«Дефектология жјне логопедия негіздері»


Фонетико – фонематикасы толық дамымаған балаларға сипаттама



бет71/101
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#87910
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   101
Байланысты:
4da0ac04-b6ab-11e6-94b1-35220bd1f96aУМКД Дефектология и логопедия (1)
Лк тарих
Фонетико – фонематикасы толық дамымаған балаларға сипаттама.
Орта жастағы балалармен мектепте оқитын ересектердің арасындағы көп тараған кемістіктердің бір түрі дыбыстарды бұзып айту болып табылады.Бұл топқа жататын есту қабілеті дұрыс балалар жеке дыбыстарды бір немесе бірнеше топтағы (мысалы,ызың ,ызың және ысқырық)дыбыстарды дұрыс айта алмайтындығы байқалады.Фонетико-фонематикасының толық дамымауын қалай түсінуге болады?
Фонетико-фонематикасының толық дамымауы дегенімізол қабылдау түйсігі мен дыбыстардың ақаулықтардың салдарынан болған сөйлеу тілінде әртүрлі кемістіктері бар балалардың ана тіліндегі дыбыстардың айтылу жүйесіндегі қалыптасу барысының бұзылуы. Бұл жағдайды сипаттайтын негізгі көріністерді бөліп көрсетуге болады.
1. Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дыбыстарды ажырата алмауы мысалы:Т дыбысыС,Ч,Ш дыбыстарының орнына айтылады.
2. Бір дыбыстарды басқаларымен алмастыру. Баланың сөйлеу тілінде жеңіл айтылатын дыбыстар айтылуы қиын дыбыстармен алмастырылып айтылады.
Бұндай айтылуы жеңіл дыбыстар баланың сөйлеу тілінде ерте жасынан ақ пайда болады да, кез келген қиын дыбыстарды алмастыра береді.Мысалы, Л дыбысы Р дыбысын, Ф дыбысы Ш дыбысын, Т мен Д дыбыстары ызың мен ысқырық дыбыстарын түгелдей алмастырады.
3. Дыбыстарды шатастыру. Бұл көптеген дыбыстардың әр түрлі сөздерге қолдануының тұрақсыздығын сипаттайды. Бала бір дыбысты бір сөзде дұрыс қолданады да,ал оны басқа сөздерде айтылуы жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе алмастырып жібереді. Мысалы, Р, Л немесе С дыбыстарын жеке тұрғанда дұрыс айтылады да, ал сөйлегенде ауыстырып шатастырады. Мысалы, Айдар өзенге қармақ шалды. Дыбыстарды алмастырулары мен шатастыруларынан басқа да кемістіктер кездеседі. Бұл кемістіктер өздерінің ерекшеліктері жағынан алдыңғыларға қарағанда күрделірек. Мысалы, Р дыбысы қырылдап тамақтан айтылады. С дыбысы тістердің арасынан тілі шығып айтылады. Сөйлеу тілі дыбыстарының айтылуындағы бұл сияқты кемістіктер тәрбиешілер мен ата-аналарды ойландыру керек, себебі бұндай кемістіктер фонематикалық есту қабілетінің толық жетілмегендігін дәлелдейді. Бұндай жағдайда оның дәрежесін анықтауға жәрдем беретін жүйелі тәсілдер бар:
- Дыбыстардың дұрыс айтылуы мен бұрыс айтылуының айырмашылығын және өзі мен бөтен адамдардың сөйлеу тіліндегі кемістіктерді анықтау. Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалар бөтен адамдардың сөздерінен айырмашылықты сезіне алмайды. Бұл есту қабілетінің дыбыстарды нашар ажырататындығын білдіреді. Құрамында қарама-қарсы дыбыстары бар және ажыратуы қиын дыбыстары қатар келген буындарды қайталау қиындық туғызады.
- С дыбысының жеке өзін Т,Ц,Ч,Щ,З,С,Ш,Р деген тізбектелген дыбыстардың ішінен бөліп алу;
- Керекті дыбысы бар буында тізбектелген басқа буындардың ішінен бөліп алу (мысалы; са буынын за,ша,са, ча,ша буындарынан);
- Сөздің ішінен керекті дыбысты бөліп алу (мысалы:С дыбысын сағат,астық,қасқыр,мысық,сөздерінің ішінен).
Айтылған тапсырмалар айтылуында ақауы бар дыбыстарды түсіну мүмкіндігін анықтауға мүмкіндігін анықтауға үлкен жәрдемін тигізеді. Көп жағдайларда түсінігінде сақталған, демек сөйлеу тілінде қажетті тәртіппен айтылып төселген дыбыстардың бұзылатаны немесе қажетті дәрежеде жетілмей қалатындығы жиі кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет