Мал азықтық шалқан. Жасыл жапырақтарының құрамында 0,29-0,39% кальций, 0,056-0,079% фосфор, 100 г шикі затында 2,8-3,6 мг темір, 3,4 мг кобальт кездеседі. Шалқанның жаңа жинаған өнімдерінде аминқышқылдарының барлық топтары бар. 1 кг тамыржемісінде 11-16 мг аргинин, 5-7 мг фенилаланин, 5-7 мг лизин, 5-10 мг изолейцин, 0,9 мг триптофен, 1,4 мг метионин, кейбір кездері гистидин және валин да болады. 1 кг жапырағында 10-13 мг каротин бар. Сонымен қатар шалқанның жапырағы мен тамыржемісінде қыша майының эфирі кездеседі. Соның салдарынан сауын сиырлар оны көбірек жеп қойса сүттің дәмін бұзады. Сүрлемінде қыша майының құрамы 60% дейін төмендейді.
Мал азықтық шалқан тез пісетіндігімен және жоғары өнім беруімен ерекшеленеді. Оны малазықтық тамыржемістілердің ішінде көбірек өсіреді. Ресейдің мал азықтық ҒЗИ (бұрынғы В.Р.Вильямс атындағы ВНИИК) мәліметтері бойынша Москва облысының кейбір шаруашылықтарында мал азықтық шалқанның әр гектарынан 700-1000 ц дейін тамыржемісінің өнімі алынған. Пәлегінің өнімі 150-300 ц/га дейін. Қазақстанда мал азықтық шалқанды тез пісуіне байланысты барлық аймақтарда өсіруге болады. Көбінесе оны солтүстік облыстарда және таулы аймақтарда өсіру тиімді.
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық шалқан себілген жылы тамыр мойнында ірі жапырақтар, көлемі және пішіні жағынан әртүрлі болып келетін тамыржемістерін түзеді. Көктемі салқын және ылғалды ұзаққа созылған жылдары кейбір өсімдіктері «жалған» гүл салып шалқанның өнімін төмендетеді.
Тамыр жүйесі негізінен 60-80 см тереңдікте орналасады, кейбір тамырлары 150-160 см тереңдікке бойлап өседі. Тамыржемісінің пішіні домалақ, домалақ-конус және конус тәрізді. Көпшілік сорттарының жеміс еті ақ, тек кейбіреулерінің ғана сары түсті келеді.
Жапырағы қарапайым бөлшектенген шеті бүтін, немесе тісті тұтастары аз кездеседі, түкті, жоғары көтерілген немесе жартылай көтерілген жинақталған жертаған. 4-6 жапырақ түзген кезеңінен бастап тамыржемісі өсе бастайды. Екінші жылы тамыржемісінен жақсы бұтақтанған жапырақтанған, биіктігі 80-150 см дейін жететін жеміс салатын өркендері өседі. Шалқанның тұқымы +2-30С өне бастайды. Өскіндері көктемгі -3-40С дейінгі, ал ересек өсімдігі -70С дейінгі суыққа шыдайды. Гүлшоғыры – дәнжарнақ, гүлінін күлтелері сарғыш-жасыл немесе сарғыш-қызғылт түсті. Жемісі – ұзынша бұршаққын. Тұқымы сопақша-домалақ, ұсақ (тарнаның тұқымынан ұсақтау), түсі қоңыр. 1000 тұқымының салмағы 1,7-2,7 г. Мал азықтық шалқан тарнаға қарағанда суыққа төзімді. 12-180С жылылықта жоғары өнім түзеді. Тамыржемісі күзгі үсіктен зиян шегеді. Бірінші жылы вегетация кезеңінің ұзақтығы 110-120 күн, екінші жылы – жемісін отырғызғаннан тұқымы піскенге дейін 75-95 күн. Мал азықтық шалқан құнарлы, ылғалы орташа және жеңіл құмбалшықты, аздаған қышқыл (рН-6-6,5) топырақтарда жақсы өсіп мол өнім қалыптастырады. Және де оны құрғатылған батпақты жерде өсіруге болады. Азот, фосфор, калий тыңайтқыштары және кальций, цинк, кобальт бор және т.б. микротыңайтқыштары шалқанның өнімін жоғарылатады. Мал азықтық шалқанның шаруашылықта Эсти Наэрис, Московский, Волынский ранний круглый, Скороспелый ВИК сорттары өсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |