Сабақ жоспары Жапенова Бақытжан Серикбаевна №17 жбб орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Дата18.05.2017
өлшемі76,52 Kb.
#16297
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Жапенова Бақытжан Серикбаевна №17 ЖББ орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пәні: қазақ тілі

Күні:

Сыныбы: 7а (орыс тілді мектеп)

Сабақтың тақырыбы:

Абай оқуларына қатысамыз (1 сағаты)

Сілтеме:

Интернет желісі

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек біледі.Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Тақырып бойынша оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру.

Күтілетін нәтиже:

Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады. Сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауды үйренеді, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға талпынады.

Сабақтың түрі:

Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, орыс тілі, музыка

Қолданатын әдістер:

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолданамын: қызығушылығын ояту мағынаны ашу, "«Жоба қорғау технологиясы», АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту. Дарынды және талантты балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын.

Керекті жабдықтар:

Интербелсенді тақта,кеспеқағаздар, ватман,стикер,маркер т.б.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Уақыты


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе


2мин.

4мин.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу (Оқушыларға, бір-біріне тілек айтқызу)

Қане, достар тұрайық

Шеңберімізді құрайық,

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық!

Ынтымақтастық атмосферасын құру



  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар, мен сендерге өткен сабақта Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдері жайлы жазған өлеңдеріне талдау жасап келуді өтінген болатынмын, яғни шағын жоба қорғау керек болатынсыңдар. Дайын топ шығып жобаларыңды ортаға салыңдар, ал келесі топ қарсы топтың жұмысын «Бас бармақ» арқылы бағалайсыңдар.

Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер.

Сабақта белсенді, тәртіпті болу, кезектесіп сөйлеу, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындау сияқты қағидаларды еске түсіріп отырады.

Екі топ бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, «бас бармақ» арқылы бағалайды.


Тұсаукесер


2мин.

Оқушыларды топқа бөлу

І топ Абайдың «Қыс» өлеңімен топтасады.

ІІ топ Абайдың өлеңдерінің тақырыптары арқылы топтасады.

-Балалар айтыңдаршы, біз сабағымызды кім жайлы айтып бастадық?

-Дұрыс айтасыңдар. Біз бүгін, Абай туралы әңгімелесеміз, Абайдың өмірі мен шығараларына тоқталамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Абай оқуларына қатысамыз»

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жазып қойыңдар.



Оқушылар топтасып, өз үстелдерінің басына барып отырады.

Негізгі бөлім:

5мин.

Абай қараторы, екі көзі тостағандай, кең маңдайлы, орта бойлы болыпты. Мінезі жағынан ширақ, аса ұғымтал, бір көргенін ұмытпайтын зерек болған. Қазақ жерінің құтты мекені, қасиетті аймақ саналатын Семей облысының, Шыңғыс тауының етегінде 1845 жылдың тамыз айында дүниеге келеген. Абайдың азан шақырып қойған негізгі есімі- Ибраһим. Текті тұқымның отбасында өскен Абай, әйгілі Өскенбай би мен ақылды да, дара, дана, қарт әже Зеренің тәрбиесін көрген. Оқып- тоқып білім алсын деген әкесі Құнанбай мен шешесі Ұлжанда мінезге бай, халқына аса сыйлы адамдар болған. Міне, Абай сондықтанда Абай! Абай, Абай емес, ұлы, кемеңгер, данышпан Абай!

Абай- ұлы ақын

Абай- аудармашы

Абай- сазгер, әнші, күйші

Абай- этнограф, философ

Абай- жазушы, заңгер

Сондықтан да ұлы жазушы М.Әуезов Абайды «Қазақтың классигі, қазақ әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күншуақты асқар биігі», -деп айтқан


Мұғалімді тыңдау

Түсіну

8мин.

Мақсаты: Оқушылардың ақын өміріне, шығармашылығына деген қызығушылықтарын тексеру.

Қане балалар, Абайдың, Абай екенін дәлелдейік. Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне, әндеріне жол берейік.



Оқушылар жатқа, мәнерлеп оқиды

Қолдану

7мин

Мақсаты: Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Абай Құнанбаевтың отыз бірінші қара сөзін оқу, талдау, аудару, сөздік жұмысын жүргізу.


Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде, ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы – күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Таныс емес сөздермен жұмыс

(Жаңа сөздерді жекелей оқу, жұптасып оқу)

әуелі – сначала

көкірегі байлаулы – уметь добиваться своего

ғибратлану – интересоваться

ынтамен ұғу – понимать

көңілге бекіту – запомнить

қашық болу – избегать

уайымсыз салғырттық – равнодушие

қайғыға салыну – горевать



Оқушылар мәтіннен қысқаша мәліметтер жазып алады.

Талдау

6мин.

Грамматикалық жаттығу

Мәтіннен сан есімдерді табу, сан есімнің түрін ажырату.



Төртінші сөзіне сатылай талдау жасау
Бұл сөз екі құрамнан тұр: төрт+інші
1. Тұлғасына қарай туынды, төрт – негізгі түбір, (інші) жұрнағы жалғану арқылы жасалған
2. Құрылысына қарай дара, себебі бір ғана түбірден тұр
3. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар
4. Лексикалық мағынасы – заттың саналу ретін білдіреді
5. Грамматикалық мағынасы – сан есім
6. Нешінші? деген сұраққа жауап береді
7. Мағынасына қарай реттік сан есім


Сөйлем мүшесіне талдау

Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.


Кеспеқағаз тарату

1. Абай Құнанбаев 1845...........................

2. Ол қазақ халқының...............................

3. Ол сазгер,...............................................

4. Ақын өлеңді...........................................

5. Ол Пушкиннің, Лермонтовтың............

1. Великий поэт учился в религиозной школе.

2. Его воспитывали бабушка Зере и его мама Улжан.

3.Он основоположник казахской письменной литературы.

4. Он написал такие произведения, как «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Татьянаның хаты».

5. Его слова назидания были написаны 1890 – 1898 годах.

Тақтада орындалған жаттығуларды дәптерлеріне жазады



Сергіту

2мин.

«Нөсер» жаттығуы

Жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату. Оқушылар шеңбер құрып, дене қимылдарын жасайды.

Жинақтау

4мин.

Мақсаты: Сын тұрғыдан ойлануға, топпен жұмыс жасап, ынтымақта болу.

Абайды бәйтерекке теңеу. (Логикалық тапсырма)



Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды. Топтағы бір оқушы қорғайды.

Қорытынды

Рефлексия

3мин.

Не білдім?

Не ұнады?

Мұғалімге ұсыныс...

Қорытынды сөз. Балалар бүгін сендер Абай өміріне, шығармашылығына азда болса зерттеу жүргіздіңдер. Абайды оқыған ұрпақ қалың елінің қамын жейтін нағыз патриот азамат, Абайды оқымаған қазақ қазақ емес. Абай өлеңдерінің, шығармаларының өз өмірлеріңе үлгі алатын тәрбиелік мәні жоғары, құнды туындылар.

Абайдың дүниеден кеткеніне 170 жыл уақыт болса да, оның көптеген айтып кеткен ойлары әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ және маңызды, қазіргі уақыт талабы мен талғамымен үндес.



Бүгінгі сабағымды Абайдың мына өлең жолдарымен қорытындылағым келеді.
Кең дәурен, қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз.

Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз...

Стикерге өз ойларын жазып, «Даналық» ағашына іледі.

Үйге тапсырма:

1мин.

Абай Құнанбаевтың «Отыз бірінші» қара сөзін жаттау. Екінші сөзіне сатылай талдау жасау.

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

1мин.

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды

Күнделікке бағаларын қойып беру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет