Сабақтың мақсаты:оқушылар тәжірибе арқылы судың кермектігін анықтайды және онын жою әдістерімен танысады.
Күтілетін нәтижелер 1.Судың кермектігі ұғымымен танысады. 2.кермектіктің пайда болуы себептері мен оны кетірудің иондық механизімін түсінеді. 3.суды жұмсартудың негізгі әдіс-тәсілдерін біледі. 4 Қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлығын үнемді пайдалануға дағдыланады. 5. Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары мен кальцийдің биологиялық рөлі жайлы мағлұмат алады.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданатын әдістер: Блум таксономиясына сәйкес деңгейлі тапсырмалар беру, диалогтық оқыту: сұрақ қою техникалары, жоғары санатты сұрақтар қою, зертханалық эксперимент, баяндау.
Жауаптар:1с; 2в; 3а; 4д; 5б; 6е; Өзіндік жұмыс (бір оқушы алдын ала дайындалған)
Қосымша ақпараттар:Табиғатта үздіксіз жүріп жататын кальций және магний қосылыстарының бір- біріне айналулары судың кермектігін түсінуге мүмкіндік береді. Табиғи суда еріген гипс, магний гидрокобонаты, кальций гидрокорбонаты суға кермектік қасиет береді. Кермек суда сабын нашар көпіреді. Себебі, судағы кальций және магний иондары сабынның құрамындағы органикалық қышқылдың қалдығымен ерімейтін тұз түзеді. Сондықтан кермек суда кір жуғанда сабынның бір бөлігі кальций және магний иондарын тұнбаға түсіруге жұмсалады. Кермек судың басқа да зияны бар, өнеркәсіпте суды көп мөлшерде қайнататын бу қазандарында қақ тұрып, отын артық шығындалады. Кермек су дәрі- дәрмек әзірлеуге жарамайды, матаны бояуға кедергі жасайды.
Кермек суда тағам нашар піседі, себебі Са 2+катиондары тағамдағы ақуыздармен ерімейтін қосылыстар түзеді. Мұндай суда шай және кофе нашар шығады. Кермек суды көп пайдаланудан адамның асқазаны ауырып, организмге тұз жиналуы мүмкін.Құрамында Ca 2+, Mg иондары бар су кермек су деп аталады.
Техникада көп мөлшердегі суды қайнату тым қымбатқа түседі. Сондықтан суды жұмсарту үшін әк сүтін пайдаланады: Са(НСО3)2+Са (ОН)2=2СаСО3 + 2 Н 2О /реакция теңдеуінің жалғасын оқушыларға жазғызу/
Тұрақты кермектікті химиялық әдіспен кетіреді. Мысалы, соданың көмегімен: СаSO4+Na 2CO3 = CaCO3+Na 2SO4 /реакция теңдеуінің жалғасын оқушыларға жазғызу/
Жаңа сабақ:
Мұғалімнің сөзі:Дәптерге бүгінгі сабақтың тақырыбын жазамыз. Балалар, сіздерге үстелге шағын тәжірибе орындауға құралдар тұр. Тапсырма:әр сынауыққа сабын үгінділерін салып,шыны таяқшымен араластыру керек.Тәжірибе нәтижесінде не көрдің,не бақыладың?Нені байқадыңдар?
Тәжірибе: төрт топқа штативта үш сынауықтар ,шыны таяқша,кір сабын үгінділері беріледі.
№1-ші сынауықта қайнатылған ауыз суы.
№2-ші сынауықта тазартылған ауыз су (скважина)
№3- ш сынауықта ерітілген қар суы.
Оқушылар топтарда талқылау жүргізеді.Сынауықтарда құрамы және сапа жағынан әр түрлі су бар екені көреді.Әр топ спикерлері өз жауаптарын айтады.Барлық топтар ортақ нәтижеге келеді.
Мұғалімнің сөзі: Судың құрамы бірдей емес екені біздің көзіміз жетті.Келесі сабаққа 1 топ :Адам ағзасына кермек судың зияны. (Шағын баяндама)
2 топ: Үй жағдайында шағын зерттеу өткізу.(Су кермектігі туралы)
3топ: Суды қалай үнемдеуге болады (Шағын есеп-қисап)