7) Оқыту әдістерінің даму тарихы мен қалыптасуының өзіне тән ерекшеліктері бар... Педагог ғалымдар мектептегі оқыту процесін бақылай отырып, мұғалім мен оқушылардың өзара іс-әрекеттерінің әртүрлілігін байқаған.Осы әртурлі іс-әрекетті ғалымдар оқыту әдістері деп атаған. Мысалы, Mұғалім жаңа тақырыпты материалды түсідіріп тұрады, ол түсіндіру әдісін қолданды, оқушылар жаңа материалды өз беттерінше меңгереді - бұл өз бетінше жұмыс, оқушылар практикалық жұмыс- жаттығуларды орындайды - бұл практикалық, т.с.с болып кете береді.
Оқыту әдісі - тарихи категория. Ертеректе бipeyгe ұқсау, соның іс-әрекетін қайталау әдici көп қолданылған, әcipece, еңбек әрекеті..., сөздік әдістер, сөйлеу іс-әрекеті...
50-шы жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көніл бөлінді. Грузин педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге ала отырып, үшке бөледі: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдістері, оқыту-практикалық сабақтар әдістері.
Білім берудің көпжақтылығы секілді оқыту әдістері де көпқырлы. Оқыту әдістерш жіктеу белгілі бip белгілеріне орай жүйеге келтіру болып табылады. Қазіргі кезде оқыту әдістерінің оннан астам классификациясы бар. Оқыту шектен тыс ауыспалы, диалектикалық процесс. Осыған байланысты оқыту әдістері де сол оқыту процесіне сай, оның қасиеттерін бейнелеуі керек деп ойлаймын
8) Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары, олардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады деп ойлаймын
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс болып табылады