Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Дәстүрлі емес ксерофит топты дақылдар



бет90/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Дәстүрлі емес ксерофит топты дақылдар



  1. Морфологиялық белгілері бойынша изен, терескен, сораң және т.б. оқып үйрену және ажырата білу.

  2. Жем-шөпке жэне тұқымға өсіру технологиясы.



Изень (Прутняк, Cochia prostrala) Теріскен. Изень көпжылдық алабота тұқымдастарына жататын жартылай бұташықтарға жатады. Ол республиканың құрғақ аймағы және Қазақстанның жайылымдық өсімдіктерінің ең сапалысының бірі. Изень көбінесе құмды сілемдерде кездеседі, бұталармен, жартылай бұталармен, астық тұқымдастарымен аралас шөлді, шөлейтті және далалық аймақтарда өседі.
Бұл өсімдіктің негізгі үш экотүрі болады: құмдық изень-құмдақ және құмды топырақтарда өсіп-өнеді; саздақ изень-сазды және сортаңды топырақтарда, даланың таулы аймақтарында өседі; тасты изень - (аралықты) аласа таулы жердегі тасты топырақтарда кездеседі. Осы экотүрлерін қосып бір түрге ғана жатқызады.
Сабағының биіктігі 10-нан 75 см дейін болады, ал кейбір жақсы жылдары 1 метрге дейін жетеді. Сабақтары көтеріңкі немесе тіке өседі, түптілігі әртүрлі дәрежеде. Жыныстық сабақтары көп. Жапырақтары мол және ұсақ жалпақ, топты немесе жартылай шұңғыл, кейде жіп тәріздес-түкті, ұзындығы 0,05-0,8 см, ені 0,5-2,0 мм.
Гүл шоғыры масақ немесе шашақ тәріздес, гүлдік түйнектері алшақ, көп бөлігінде 3-5 данадан гүл жапырағы жиналған. Гүл серігі үлпілдек, жалпақ төбешіктер тәрізді, немесе ұзыншалау, жұқа қабықты , түп жағына қарай жіңішкереді. Ұрығы (тұқымы) домалақша сопақ, немесе дөңгелек келеді, шеңбері 2 мм шамасында. Түсі қызыл-қоңыр, ортасы екі жағына бытыраңқы. 1000 тұқымының салмағы 0,08-1,2 г шамасында (30-шы сурет).
Изеннің экотүрлерінің негізгі айырмашылығы мынада: сазды изен тік өседі және аздап шашыраңқы пішінді, өсімдік өркендері аздау, сарғыш-қызыл түсті болып келеді. Сабақтары осалдау, жапырақтары ұсақ, ені 1 мм шамасында. Тұқым өнімділігі жоғары.Құмдық изень бұталары жартылай жатыңқы өсімдік, өркендері көп, түсі жасыл-сарғыш, жапырақтануы жақсы, жапырағының ені 1,4-1,6 мм, түктілігі жоғары. Тұқым өнімділігі төмен.
Тасты изень тік өседі және аздап жайылыңқы пішінді бұталары көп. Өркендері көп болмайды. Сабақтары қызыл-сары, сарғыш қызыл реңдері көк. Жапырақтануы нашар, аздаған түкті . жапырағы ұсақ, ені 1,0-1,2 мм шамасында. Тұқым өнімділігі жақсы.
Изень 20-шы ғасырдың 30-шы жылдарында жерсіндіріліп мәдени дақыл ретінде шаруашылықта өсіріле бастады. Бірақ оның алғашқы сорттары тек 70-ші жылдары ғана Өзбекстанда, Қырғызстанда және Қазақстанда пайда бола бастады.



1-шы сурет. Изень

Изеннің бағалы биологиялық қасиеті оның құрғақшылыққа және ыстыққа, аязға төзімділігі. Оның тамыры топыраққа 2,5-3,5 м., кейде 6 м тереңдікке дейін кетеді, жақсы дамыған бүйірлік тармақтарының көлденең тамырлары 1 м, одан әрі тереңдікке тарайды. Изеннің құрғақшылыққа төзімділігі жапырақ бетінің құрылысының ерекшелігіне байланысты. Ол қар аз жылдары және қыстың аяздарында- 400С дейінгі аязға шыдайды, бірақ ерте көктемдегі қатқаққа өте сезімтал.


Изеннің өсіп-жетілуінің өте ұзақ болуына (180-200 күн) байланысты, ол Қазақстанның шөлді, шөлейтті және далалық құрғақ аймақтарында жаздық-күздік және қыстық жайылымдар құру үшін өте бағалы өсімдік болып саналады. Ол көктемде өте баяу өсіп, көк балауса бере қоймайды. Изень жайылымын бірқалыпты тиімді пайдаланғанда өз-өзінен себілу есебімен 15 жылға дейін пайдалануға болады. Изень барлық малдар үшін өте бағалы жайылымдық өсімдік. Ал қойлар үшін оны семіртетін жайылымдық. Оның өнімділігі табиғи жайылымдарда гектарына 1,0-4,0 дейін, шөлді, шөлейтті жерлерде құрғақ шөбінің өнімі 7-20 ц дейін жетеді.
Изеннің жайылымдық көк балаусасы да пішені де өте сапалы мал азығы. Изенді екпе жайылымдарда күйреуікпен және теріскенмен араластырып сепкенде әр гектардан алынатын өнімі көбейеді де, сапасы жоғарылайды. Изеннің жайылымдық өсімдік ретінде келешегі мол. Қазіргі кезде республикада изеннің екі сорты шығарылған. Олар: Алматылық құмдық, Задарьялық. Келешекте изеннің әр экологиялық ортаға бейімделген сорттары мен будандарын шығару ғылымның алдында тұрған міндеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет