«Дефектология жјне логопедия негіздері»


Сөйтіп жалпы тіл кемістігінің бірінші деңгейін былай сипаттауға болады



бет61/101
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#87910
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   101
Байланысты:
4da0ac04-b6ab-11e6-94b1-35220bd1f96aУМКД Дефектология и логопедия (1)

Сөйтіп жалпы тіл кемістігінің бірінші деңгейін былай сипаттауға болады:

  • Сөздік қоры жоқтың қасы. Ол былдырлап түсініксіз айтылған сөздерден, басқа дауысқа еліктеген дыбыстардан күнделікті қолданылатын кейбір оңай сөздерден тұрады.

  • Баланың енжар сөз қоры пайдаланатын сөз қорынан едәуір молырақ болады. Бірақ, сөз түсінігі тым таяз. Сөздерді бірнеше рет қайталанған таныс ситуацияда түсінеді. Мысалы: «Қолыңды қалтаңнан ал» деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін, ал «қалтаңды көрсет» дегенде ол көрсете алмайды. Өйткені ол қалта деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті мүлдем дамымаған.

  • Сөздің, дыбыстың, буынның құрамын сақтап қайталау қабілеті дамымаған.

Сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың белгісі сол, онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса да айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы: Қыт. Бадя тан тет туй. Қыс. Балалар шана теуіп жүр.
Кейбір грамматикалық тұлғаларды ажыратылуы бір мезгілде байқалады. Бірақ бұл тек екпінді жалғауына түскен сөздерге және тек кейбір грамматикалық категорияларға қатысты болады. Бұл процесс әлі де болса едәуір тұрақсыз екендігін сипаттайды және бұндай баланың сөйлеу тілінің дамуы қатты тежелгендігі анық байқалады. Сөзді көп білмегендіктен баланың тілі кедей, ол өзі білетін заттардың аттарын атаумен және қимыл іс - әрекеттерін айтып берумен ғана шектеледі.
Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанмен грамматикалық құрылысы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Балалар септік жалғаулар мен көпшіл түрін білдіретін жалғаулардың мағынасын жете түсінбейді. Жұрнақ, жалғауларды пайдаланып сөз өзгерту кездейсоқ жағдай, сондықтан да оны пайдаланғанда әр түрлі қателерді көп жібереді. Сөзді тар мағынада жиі қолданады, ауызша талдап қорыту дәрежесі өте қиын. Балалар заттың атын білгенмен оны құрайтын бөлшектерін атауға келгенде қиналады.
Баланың тіліндегі жуан және жіңішке, ысқырып және ызыңдап шығатын, қатаң мен ұяң, мұрын дыбыстарының, сонымен бірге құрамы әр түрлі буынды сөздердің айтылуы мен үндестігі өрескел бұзылғандықтың салдарынан сөйлегенде сөзінің сапасы жағынан да, саны жағынан да жасына қарағанда едәуір артта қалған.
Жалпы тіл кемістігінің екінші деңгейіндегі балалар төмендегідей сипатталады:

  1. Балалардың белсенді сөздігі зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерімен толықтырылады.

  2. Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен жұрнақтарды пайдалана бастағаны байқалады.

  3. Бұл деңгейде балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.

  4. Сөзді түсінуі жетіледі, белсенді және енжар сөздіктері толығады.

  5. Әлі де дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды. Дыбыстық талдау, жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады.

Сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейі.
Сөйлем құрылысында лексико – грамматикалық және фонематико – фонематикалық элементтердің жетілмегендігін сипаттайды.
Осындай дәрежедегі, әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен тілдесіп, сөйлесе алады. Бірақ, өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Тіпті, бала дұрыс айта алады – ау деген кейбір дыбыстардың өзі де өз бетімен сөйлегенде жеткілікті түрде шықпайды.
Бала ауызекі сөйлескенде өзінің тілі келмейтін қиын сөзді, нақышты сөз тіркесін айтпауға тырысады. Бала сөзді емін – еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған қатарластарына қарағанда, өздігінше сөйлем құрастыру кезінде үлкен қиындық көреді. Құрмалас сөйлемді жалғаулығымен және жалғаулықты сөзімен құрастырған кезде қателер жіберілетіні байқалады. Бала сурет бойынша сөйлем құрастыру кезінде қатынасушы кісіні және қимыл іс - әрекетінің өзін жиі көрсетіп дұрыс атап отырса да сөйлем құрамына қатынасушы кісінің пайдаланған затының атын кіргізбейді. Бала жаңа сөздерді сөйлеп дағдыланбағандықтан іс – жүзінде көп қолданбай сөздік қоры тоқырап, кедейленіп қалудың әсерінен оған сөздің морфологиялық элементтерін айыруға мүмкіншілік бермейді. Көп балалар жаңа сөздерді қолданған кезде қателерді жиі – жиі жібереді. Шынында да, дұрыс сөздердің жасалуымен қатар кемшіліктері де болады. Сөздегі дыбыстардың түсіп қалатын тұрақты қателері, ең қиын сөздердегі буындардың бұзылуы байқалады.
Сонымен, сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейі мынандай кемшіліктермен сипатталады:

  1. Бала ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейбір сөздерді білмейтіндігі және дұрыс қолдана алмайтындығы байқалады. Сөздік қорында көбінесе зат есім, үстеу таптары аз кездеседі.

  2. Тілдің грамматикалық жағының дамымағаны байқалады. Балалар септік жалғауларды, жұрнақтарды қолдануда қате жібереді. Сөз өзгерту қабілеті мүлдем дамымаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет