Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер.
Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды сүрлемде егіп өсіру. – Көкшетау, 2017ж.
Сағалбеков У.М., Костиков И.Ф., Әленов Ж.Н. Солтүстік Қазақстанның аз таралған перспективалы дақылдары. – Көкшетау, 2013ж.
Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д., Макаров В.М. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды егіп өсіру ұсыныстары. – Чаглинка, 2008ж.
Бақылау сұрақтары
Ноқаттың мал азығына пайдалану келешегін сипаттаңыз?
Ноқат пен ноғатықта қанша белок мөлшері бар?
Дәнді бұршақ дақылдарының пішенінде қанша азықтық өлшем (а.ө.) болады?
Мүйізді лотусты мал азығына қандай аймақтарда өсіруге болады?
Қазақстанда шығарылған дәнді бұршақ дақылдарының сорттарын атаңыз?
Дәріс №21-22
Тақырыбы: Әдеттен тыс мал азықтық сүрлем дақылдар. Аю балдырғаны
Дәрістің жоспары:
Маңызы және таралуы. Интродукциялау тарихы.
Қоршаган ортаға қоятын талаптары. Жем-шөпке және тұқымға өсіру технологиясы.
Өсіру агротехникасы.
Маңызы және таралуы. Интродукциялау тарихы. Аю балдырғаны (Боршевик Сосновского, Heracleum, sosnowskyі Manden) туралы мағлұматтар өте ерте заманан басталады. Көпшілік елдерде оны халық медицинасында қолдана білген. Құрамындағы биологиялық белсенді қосылыстардың және оның ішінде кумариннің, эфир майларының көп кездесуі аю балдырғанының емдік қасиетін жоғарылата түсті. Аю балдырғанында кездесетін фурокумарин мен эфир майларының тағы бір өте пайдалы қасиеті - олардың топырақтың микрофлорасын тазалап жақсартуында. Аю балдырғанын ерте заманнан тамаққа да пайдаланған. Әсіресе оның бұл қасиеті Кавказда 2-3 мың жыл бұрын белгілі болған. Одан көк күйінде-салат жасап және тұздап тамаққа пайдаланған. Сібірде оның өсімдігінен спирт және қант алған. Аю балдырғанының кейбір түрлерінен кілем басуға әртүрлі бояулар алынған. Аю балдырғаны және де өте құнды бал жинайтын өсімдік. Оның әр гектарынан 300-400 кг бал жинауға болады. Шет елдерде аю балдырғанының кейбір түрлерін сәндік өсімдік ретінде өсіреді (Мантегация түрі). Бірақта аю балдырғанының ең негізгі орны оның мал азықтық маңыздылығы. Табиғатта оның кейбір түрлерін көпшілік жануарлар (үй және жабайы) сүйсініп қоректенетіні анықталған. Бұрынғы Одақ көлемінде аю балдырғанының 37 түршелері, Қазақстанда 2 түршесі кездеседі. Осы түршелерінің мал азықтық маңыздылығы жағынан ерекшеленіп зерттелген Сосновский аю балдырғаны мен Леман аю балдырғаны.
Сосновский аю балдырғаны табиғатта Кавказдың орталық және шығыс аймақтарында, Дағыстанда және Солтүстік Кавказдың таулы аймағында кездеседі. Оны жерсіндіру және мал азығына өсірудің ғылыми-зерттеу жұмыстары Россияның Мурманск және Ленинград облыстарында 1947 жылдан жүргізіле бастады. Содан кейін оны Украинада, Белоруссияда өсіріп зерттеді. Қазақстанға Сосновкий аю балдырғаны 1960 жылдан бастап әкелініп ауылшаруашылық институтының және Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе танаптарында зерттеліп өсіріле бастады (В.Н.Лукашов и др., 1990).
Сосновский аю балдырғаны жаз кезінде сүрлемге салуға қолайлы, жоғары өнімді мал азықтық өсімдік. Оның құрамында көмірсуының көп болуына байланысты жақсы сүрленеді. Оның аздап жел қаққан көк балаусасын қара мал, шошқа және құстар жақсы жейді. Аю балдырғанын таза өзін, не болмаса оны қиын сүрленетін өсімдіктермен қосып сүрлемге салады. Оның сүрлемінің дәмдік сапасы жоғары. Сауын сиырлар оған үйреніп алғасын сүйсініп жеп сүті көбейіп және оның құрамында майдың, белоктің, каротиннің, аскорбин қышқылының, В12 витаминнің мөлшері көтеріледі. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында аю балдырғанын майбұршақтың сабанымен қосып та сүрлемге салады. Майбұршақтың сабанында белоктің мөлшері жоғары болғандықтан сүрлемнің сапасы көтеріледі.
Аю балдырғанының көк балаусасын сүрлемге салғанда оған лайықты қоспа таңдау көбінесе оның шабу мезгіліне байланысты. Бірінші ору кезеңі маусымның басында жүргізілген жағдайда оны жоңышқамен қосып сүрлемге салады. Екінші рет шабу мерзімі қыркүйектің екінші жартысына сәйкес келеді де оны күзгі жиыннан кейінгі егістік қалдықтарымен қосып сүрлем дайындаған тиімді. Аю балдырғанының жапырағының 1 кг құрғақ затында 5500-5640 мг каротин және 1680-2000 мг аскорбин қышқылы, ал көк балаусасында олар 120-180 және 990-1116 мг шамасында болады. 100 кг аю балдырғанының сүрлемінде 9,1 кг азықтық бірлік және 1,1 кг қорытылатын протеин бар. Бір азықтық бірлікке 12,1 мг қорытылатын протеин келеді. Сүрлемнің химиялық құрамы мынандай: су-88,6%, протеин-17, белок-0,9, май-0,6, клетчатка-2,3, күл-1,5, азотсыз экстрактивті зат-5,3%. Органикалық заттардың қорытылу коэффициенті 59,9 бірлікке тең. Аю балдырғанының мал азықтық сапасын оның құрамында кездесетін эфир майлары мен фурокумарин төмендетеді. Сол себептен оны мал азығына ертерек орып (гүлдегенге дейін), сүрлемге салар алдында аздап желге қақтырып жаныштап алу керек (подвяливать).
Сонымен қатар оның шырыны адамның жалаңаш жеріне тисе тітіркендіріп, күйдіріп жіберген сияқты әсер қалдырады. Сондықтан оны мал азығына орып дайындағанда сақтану шараларын орындау керек (қолға қолғап, аяққа етік және арнаулы жұмыс киімдер).
Аю балдырғанының көк балаусасының өнімі өсімдіктің жасына қарай өзгереді. Алғашқы жылы көк балаусасының өнімі әр гектардан 300-350 ц шамасында.
Достарыңызбен бөлісу: |