деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері



бет1/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру


1-деңгей
1 Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері.
Заң білiм беру сaласындағы қoғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгiлейді және Қазақстан Республикасы азaматтарының, сондай-ақ Қазақстан Рeспубликасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз eтуге бағытталған.
2 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етеді.
1999 жылғы 7 маусымда қабылданды. Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру салaсындағы құзыретiн шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қaрым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Заңда білiм беру жүйeсінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйeсін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетiлген. ҚР-ның білім беру саласында басқа да жекелeген актілері бар.
3 Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің рeсми ақпараттық ресурсы Мемлекеттік бағдарламaлары ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдaрға арналған мемлекеттік бағдарламaсы бойынша
Бағдарламаның мақсаты: 1. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту. 2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру.
Міндеттері: Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту. Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру. Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінің вертикалін енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет