Қолданылатын әдебиеттер:
1. Блюмина М.Г. Распространенность, этиология и некоторые особенности клинических проявлений сложных днфектов //Дефектология, 1989, №3//
2. Каффеманс Р.Б. сравнительное иследование осязания у аномальных детей разных категорий. // дефектология, 1991, №5//
3. Кулагин Ю.А., Лубовский В.И., Петрова В.Г. Изучение психического- развития аномальных детей // дефектология, 1988, №6//
Лекция №16
Жалпы тіл кемістігі.
Лекцияның мақсаты:
Жалпы тіл кемістігі жайында дәріс бере отырып, тіл кемістігін шығу себептерін, түрлері мен айырмашылықтарын, сөйлеу тіл дамуының деңгейлерін білуге жаттықтыру.
Лекцияның жоспары:
1. Жалпы тіл кемістігіне сипаттама.
2. Сөйлеу тіл дамуының бірінші деңгейі.
3. Сөйлеу тіл дамуының екінші деңгейі.
4. Сөйлеу тіл дамуяның үшінші деңгейі.
Лекцияның барысы:
Жалпы тіл кемістігі - есту қабілеті мен ой өрісі әдеттегінше дамыған балалардың дыбыстық мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрылымының компоненттердің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістік.
Жалпы тіл кемістігін дефектология ғылымы зерттеу институтының Р.Е. Левина бастаған ғалым қызметкерлер (Н.А. Никашкина, Г.А. Каше, Л.Ф. Спирова, Г.И. Жаренкова және т.б.) 5О - 6О жылдары мектеп жасына дейінгі мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан – жақты зерттеулердің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелденді.
Дыбыстарды бұзып айтуын, фонематикалық есту қабілеттерінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлеу құрылысының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дислалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологияларының түрлерінде байқауы мүмкін.
Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейі.
Тілдің мүлде қалыптаспауы жатады. Ондайларды мақау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынадай болып келеді: былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, жекеленген зат есімдік сөздермен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап мүлдем түсініксіз етіп үзіп – үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербендету арқылы бет – аузын қисандатып, ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің бұндай кемістіктері ақыл – ойы кем балаларда болуы мүмкін. Бірақ, сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балаларды ақылына қарап – ақ сөйлеу тілі дамыған (олигофрен) ақыл ойы кем балалардан оңай ажырратуға болады. Бұл біріншіден сөйлегенде пайдаланатын сөздік қорына қарағанда енжар сөздік қорының артықшылығы. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балалардың олигофрен балалардан өзгешелігі, ойларын тыңдаушысына жеткізу үшін дене мүшелерінің қимылын және мәнерлі ымды пайдаланады. Оларға өзінің сөйлеу тілінің кемшілігіне сын көзбен қарап, оны қалайда түзетуге бар ықыласымен қарап, ақылдың дұрыстығына тән қасиет бар.
Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және қимыл-іс әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардан шығатын дыбыстардың ұқсастығына қарап, өздерінің былдырлаған тілімен барлығына бір сөзбен – ақ қойып алып түсіндіреді. Мысалы, машинаны – «дөдө», қарындаш – «адас».
Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі аз және жеткіліксіз болып келеді. Дыбыстардың қолданылуы тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөйлегенде көбінесе 1 – 2 буыннан тұратын сөздерді ғана қолданылады. Буындары көбірек қиын сөздерді айтқан кезде оның 2 – 3 буынына дейін қысқартылып, түсіп қалады. Мысалы, жұмыртқа – ұтқа, домбыра – дома. Фонематикалық түйсігі бұзылғандықтан аттары бір – біріне ұқсас, мағынасы әр түрлі сөздерді сұрыптай алмай қиналады. Мысалы, бала –балға, жаға – жаңа. Бұл деңгейдегі балалар дыбыстың талдау жолын түсінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |