Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет84/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Биологиялық ерекшеліктері. Асқабақтың үш түрі тараған: мал азықтық іріжемісті (C.maxіma), мускатты асханалық (C.mochate L.) және кәдімгі қатты қабықты (C.pepo L.). мал азығына алдынғы екі түрі өсіріледі.
Тамыры кіндікті, жақсы дамыған, топырақтың 2-3 м тереңдігіне дейін өседі. Жанама тамырлары күшті дамыған, көбінесе жырту қабатында орналасады. Асқабақтың өздеріне тән ерекшеліктері: тамырларында көптеген шашақшалары болуында және соның көмегімен топырақтан қоректік заттарды, суды қарқынды сіңіреді. Сабағы жерге төселіп өседі, ұзынсабақтылары 15 м дейін. Орталық сабақтарынан 1ші; 2ші және одан кейінгі бұтақтары тарайды. Іріжемісті асқабақтың сабағы цилиндр тәрізді, кәдімгі асқабақтыкі қырлы келеді. Жапырағы қарапайым, сағақты, түкті, іріжемістілерінде шетінде ойықтар болады, кәдімгі асқабақтыкі бесқалақты келеді. Жапырақтар қойнында бұтақша мұртшалары болады және олардың басқа өсімдіктерге жабысуы арқылы сабақтың беріктігін сақтайды. Асқабақтың бір өсімдігінің жапырақ алақаны 32 м2 дейін жетеді.
Асқабақ бірүйлі, дара жынысты өсімдік. Гүлі жеке-дара ірі күлтелі, бесжапырақты. Жемісі – көптұқымды қабықты шырынды. Ірі жемісті және кәдімгі асқабақтың жемісі домалақ, түсі боз және сары-қызғылт, шырыны сары немесе қызылдау-сары, массасы 10 нан 30 кг дейін. Жемісінің ішкі қуыс жолдарында тұқым салынады. 1000 тұқымның салмағы 180-210 г.
Асқабақ – жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымы топырақтың тұқым сіңіру қабаты +12-130С өне бастайды, оптималды температура +33-350С. ең жақсы өсіп-даму температурасы 20-250С тең. Көктемгі бозқырауға өте сезімтал, -10С төмендегенде асқабақ қатты зақымданады.
Асқабақ ыстыққа біршама төзімді, қарбызға қарағанда салқынды жақсы көтереді. Асқабақтың транспирациялық коэффициенті 750-800 тең, бірақта осыған қарамастан ол құрғақшылыққа төзімді келед, ксерофитті өсімдіктерге жатады. Өйткені асқабақтың тамыр жүйесінің жер бетіне жайыла орналасуына байланысты суды сіңіру қаблеті жоғары болып келеді. Асқабақ саздақ топырақтарда жақсы өнім береді.
Өсіру агротехникасы. Асқабақ ең жақсы алғы дақылдар тың және тыңайған жерлер, көпжылдық шөптердің қыртысы, күздік астық және бұршақ тұқымдас дәнді дақылдар. Күзде негізгі топырақ өңдеу алдында танапқа толық минерал тыңайтқышын (N60Р60К30-40 кг/га ә.з.) не болмаса органикалық тыңайтқыштар (20-30т/га көң) шашады. Тұқым сепкен мерзімде және өсімдіктер гүлдеген кезінде үстеп қоректендіреді (N30Р40кг/га ә.е.з.). көктемде танапты тырмалайды және тұқым себер алдында 1-2 рет қопсытады (культивациялайды). Танап арамшөптерден неғұрлым таза болса, соғұрлым асқабақтың өскіндері біркелкі жақсы қалыптасады.
Себер алдында тұқымды +30-350С жылылықта 3-5 тәулік қыздырады, жылы суда бөрттіреді (20-30 мин). Мұндай тұқымдар 8-10 күннен кейін көктеп шығады. Тұқымды топырақ қабаты (5-10 см) +120С жылығанда жүгері сепкіштерімен ленталы әдіспен себеді (1,4-2,1м х 0,7-1,4м). Себу мөлшері 3-5 кг/га өнгіш тұқым. Танапты жазда күтіп-баптау жұмыстарына мыналар жатады: көктегенге дейін тырмаланады, қатараралықтары өңделеді (1ші-12-15 см, 2ші-3ші-8-10 см тереңдікте жүргізіледі). Суармалы егістіктерде өсіру тиімді. Вегетациялық кезеңде егістіктің орналасу жағдайына, аймағына қарай 3-8 рет (500-700м3/га) суарылады: 1ші көктегеннен 17-20 күннен соң, келесілері әрбір 10-15 күн сайын. Асқабақты күзгі бозқырау түсердің алдында бір-ақ рет жинайды және жемістері +2-50С жылылықтағы қоймаларда бүлінбей ұзақ сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет