Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Ботаника-биологиялық ерекшеліктері



бет49/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Ботаника-биологиялық ерекшеліктері.Сильфияның тамыры жақсы дамыған. Көпшілік ыңғайлы өсетін тамырдан және тамырсабақтан құралады. Сабағы жуан, тік өседі, төрт қырлы келеді, бұтақшалары жоғарғы жағына орналасады. Түсі ашық-жасыл, биіктігі 180-240 см дейін ал Украинада-350 см жетті. Жапырағы ірі, ұзынша-элипс тәріздес те ұшы үшкірленіп келеді, түсі қою-жасыл, қаттылау, шеті тісті, ұзындығы 35 см, көлденеңі 15-25 см жетеді. Сильфияның бағалы биологиялық ерекшеліктерінің бірі оның барлық вегетациялық кезеңдерінде жақсы жапырақтануы.
Гүлшоғыры-шағын себет тәріздес, пішіні мен көлемі жағынан жер алмұртының себетіне ұқсас. Гүлдерінің желектері ашық-сары. Әр сабақта 20-40 –тан, кейбір кездері 70-80 дейін себет өсіп сиректеу гүлшоғырын құрайды.
Жемісі - ұзынша жүрек тәріздес, қоңыр түсті жұқалтай тұқымдас. Ұзындығы 10-12 мм шамасында. 1000 тұқымының массасы 18-20 г.
Сүйір жапырақты сильфия биік өсетін, суыққа төзімділігі орташа, жақсы жапырақтанған көпжылдық өсімдік. Ол көбінесе тұқымымен және тамырсабағының көшеттерімен көбейеді. Көктемде сепкен кезде тұқымы біркелкі өсіп-өнбей толық өскін беруі созылып кетеді. Кейбір кездері өскіннің шығуы 1-1,5 айға дейін созылады. Сол себептен оның тұқымын себер алдында стратификациялау тиімді.
Сильфияны қыста сепкенде көктемде жақсы көктеп шығады. Өскіндері жер алмұртының өскіндеріне ұқсас келеді. Өскіні ұзынша келген тұқым жарнағының екі жапырағынан тұрады. Ол алғашқы кезде баяу өседі. Сепкен жылы сабақ бермейді, гүлдемейді. Келесі жылы сабақ құрап, гүл салып жеміс береді. Үшінші жылы толық жетіледі. Жыл сайын оның өсу энергиясы мен түптенуі өсіп отырады. Гүлденуі шілде айында жүреді де тұқымының пісуі тамыз айының аяғына дейін созылады. Күннің ашық, құрғақ кезінде жақсы тұқым салады.
Сильфияның әр түбінде екінші жылы 3-5 сабақ, 3-ші жылы 7-9, 4-5-ші жылдары 12-15 сабаққа дейін болады. Құнарлы топырақта өсірілген өсімдіктің әр түбінде 25-30 сабаққа дейін болады. Солтүстік облыстарда сильфия жыл сайын сиреп отырады. Бірінші қыстап шыққанда 5% дейін, 2-3 жылдары 7-17% дейін сирейді. Содан кейін сиреуі азаяды. Сильфияның көктемде алғашқы көктеуі аю балдырғанына, Вейрих таранына қарағанда бір жұмадай кештеу басталады. Өнім түзуі де баяу жүреді.
Сильфия жылуды айтарлықтай қажет ететін өсімдік. Көбінесе оның өнім құрауы жаз айларында болады. Топырақтың құнарлы, ылғалдың жеткілікті болған кезінде жақсы өнім береді. Тамырының жақсы дамуына байланысты кейбір уақытша болған құрғақшылыққа біршама шыдайды. Оңтүстік облыстарда оны суармалы жерлерде өсіргенде топырақтың орташа ылғалдылығы 75-80%-дей (толық ылғал сиымдылығынан) болуы керек.
Сильфия көпшілік топырақ түрінде өсе береді. Бейтарап, не болмаса аздап қышқыл (рН 5,5-6-дан жоғары) топырақта жақсы өседі. Сильфияны көбінесе көк балауса, сүрлем, шөп ұнын дайындау үшін өсіреді. Оның көк балаусасындағы протеиннің мөлшері бұршақ тұқымдастарымен бірдей. 100 ц. көк балаусасында 15-25 азықтық бірлік бар. Бір азықтық өлшемге 140-160 г қорытылатын протеин келеді. Сильфияның шанақтану кезінде орған көк балаусасын барлық малдың түрі сүйсініп жейді. Оның абсолютті құрғақ затының құрамында 24% протеин, 3,4 май, 22 клетчатка, 46,7 азотсыз экстрактивті зат, 11,5% күл кездеседі.
Сильфия өзінің өнімімен топырақтан көп қоректік зат алады. Мысалы 100 ц көк балауса түзу үшін оған 46-54 кг азот, 8-9 фосфор және 48-50 кг калий керек. Сондықтан оған жыл сайын органо-минералды тиыңайтқыштар беріп тұру оның өнімін төмендетпей топырақтың құнарлығын қалыпты мөлшерде сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет