Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет57/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Өсіру агротехникасы. Вейрих таранын ферма жанындағы ауыспалы егісте, не болмаса ауыспалы егістен тыс танапқа орналастырады. Жақсы алғы дақыл- отамалы дақылдар, картоп, біржылдық бұршақ дақылдары. Күзде танапты тереңдете жыртады (0-30 см). Вейрих таранының 100 ц көк балаусасын алу үшін топырақтан 40-50 кг азот, 9-10 кг фосфор, 50-60 кг калий және 19-23 кг кальций жұмсалатынын ескере отырып, танапқа гектарына 40-50 тн. көң шашып, оған қоса 3,0-4,0 ц суперфосфат, 1,5-2,0 ц калий тұзын береді. Топырағы қышқыл болған жағдайда 2-3 т известь ұнын шашады. Жыртылған танапты содан кейін жақсылап дискімен өңдеп, бетін тегістеп тығыздайды. Себер алдындағы өңдеу құрама агрегатпен (РВК-3) жүргізіледі. Егістік ескірген сайын топырақтан өніммен алынатын негізгі элементтер мөлшері өзгереді, азот пен калийдің шығыны азаяды. Вейрих тараны тұқымымен, не болмаса вегетативтік әдіспен-арнаулы дайындалған көшеттермен көбейеді. Тұқымы арнаулы дайындықсыз-ақ себіліп жақсы өскін береді. Жиналған жылы себілген тұқым күзде және көктемде сепкен кездері жақсы өніп-өседі. Оңтайлы себу мезгілі-ерте көктем немесе күзгі кезең (қазан айында). Көшеттерді отырғызу ерте көктемде өсімдік өсіп көктей бастағанда жүргізіледі. Күзде себілген таран ерте көктемде жақсы өніп (далалық өнгіштігі 80% жоғары) шығады да өсімдіктің өсуі көктемде себілген тұқымынан 1-2 жұмадай тезірек жүреді. Тұқымды кең қатарлы себеді, қатараралығы 60-70 см. Тұқымды көкөніс сепкіштермен (СОН-2,8А т.б.) себеді. Жақсы да біркелкі себілу үшін тұқымға құм не болмаса ағаш үгіндісін қосып себеді.
Себу мөлшері гектарына 5-6 кг өнгіш тұқым. Тұқым ұсақ болғандықтан және далалық өнгіштігі жоғары болу үшін таяз- 1-1,5 см тереңдікте себіледі. Себер алдында танаптың топырағын майдалап, тегістеп тығыздайды. Сепкеннен кейін танапты тағы да тығыздайды. Сол жағдайда себілген тұқымның далалық өнгіштігі көтеріледі. Бірінші тұқым сепкен жылы таранның алғашқы өсіп-өнуі баяу жүреді де арамшөп басып кету қаупі болады. Сондықтан оның қатараралығын өңдеп қоймай қатардағы өсімдік арасындағы арамшөптерді құрту жұмыстары жүргізіледі.
Арамшөптерге қарсы көбінесе гербицидтер шашқан тиімді. Вегетация кезінде кем дегенде қатараралығын 2-4 ерт культивация жүргізіп өңдейді. Бірінші өңдеу 5-7 см тереңдікте, екінші және одан кейінгі өңдеу жұмыстары 8-10 см тереңдікте жүргізіледі. Бірінші жылы зябь жыртқан кезде берілген органо-минералды тыңайтқыштарға қарамастан егістік танапты азот тыңайтқышымен (N30) үстеп қоректендіру қажет. Бұл жұмыс өсімдік 2-3 негізгі жапырақ салғасын 2-ші культивацияның кезінде жүргізіледі. Келесі жылдары таранның егістігін қатараралығын өсімдік қоректендіретін культиватормен (КРН-4,2) 2-3 рет өңдеп сол мезгілде үстеп қоректендіреді. Гектарына (әсерлі зат есебінде) 30-40 кг азот, 30-40 кг фосфор және 60-90 кг калий тұзын сіңіреді.Вейрих таранын сепкен жылы оруға тиімсіз. Жоғарғы өнім екінші жылы алынады. Оны көк балаусаға толық шанақтанғанда-гүлдену басталған кезде орады. Осы кезеңде оның көк балаусасында белок, аминқышқылдары, көмірсулары және басқа да тиімді заттар ең көп жиналады. Вейрих таранын 10-12 см биіктікте орады. Оны оруға аю балдырғанын жинайтын комбайндарды пайдаланады. Вейрих тараны жақсы күтіп-баптаған жағдайда бірінші орып алғаннан кейін 7-8 күнде қайтадан өсіп-өніп алшын береді. Бірақ екінші рет шауып пайдаланғанда келесі жылы оның өнімі төмендеп кететінін есте ұстау керек. Вейрих таранының тұқым шаруашылығы аса қиындыққа түспейді. Бұл өсімдік айқас тозаңданады. Көбінесе насекомдармен тозаңданады. Тұқымдыққа көк балаусаға, сүрлем салуға себілген танабынан қалдырады. Тұқымдық егістікке көктемде азот беруді азайтады, сонда тұқым пісуі тезірек жүреді. Шаруашылықта тұқымдыққа 1-2 гектар шамасында қалдырса жеткілікті. Тұқымдық егістікті бөлектеп жинайды. Дестеге түскен массадағы тұқым кеуіп пісіп жетілгесін оны арнаулы молотилькамен немесе комбайнмен бастырады. Алынған тұқым тазаланып, кептіріліп желдетілген складта сақталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет