Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет59/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Бақылау сұрақтары

  1. Забайкал таранының шаруашылықта тиімді пайдалану түрлеріне сипаттама беру?

  2. Неге шығын мөлшері забайкал таранынын сүрлемге пайдаланғанда, жүгері және күнбағысқа қарағанда аз? Технологиялық циклдарда қарастыру.

  3. Оны кең масштабы менгеруде бұрын және қазіргі шектейтін факторлар қандай?

  4. Республиканың солтүстігіндегі забайкал таранын сүрлемдік конвейердегі ерекшелігі және өндіру ареалы?

  5. Забайкал таранымен жоңышқаның тұқым өнімділігі мен көбею коэффиценттерін салыстыру?

Практикалық сабақ №5


Тақырыбы: Дәстүрлі емес біржылдық дақылдар мен өсімдіктер.
Дәрістің жоспары:

  1. Біржылдық дақылдар мен өсімдіктер:қүлқайыр және т.б.

  2. Биологиялық ерекшеліктері.

  3. Жем-шөпке жэне тұқымға өсіру ерекшеліктері.



Құлқайыр (Мальва, Malva)
Дүние жүзінде құлқайырдың 120 шақты түрлері кездеседі. Бұрынғы Одақ көлемінде оның 20-дан астам түрі өсетіні анықталды. Бұлардың бәрі де мал азықтық өсімдіктер. Оның ішінде жерсіндірілгені және мал азықтық маңызы зерттеліп өндіріске ұсынылғаны 3 түрі ғана – Мелюка құлқайыры (M. meluca), Бұйра құлқайыры (M. crіspa), Шоғырлы құлқайыр (M. vertіcіllata). Құлқайырмен алғашқы жерсіндіру және зерттеу жұмыстары 20 ғасырдың орта кезінде Москва және Ленинград ғылыми зерттеу орындарында жүргізілді. Қазақстанға құлқайыр өткен ғасырдың 70 жылдары әкелінді және сол кезден бастап оның биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиясы зерттеле бастады.
Шоғырлы құлқайыр табиғатта көп тараған. Ол Европада, Азияда, Солтүстік Шығыс Африкада, Америкада, Кавказда, Батыс-Шығыс Сібірде, Қазақстанда, Қиыр Шығыста кездеседі. Бұйра құлқайыр Европада, Қазақстанда, Батыс Сібірде тараған. Мелюка құлқайыры Россияға Германиядан 1932 жылы әкелініп жерсіндірілген. Құлқайырдың осы мал азығына ұсынылған түрлерінің биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері бір-біріне ұқсас болып келеді. Қазіргі кезде құлқайырдың осы түрлері жан-жақты зерттеліп зоотехникалық, агротехникалық бағасы анықталып жаңа дақыл ретінде ауыл шаруашылығына ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет