Сабақ №29 Тақырып: Аминдер. Аминқышқылдары Жоспар: Аминдер, анилин Аминқышқылдары



бет1/3
Дата11.05.2022
өлшемі18,77 Kb.
#142645
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
ХИМ Сабақ №29
Қазақ тілі Қол Өнер, englishh, ХИМ Сабақ№ 30 2, РЯЛ №20 , Нуралнов Д реф

Сабақ №29
Тақырып: Аминдер. Аминқышқылдары


Жоспар:
1. Аминдер, анилин
2. Аминқышқылдары


1. Аминдер, анилин
Молекула құрамында азоты бар органикалық қосылыстарға нитроқосылыстар, аминдер, аминқышқылдары, нәруыздар (белоктар) және нуклеин қышқылдары жатады.
Аминдер – молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы көмірсутек радикалына алмасқан аммиактың туындылары.
NH3 CH3NH2 (СН3)2 NH (СН3)3N
аммиак метиламин диметил амин триметиламин
NH2амин тобы деп аталады. Амин тобымен байланысқан радикалдың табиғатына қарай аминдер алифатты және ароматты болып бөлінеді:
C2H5 -NH2 C6H5 - NH2
алифатты амин (этиламин) ароматты амин (фениламин)
Аммиактағы көмірсутек радикалына алмасқан сутек атомының санына орай аминдер: біріншілік (а), екіншілік (ә), үшіншілік (б) болып бөлінеді:
а) R – NH2 ә) R2 – NH б) R3 – N
Молекуласындағы амин тобының санына байланысты аминдер: моноаминдер, диаминдер, т.с.с. болып бөлінеді.
Атаулары мен изомерлері. Халықаралық (ИЮПАК) атау жүйесі бойынша көміртектерді нөмірлеп, көмірсутектердің атына амин, диамин немесе триамин деген сөз қосып айтады.
CH3 – СН2 - NH2 Н2N- СH2-СН2 - NH2
этиламин 1,2 диаминэтан
Қаныққан аминдерге көміртек қаңқасының және функционалдық топтың орнына байланысты изомерлену тән.
Физикалық қасиеттері. Қарапайым алифатты аминдер (метиламин, этиламин, диметиламин) газ тәрізді заттар, суда жақсы ериді. Иістері аммиактың иісіне ұқсас. Ортанғы аминдер сұйық заттар, иістері балықтың иісін еске түсіреді. Құрамында көміртек атомы көп аминдер – иіссіз, қатты заттар. Көміртек тізбегіндегі көміртектің саны өскен сайын суда ерігіштігі төмендейді. Аминдер органикалық еріткіштерде (бензол, т.б.) жақсы ериді. Ауада тотығып, қоңырқайланады.
Анилин (фениламин) C6H5 - NH2өзіне тән иісі бар, түссіз майлы сұйықтық. Органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Анилинге тотықтырғыштармен әсер еткенде, түстері әртүрлі аралық бірнеше өнім (мысалы, қара анилин) түзіледі. Анилин дәрі- дәрмек (мысалы,сульфаниламидті препараттар), қопарылғыш заттар, аналинді бояулар, антитотықтырғыштар алуда алғашқы өнім болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет