2. Аминқышқылдары Аминқышқылдары молекуласында амин (NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық қосылыстар.
Мысалы: Н2N- СH2 – СООН аминсірке қышқылы (глицин)
Аминқышқылдарын радикалындағы сутек атомдары амин тобына алмасқан карбон қышқылдарының туындылары ретінде қарастыруға болыды. Кейбір аминқышқылдарының құрамында екі амин тобы, гидроксил тобы, тиол тобы –SH, екі карбоксил тобы болады. Құрамында әртүрлі функционалды топтары болғандықтан, аминқышқылдары гетерофункционалды қосылыстарға жатады.
Аминқышқылдары табиғатта көп таралған: нәруыздардың, пептидтердің, т.б. физиологиялық белсенді қосылыстардың құрамына кіреді және бос күйінде де кездеседі. Тіршілік үшін аса маңызды қосылыс нәруыз молекуласы аминқышқылдар қалдықтарынан құралатындықтан олардың маңызы зор. Нәруыз биосинтезіне жиырма шақты альфа-аминқышқылдары қатысады. Олардың біразыиалмаспайтын аминқышқылдары.
Атаулары және изомерлері. Аминқышқылының қарапайым өкілі – аминсірке қышқылы NН2- СH2 – СООН. Аминқышқылдарын көбіне қалыптасқан кеткен тривиальды атаумен, мысалы, аминсірке қышқылын глицин деп атайды.
Халықаралық атаулар жүйесі бойынша алифатты қышқылдардың атына сәйкес тізбектегі амин тобының орны цифрмен көрсетіледі. Атау үшін карбоксил тобының көміртек атомынан бастап нөмірлейді:
NН2- СH2 – СH2 – СH2 –С 4-аминбутан қышқылы Аминқышқылдарының изомерленуі көміртек тізбегінің изомерленуімен және амин тобының орналасуы бойынша анықталады.
Физикалық қасиеттері. Аминқышқылдары – түссіз кристалл заттар. Олар, әдетте, суда жақсы ериді. Көптеген аминқышқылдарының тәтті дәмі бар.