түсі ақшыл-қызғылт, орталық және жанама сабақтарының жоғарғы жағында орналасқан. Жемісі - ұшқырлы жаңғақ жемісті қоңыр немесе қызғылт түсті, сырты жылтыр. Тұқымы ұсақ. 1000 тұқымының массасы 2-3 г. Вейрих тараны суыққа, қысқа төзімді шөптесін өсімдік. Бірақта осы қасиеттері жағынан аю балдырғанынан төмендеу. Тұқымының өсіп-өнуі +10С басталады да, толық өскіні +8-100С аяқталады. Өскіндері көктемгі –50С суықтан әжептәуір зардап шегеді де –80С толықтай өліп қалады. Және де суыққа оның жас жапырақтары да шыдамайды. Тамыры суыққа төзімді.
Вейрих тараны тұқымыммен және вегетативтік жолмен- тамырсабақтарының бөлшектерімен көбейеді. Тұқымының өнгіштігі 1 жылы жақсы болады да, одан кейін сақтау ұзақтығына байланысты төмендеп кетеді. Танапта себілген тұқым +5-60С жылылықта жақсы өніп-өседі. Алғашқы кезде өскіні нашар өсіп дамиды, содан кейін вегетацияның екінші жартысында тез өсіп, аяғында биіктігі 70-100 см дейін жетеді. Өсімдіктің толық дамып жетілуі үшінші жылы байқалады. Көктемде өсімдік ерте өскін беріп (сәуірдің аяқ шенінде), маусымның орта кезінде жақсы өнім қалыптастырады. Вейрих тараны жазда өсетін топқа кіретін өсімдіктер қатарына жатады. Бірінші жылы оның кейбір өсімдіктері ғана гүлдей бастайды. Екінші жылдан бастап жаппай гүлдеп, тұқым сала бастайды. Гүлдену кезеңі маусым-шілде айларында жүріп, тұқымының пісуі тамыз-қыркүйек айларында өтеді. Яғни оның гүлденуі мен тұқым пісуі ұзаққа созылады. Салқын және жаңбырлы жылдары тұқым салуы төмендейді. Вейрих тараны ылғалды көп керек етеді. Ең жоғарғы өнімі топырақ пен ауаның жеткілікті мөлшерде ылғалды болған жылдары алынады. Көктемде және жаздың алғашқы күндерінде кездесетін аздаған құрғақшылыққа жақсы шыдайды. Алайда осындай жылдары оның көк балаусасының өнімі төмендейді. Өсімдікке алғашқы айларда болатын ұзақ құрғақшылық өте қауіпті, өйткені жаңа өскіндердің тамыры баяу дамып өсімдікті ылғалмен қамтамасыз ете алмайды. Вейрих тараны ылғалдың өте мол болған және уақытша су жайылып тұрып қалған жерлерде нашар өсіп-өнеді. Вейрих тараны жарық сүйгіш өсімдік. Ол бірінші жылы көлеңкелі жерде нашар өседі. Оның өскіні көлеңкеленіп жарық түспеген жағдайда өліп қалуы мүмкін. Келесі жылы таран өсімдігі арам шөптермен жарық үшін күресе отырып, өзіне қолайлы жағдай жасай алады. Бұл дақыл топырақ құнарлылығын жақсы көретін өсімдік. Ол қалыптасқан мәдени егістік жерде, жақсы қопсытылған аздаған батпақты құмдауыт топырақта жақсы өніп-өседі. Бейтарап және аздаған қышқыл, арамшөптерден таза топырақта жақсы өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет