Әңгімелесу тәсілі - екінші маңызды тәсіл. Ол тіл кемістіктерін әңгімелесудің көмегін анықтайтын тәсіл. Әңгімелесу арқылы баланың дыбыстардың қайсысын дұрыс кайсысын бұрмалап немесе тастап кетіп, бір дыбысты екінші дыбыспен алмастырып сөйлейтінін анықтаймыз.
Тәжірибе жасау тәсілі - бұл тіл кемістіктерін зерттейтін тәсілдердің үшінші түрі. Бұл тәсілдің басқалардан айырмашылығы және артықшылығы сол, ол оның мұқияттылығымен және қатаң жүйелілігімен өкшеленіп, бізге керекті нәтижені тезірек алуымызға мүмкіндік береді.
Тәжірибе жасау тәсілі екі топқа бөлінеді:
А) табиғи тәжірибе;
Ә) лабораториялық тәжірибе.
Табиғи тәжірибе баланы әдеттегінше ойнату, оқыту немесе еңбек еткізу жүргізіледі. Ол үшін арнаулы керекті кұралдар арқылы дыбыстардың айтылуын тексереді.
Лабораториялық тәжірибетіл кемістіктерін тереңірек және көбірек анықтап зерттеу мақсатында қолданылады. Ол үшін әртүрлі аппараттар пайдалануы мүмкін. Мысалы: тұтықпа баланың сөзін жазу үшін таспа, есту кабілетіне арнайы аудиометр.
Логопедияның тәжірибесінде дәрігер мамандардың қызметін пайдаланумен кейбір медициналық тәсілдер де қолданылады. Мысалы: