Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет72/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Егістікті күтіп-баптау шаралары. Танапты тырмалаудан (көгі шыққанға дейін және шыққаннан соң ) және қатараралықты (2-3 рет) өңдеуден тұрады. Кең қатармен себілген мақсары егісі КРН-4,2 немесе КРН-5,6 культиваторларымен қатараралықтары өңделеді. Бірінші рет культивациялау 6-8 см тереңдікке, екінші 8-10 см, ал үшінші 6-8 см жүргізіледі. Бірінші культивациямен бірге өсімдік минералды тыңайтқыштармен қоректендіріледі. Суармалы егіншілікте мақсарыны 2-3 рет суару ұсынылады. Әрбір суғару мөлшері 600-800 м3 /га. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік шығысында мақсары егісі 30 аса зиянкестермен зақымданады. Олардың ішіндегі кең тараған түрлері : кіші және үлкен мақсары бізтұмсықтары, мақсары шыбыны, жидек кенесі және т.б. Күресу шаралары : егер біз тұмсықтар саны 1 шаршы метрде 2-3 данадан асса, онда 5% каратэ немесе кинмикс препараттарын егіске бүрку, мөлшері 0,15-0,20 л/га. Жұмыс сұйығы шығыны 200-250 л /га. Мақсары ауруларына қарсы (тат, жапырақтың қоңыр дағы және т.б.) Алдын-алу шаралары тұқымды дәрілеу (Витовакс 200 ФФ-3-4 л/га). Өсімдік өскінін топырақ инфекциясынан қорғау үшін қажет және дақылды ертерек қолайлы мерзімде себу.
Мақсарыны жинау. Мақсары тұқымын толық піскенде бір сатылы әдіспен астық комбаиндарымен жинап бастырады. Мақсары тұқымдары біркелкі піседі және шашылмайды, сондықтан оны кешіректе жинауға болады. Мақсарыны мал азығына шанақтану-гүлдеу сатысында орып жинайды.


Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Т.Н. Нургасенов и др «Технология возделывания сафлора на маслосемена в условиях юго-востока Казахстана» Рекомендация, Алматы, 2013ж.

  2. С.С. Арыстангулов «Қазақстанның оңтүстік-шығысының тәлімі жерлерінде мақсары тамыр жүйесінің өсіп-даму ерекшеліктері» Алматы, ж.Ізденістер, нәтижелер №1, 2009ж.

  3. С.С. Арыстангулов «Водопотребление сафлора в зависимости от сроков посева в условиях пустынно-степной зоны юго-востока Казахстана» ж.Вестник науки АТУ им. С.Сейфуллина, №3, Астана.2009ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет