Байланысты: Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс
Өнімділігі және өнім сапалығы. Забайкал таранын жаңа егістік дақыл ретінде жерсіндіруге болады. Сабақ шалғындығының ауқымдығы жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Тұқым өнімділігінің арқасында алғашқы тұқым шаруашылығын жақсартуға болады. Ал табиғи тіршілік орны оны қауытконтинентальды климатты региондарда таратуға болатынын көрсетеді. Оның жоғары өнімділігінің көрсеткішін елдің әр түрлі региондарда зерттелді. Г.В.Чубарова (1974) өз еңбектерінде 6 жыл аралығында өнімділіктің тұрақты түрдеұлғайып тұратындығын көрсетті. Алғашқы 2 жылда орташа өнімділік - 37,1 ц/га абсолютті құрғақ зат, ал 5-6 жылдары ол орташа 76,9 ц/га дейін көтерілді. КСРО АН Басты ботаникалық бақтың тәжірибиелік бағында забайкал таранның өнімділігі 650 ц/га жасыл масса, ал 2 орымда 800 ц/га дейін жетті (К.А.Мойсеев,1980). Кейбір табиғи зоналарда 2 орымнан алуға мүмкіндік болды. Көлемді өндірістік алаңдардан келесі өнім алынды: Белоруссияда - 350-800 ц/га, Солтүстік-Батыста - 330-750 ц/га. Поволжьяның құрғақ жағдайына байланыста өнім 170 -300 ц/га шегінде өзгеріп отырды.
Пермь облысында 1-ші жылғы өнімділік 346 ц/га, 2-ші жылы- 562 ц/га, 3-ші жыл жауын-шашынның аз мөлшерімен сипатталып 570 ц/га дейін жетті. Орташа 6 жылда 1 гектардан 5,5-10,2 мың жемшөптік бірлік алынды. Қазақстанның орманды-дала зоналарында зерттеулер Есіл өзенің аңғарында забайкал таранының суарғанда 600-850 ц/га жоғары тұрақты өнім беретінін көрсетті. Ақмола облысының дала зонасында орташа 5 жылда суару арқасында 741 ц/га өнім алынды.
Химиялық биомассасының зерттелуі нәтижесінде оның құрамындағы қортылатын протеин мөлшері жағынан бұршақ тұқымдас дақылдардан кем түспейтіні анықталды. Сондықтан ол жемшөп өндірісіндегі ақуыз мәселесінің шешіуінің баламасы болуы мүмкін. Абсолютті құрғақ зат құрамында оның мөлшері 1 жемшөптік бірлікте 119-125 дейін болады. Бұл оны ақуыздық қосымша ретінде қолдануда кең мүмкіндіктер береді. Витаминдік ұнға шанақтану кезенінде жинау, өнім сапасы, ақуыз және каратин мөлшері бойынша жоңышқаға жақын болса, ал өнімділігі жағынан жоңышқадан 2,0-2,5 есе көп. Қант құрамы бойынша жақсы сүрлемденетін дақылдарға жатады. Забайкал таранынан дайындалған пішендеме ГОСТ-тың 1 және 2 класына сәйкес келетіндігі дәлелденді. Ал, сабан қосылған жаңа шабылған сүрлем 1 класқа сәйкес келеді. Дәрумендік ұн дайындауға өндірістік тексеріс нәтижесінде шанақтану кезенінде 1 жемшөптік бірлікте 134 г протеин бары анықталады.