Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет47/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Өсіру агротехникасы. Сосновский аю балдырғанын ферма жанындағы ауыспалы егісте өсіреді. Оған жақсы алғы дақылдар отамалы және астық дақылдары болып есептеледі. Үш-төрт жылдан кейін танапқа органикалық тыңайтқыш (30-50 т/га) қайталап беріледі. Жыл сайын танапты көктемде бірінші қопсыту (культивация) кезінде және бірінші орып алғаннан кейін минерал тыңайтқышымен (N30P30-45K60) үстеп қоректендіру өте тиімді.
Себу алдында танапты жақсылап тегістеу, өсіп шыққан арамшөптерді жою, топырақты қопсыту және басқа да жұмыстар жүргізіледі. Дұрыс жүргізілмеген агротехникалық жұмыстар аю балдырғанын біргелкі себуін қиындатады. Себу тереңдігі 1,5-2,0 см. Одан тереңірек себілген тұқымның өнгіштігі төмендеп кетеді. Тұқымды себер алдында және сепкеннен кейін танапты міндетті түрде тығыздайды. Себуге жаңа жинап дайындаған тұқымды пайдаланған дұрыс. Өйткені өткен жылғы тұқымның өнгіштігі төмен болады. Егер осы тұқымдарды пайдаланған жағдайда оның мөлшерін 20-30% көбейтеді.
Себу әдісі - кеңқатарлап. Тұқым себуді (60-70 см), көкөніс (СОН-2,8) немесе басқа да сепкіштермен жүргізеді. Кеңқатарлап сепкенде себу мөлшері-8-10 кг/га, шаршылы - ұялап сепкенде 6-8 кг/га. Аю балдырғанының өсімдігінің әр шаршы метрге келетін тығыздығы оның келешекте өнімін айқындайтын бірден-бір маңызды көрсеткіші. Егер ол сирек себілген жағдайда 2-3 жылдары гүлдейді де әрі қарай өнімін төмендетеді. Тығыз себілген жағдайда оның гүлденуі 8-10 жылға дейін созылып жоғары өнімі сақталып, оны ұзақ пайдалануға болады.
Танапты күтіп-баптау жұмысына үлкен көңіл бөлінуі тиісті. Көктемде топырақ өңдеуге дайын болған кезде оны көлденеңінен жеңіл тырмамен тырмалайды. Арамшөптер қаптап өсіп кеткен жағдайда гербицид шашқан пайдалы. Қатараралығы айқындалып өсімдіктің 1-2 негізгі жапырағы пайда болғаннан бастап қатараралығын қопсыту-яғни культивациялау жұмыстары басталады. Оны 6-8 см тереңдікте жүргізеді. Екінші қопсыту 10-12 см тереңдікте жүргізіледі. Қопсыту жұмысының негізгі мақсаты арамшөптерді жою. Сондықтан культиватордың жұмыс органдары соған сәйкестеніп таңдалуы тиісті. Үшінші рет культивация жүргізгенде суаратын арықтар дайындалып суару жұмыстары басталады. Жауындатып суғарған кезде арықтар тартылмайды.
Қазақстанның жағдайында аю балдырғанын үш реттен артық культивациялауға болмайды. Өйткені өсімдіктің жапырақтары өсіп қатараралығы көрінбей кетеді. Екінші және одан кейінгі жылдары ерте көктемде егістікті көлденеңінен тырмалайды және 2-3 жапырақ түзгенде бір рет культивация жүргізеді. Бірінші рет орып алғаннан кейін егістіктің топырағын қопсыту үшін тағы бір рет культивацтялайды. Екінші жылдан бастап танапты арамшөптермен күресу жұмысы жүргізілмейді. Өйткені осы кезден бастап аю балдырғаны жақсы қарқынмен өсіп арамшөптердің өсуіне тосқауыл бола алады. Аю балдырғанының тұқым шаруашылығы аса қиындық тудырмайды. Тұқымдыққа мал азығына өсірілетін егістігінен қалдыруға болады. Тұқымын қолмен пісуіне байланысты 2-3 рет қайталап жинайды. Астық жинайтын немесе қонақ жүгері жинайтын (СМ-2,6) комбайндарды да пайдалануға болады.
Сосновский аю балдырғанының тұқымын жинап алғасын қалған өсімдік массасын сүрлем салуға пайдаланады. Содан кейін танапқа толық тыңайтқыш шашып қопсытады және тырмалайды. Тұқым тазалау өте мұқият жүргізілуі тиісті, өйткені нашар тазаланған тұқым дұрыс себілмейді де оның өнгіштігі төмендеп кетеді (Доценко, 1985). Сосновский аю балдырғанының алғашқы селекциялық сорты табиғаттан жинаған жеке түрлерінен дара және жаппай сұрыптау әдісімен шығарылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет