Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет85/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Мал азықтық қарбыз. Шаруашылық маңызы және таралуы. Қарбыз (Cіtrullus) асқабақ тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Қарбыздың отаны – Африкадағы Калахари және Набиб шөлдері. Басқа бақша дақылдары секілді қарбызды жас күйінде мал азығына және сүрлемге пайдаланады. 100 кг жемісінде 10-12 а.ө. және 0,3 кг қорытылатын протеин бар. Қарбыздың жемісінде жеңіл қорытылатын қант көптеп кездеседі. Оның негізін фруктоза құрады, глюкоза мен сахароза онша көп болмайды. Мал азықтық қарбыздың құрамында 0,36-0,75% пектин (жемісінің сақталуын жоғарылататын), С1А1В1Д витаминдері, фолиев қышқылы және темір кездеседі. Мал азықтық қарбызбен азықтанған қара малдың, шошқалардың өнімі мен оның сапасы көтеріледі.
Қазақстанда мал азықтық қарбызды барлық аймақтарда өсіруге болады. Бірақта оңтүстік аймақтарда жақсы өнім береді. Суармалы жерлерде әр гектардан жемісінің өнімі 200-400 ц дейін жетеді.
Биологиялық ерекшеліктері. Қарбыздың шаруашылықта екі түрі өсіріледі: асханалық қарбыз (C. edulіs) және мал азықтық қарбыз (C. colocynthoіdes).
Тамыры – кіндіктамырлы, 2-3 тереңдікке бойлайды. Одан көптеген (15-22) жанама тамырлар жойылып тарайды.
Сабағы жерге төселіп өседі, бірінші және екінші реттегі бұтақтардан тұрады. Жапырақтары ұзын сағақты, өте тілімделген, күннің көзіне қызып кетуден қорғайтын қою түк басқан.
Қарбыз бір үйлі, дара жынысты өсімдік. Жылуға өте жоғары талап қояды. Тұқымы топырақ себу қабаты +14-160С өне бастайды. өскіндері 8-10 тәулік аралығында пайда болады. Толық өскін шыққаннан 30-40 тәулік өткесін аталық, одан кейін аналық гүлі ашылады. Алғашқы жемістері сортына және өсу жағдайларына қарай тозаңданғаннан 35-48 тәулік өткесін пісе бастайды. Түйнекжемістері күзгі суық түскенше байлана береді, бірақ олар пісіп үлгермейді. Қарбыздың өсіп-дамуына ең қолайлы температура +26-280С. Қарбыз жарық сүйгіш өсімдік, сол себепті оның жоғары өнімі күн сәулесі мол аймақтарда алынады. Қарбыздың мал азықтық түрі құрғақшылыққа айтарлықтай төзімді, транспирациялық коэффициенті 550-600 тең. Ол жеңіл құмдақ, қара-қоңыр топырақта жақсы өнім береді. Қарбыз фосфор тыңайтқыштарын береді. Қазіргі кезде мал азықтық қарбыздың мынадай сорттары өсіріледі: Дисхим, Богарный 112, Бродский 37-42, Пектинный т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет