Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет82/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Өсіру агротехникасы. Мал азықтық қырыққабатты мал азықтық ауыспалы егісте орналастырады. Оның биологиялық ерекшелігіне байланысты ылғалды, төмен орналасқан танаптарда себеді. Оған жақсы алғы дақылдар: астық, дәнді бұршақ дақылдары, көп жылдық шөптердің қыртысы, картоп.
Мал азықтық қырыққабат арамшөптерден тазарған, топырақ беті жақсы дайындалып тегістелген танапқа себіледі. Ол үшін негізгі топырақ дайындау жұмысы алғы дақылды жинап алғаннан кейін танапты жақсылап қопсытып, сүдігер жыртудан басталады. Сүдігер жыртудың алдында танапқа гектарына 30-40 тн көң шашады. Танапты ерте көктемде тырмалайды. Егер арамшөптер көп қаптап кеткен жағдайда көктемде тайыздау (15 см) жыртады немесе тереңдетіп (10-12 см) культивация жібереді. Осы технологиялық жұмыс кезінде танапқа үстеп толық минерал тыңайтқышын (N30-45P60K60 кг/га ә.з.) берген тиімді. Тұқым себер алдында танапқа сақина тығыздағыштар жіберіп тегістеп, тығыздайды.
Тұқымды себуге дайындау жауапты жұмыс. Себер алдында тұқымды ауру қоздырғыштарға, зиянкестерге қарсы дәрілейді. Мал азықтық қырыққабат көпке дейін көшетімен көбейтіліп келді. Бұл үшін көп шығын және қолдың күші керек болды. Соңғы уақытта Бүкілодақтық мал азықтық ғылыми-зерттеу институтының (ВИК) тәжірибесі көрсеткендей қырықабатты тұқымымен көбейтуге тиімді болатыны белгілі болды.
Тұқымды көкөніс сепкіштермен (СОН-2,8 А, СКОН – 4,2), кең қатарлап (60-70 см) себеді. Себу мөлшері гектарына 1,5 – 3,0 кг. Себу тереңдігі 1,5 – 2,0 см. Сепкеннен кейін танапты тағы тығыздайды. Себу мерзімі ерте себілетін астық дақылдарының мерзіміне сәкес келеді. Содан кейін танапты күтіп-баптау жұмысы басталады. Сепкеннен кейін тұқым өніп шыққанша танапқа көлденеңдетіп жеңіл тырмалар жүргізіледі. Сөйтіп жаңа шығып келе жатқан арамшөптермен күреседі және топырақ бетіндегі қабыршақтарды жойып, ылғалдың буланып ұшып кетуін тежейді.
Тұқым жарнағынан алғашқы жапырақтар шыққан соң бірінші культивация жіберіледі (4-5 см тереңдікте). Содан 6-8 күннен кейін екінші культивация жіберіледі (8-10 см тереңдікте). Вегетация кезінде кем дегенде 4 рет культивация жіберіледі. Қатараралығын культивациялаудың мақсаты арамшөптерді жою, топырақты қопсыту, ылғал сіңіруін жоғарылату. Соңғы культивацияны өсімдік түбін көмумен аяқтайды.
Өсімдік екі-үш нағыз жапырақ түзгеннен кейін егістікке көлденең культивация жіберіп, шоқтау немесе топтау (букетировка) жұмыстары жүргізіледі. Шоқтау көлемі 20-25 см. Бұл жұмысты қолмен де жүргізеді. Әр ұяда екі-үш өсімдік қалдырады. Вегетация кезінде егістікті екі реттей үстеп қоректендіреді. Ауа-райының құрғақ кезінде қырыққабатты бірнеше рет суғарады. Суару мөлшері гектарына – 150-400 м3. Вегетация кезіндегі суландыру мөлшері гектарына 2000-2500 м3 шамасында.
Мал азықтық қырыққабатты күзден бастап алғашқы қар түскенге дейін жинайды. Көк балаусасымен мал азықтандырады, сүрлемге салады, не болмаса ферма жанына жинап, үйіп, бетін қармен қалың жауып қояды. Үйіндінің үсті қатып қалғанымен, астыңғы жағы көктей жақсы сақталады. Оны жеке дара да, не болмаса басқа сүрлемдік дақылдармен араластырып та сүрлемге салуға болады. Сүрлемге салған кезде одан көп шырын бөлініп шығуына байланысты оны сабан кесінділерімен араластырып салған тиімді.
Қырыққабатты көшетімен отырғызғанда, тұқымын 30-40 күн бұрын көшет өсіретін жерде, немесе жақсы дайындалған ашық топырақта өсіреді. Танапқа үш-төрт жапырақты көшетті қатар аралығын 60-70 см, көшет арасын – 35-40 см етіп ерте астық тұқымдасты себу кезінде отырғызады. Көшет отырғызар алдында және одан кейін танапты жақсылап суарады. Көшетпен отырғызылған танапты жазғы күтіп-баптау жұмыстары тұқымымен сепкен танапқа ұқсас. Қырыққабатты сүрлем жинайтын комбаиндармен жинайды. Күзгі ору жұмыстарын бірінші үсік түскенше жүргізуге болады. Тұқымдықты ерте көктемде жыртындының астына ұялап (70х70 см немесе 70х60 см) отырғызады. Аналық сабақтарды бірінші жылдыққа қарағанда тереңдеу отырғызады. Содан кейін күтіп, баптау жұмыстары жүргізіледі (үстеп қоректендіру, суару, қопсыту т.б.). Тұқымын іріктеп екі-үш ретке дейін жинайды. Бұршаққын бар бұтақтарын жинап, кептіреді. Содан кейін комбаинмен не болмаса арнайы молотилкамен бастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет