ДЭЕМ аппараттық жүйелер кешені Компьютердегі ең үлкен электрондық плата – жүйелік тақта (аналық плата) болып.
Жүйелік тақта – жүйенің ядросы, бұл шынында ДК-нің басты бөлшегі, қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйе құрылғыларының бәрін нақты сол басқарады.
Әдетте, жүйелік тақтада келесі құрауыштар болады:
Компьютердің әртүрлі құрылғыларын басқаратын электрондық сызбаны контроллер деп аталады. IBM PC фирмасының барлық компьютерлерінде пернетақтаны, мониторды, дискіжетекті басқаратын контроллер болады. Көптеген компьютерде кейбір контроллер бөлек электрондық плата – контроллер платасында орналасады. Бұл плата компьютердегі жүйелік тақшаның арнайы слотында қондырылған. Плата контроллерін қосу және айыру арқылы қолданушы компьютерді модифициялау мүмкін. Мысалы, қолданшы компьютерге факс моделін, дыбыстық картаны қосуы мүмкін. Бұзылған компьютерлерде арнайы контроллер - PC картасы қолданылады.
Слотқа жүйелік тақшаны қойған кезде контроллер шинаға қосылады.
Шина – жедел жады мен контроллер арасындағы берілгендерді тапсыру магистралы.
1.1-сурет. Дербес компьютердің жалпы құрылымы
Қазіргі компьютерлерде 2 шина болады:
Шина ISA – төменгі жылдамдықты құрылғы конроллері үшін арналған (пернетақта, тышқан, дискіжетек, модем, дыбыстық карта);
Шина PCI – жоғары жылдамдықты құрылғы контроллері үшін арналған (қатты диск, видеоконтроллер және т.б.);
Ескі компьютерлерде – EISA, VESA (VLB) және т.б. шиналары бар.
Чипсет – жүйелік тақшаның негізгі қасиетін және функционалдық мүмкіндігін анықтайды. Chipset (ағылшынша, - микросхема жиынтығы деген мағынаны білдіреді).
Чипсет екі үлкен микросхемалардан тұрады:
1. «оңтүстік көпір»;
2. «солтүстік көпір».
2-тапсырма. Жұмыс компьютерінің сыртқы интерфейстерін анықтаңыз. Принтерді, мониторды, сканерді, тінтуірді, пернетақтаны, динамиктерді жұмыс компьютеріне қосыңыз
Мысалы: 1, 2. PS / 2-пернетақта мен тінтуірді қосу үшін қолданылатын компьютер порты (коннектор). Алғаш рет 1987 жылы IBM PS / 2 компьютерлерінде пайда болды, содан кейін басқа өндірушілердің мойындауына ие болды және дербес компьютерлер мен серверлерде кеңінен таралды. Деректерді беру жылдамдығы 80 — ден 300 Кб/с-қа дейін және қосылған құрылғы мен бағдарламалық драйвердің жұмысына байланысты.
3-тапсырма. Өзіңіздің дербес компьютеріңіздің келесі ақпараттарын анықтап 1- кестені толтырыңыз: 1-кесте
негізгі микропроцессордың түрін анықтау
микропроцессордың сағат жиілігін анықтау
BIOS түрін анықтау (негізгі Енгізу-шығару жүйесі)
қосылған диск құрылғыларының санын анықтау (Физикалық және логикалық)