Байланысты: 1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру
90 сұрақ Елімізде реформаға жиі ұшырай¬тын екі сала болса, соның бірі – білім. Әй¬теуір, осы салада өзгерістер бо¬ла¬ды да жатады. Былтыр жалпы бі¬лім бе¬ретін мектептердің оқу бағ-дар¬¬ла¬масы жаңа мазмұнға көше бас¬тବғанда қоғамның пікірі екіге жарыл¬ды. Көп ата-ананың көкейінде «бұ¬рын¬нан қалыптасқан классикалық жүйе¬мен оқыта берсе қайтеді, бәріміз де сонымен оқып-ақ адам болдық қой» деген ой тұрды. Алайда білім са¬ласындағы мамандардың өз уәжі бар. Олардың пікірінше, білім сала¬сы да бір орнында тоқтап қалмай, әрі қарай дамуы керек. Ғылым мен технологияның қарқынды дамуы оқыту әдістемелеріне де тү¬бе¬гейлі өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Осыған сәйкес білім бе¬рудің бас-ты құралы – оқулықтар да заман талабына сай өзгеруі тиіс.
Біздің елде оқулық тегін беріледі. Бұл өзге елдермен салыстырғанда білім саласына көңіл бөлінеді деген сөз. Экономикасы дамыған батыс елдері мен алпауыт Америка, күн шығыста орналасқан көршіміз Қытай мен Корея елдерінің оқушылары жаңа оқу жылы басталар алдында оқулыққа мемлекет тарапынан белгіленген мөлшерде салық төлеп қол жеткізеді. Тіпті, Америка Құрама Штаттарында оқулық сату ісін кәсіпке айналдырған агенттіктер пайда болған. Үкіметтен қолдау күтпейтін, баласының болашағына инвестиция құйып үйренген америкалық бай отбасылар 500-1000 долларға дейінгі бағаға сатып алатын көрінеді. Сонымен қатар, АҚШ-та оқулықтармен бірге оның электронды нұсқалары, бейнесабақтары қоса сатылады. Бұл жағдай өркениеті дамыған батыс қоғамының түсінігіне сіңіп кеткен.
Ал бұрынғы посткеңестік, қазіргі ТМД елдерінде оқулық тікелей мемлекеттің тарапынан тегін беріледі. Тегін беріледі дегеніміз қате болар, әр оқушыға бір жылға пайдалануға үлестіріледі. Оқушы жыл басында алған оқулығын келесі сыныпқа көшер кезде мектеп кітапханасына өткізіп отырады. Бұл мектеп өмірінің айнымас қағидасына айналып кеткен дәстүр десек те болады. Кітапханадан оқулықтарды жеке басына аманаттап алу, оларды бір жыл ұқыптылықпен ұстап, келесі буынға тапсыру оқушыларға үлкен жауапкершілікті сезіндіреді. Жас бала кішкентайынан таза, ұқыпты, өз затына қамқорлықпен қарап, ерекше сезімтал болып өседі.
Отандық оқулықтарымыздың келесі ерекшелігі – тапсырмаларының қызықты әрі өмірден алынғандығында. Мысалы, математика оқулығындағы кейіпкерлердің есімдері қазақша қойылған. Оқып отырған оқушы өзінің досын немесе танысын көз алдына еркін елестетіп ойлай алады. Әсіресе, өзін-өзі тану, көркем әдебиет сынды бастауыш сынып оқулықтарында үлкенге құрмет, ұлттық сана мен ата-әженің аялы алақаны, ізгілік пен мейірім сынды адамгершілік қасиеттер көп насихатталады. Кітаптың бұл қасиетіне байланысты, кеңестік кезеңдегі танымал педагог В.А.Сухомлинский: «Менің педагогикалық ұстанымымның бір ақиқаты, кітаптың тәрбиелік күшіне деген шексіз сенім саналады.
Мектеп дегеніміз, ең алдымен, кітап. Тәрбие – ең алдымен, сөз, кітап, жанды адамдық қарым-қатынастар. Кітап – құдіретті қару. Дұрыс жазылған кітап көп ретте адам тағдырын шешеді», - депті. Ендеше, бала тағдырының баспалдағы болатын мектеп қабырғасында алған білім, оқыған оқулық жас сәбидің болашағына тікелей әсер етеді деп айта аламыз. Қазіргі қоғамда көп ата-ана баласына қосымша кітаптар оқыта бермейді. Оқушылардың басым бөлігі мектеп оқулықтары мен хрестоматиядан аспайды. Сондықтан да, сапалы әрі түсінікті оқулық баланың тікелей білім алатын ошағы.
Қазіргі оқулықтардың сапасы туралы айтқанда оның бірнеше жақтарын қарастыру керек. Оқулық – оқытудың басты құралдарының бірі екені белгілі. Оқулықтың мазмұны, құрылымы, оқу материалдарының берілу әдісі, тапсырмалар түрлері және тағы да басқа әдістемелік элементтері оқыту үдерісінде негізге алынған тұжырымдамаларға, педагогикалық көзқарастарға, нақты оқыту әдістемесіне негізделеді. Оқулықтың сапасы оқыту мақсатына жетудегі және қойылған оқыту міндеттерін шешудегі тиімділіктерімен анықталады. Қазіргі қолданыстағы оқулықтар білім беру стандартына, оқу бағдарламаларына сәйкес. Оның мазмұны және құрылымы, оқу материалдарының ғылымилығы, әдістемелік аппараты элементтері де бүгінге дейін қойылып келген талаптарға жауап береді. Бұл оқулықтарда кемшіліктер жоқ деген сөз емес. Отандық оқулықтардағы кемшіліктердің бірі – иллюстрациялардың сапасы, безендірілуі. Сонымен қатар оқулықтарда әр пәннің мазмұнының ерекшілігіне қатысты кемшіліктер де кездеседі. Тарих оқулықтарында тарих даталар бойынша сәйкессіздіктер баршылық.
Бұрын оқушы үшін ақпарат көзі тек оқулық болса, қазіргі кезде ондай ақпарат көздері өте көп. Соған байланысты оқулықтың атқаратын қызметі де өзгереді. Ол бірінші кезекте оқушыға білім елінде бағдар беруші қызметін атқаруы тиіс. Биылғы оқу жылы бірінші сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша әзірленген жаңа оқулықтармен білім алатын болады. Бұл оқулықтардың құрылымы, безендірілуі, олардағы мәтіндер, тапсырмалар қолданыстағы оқулықтардан бөлек. Оларды әзірлеу барысында авторлар оқулықтану саласындағы замануи жетістіктерді барынша пайдалануға ұмтылған… Біздің сарапшылар да осы оқулықтардың жаңартылған білім мазмұны енгізудегі басты ұстанымдарға сәйкестілігін бағалауға тырысты. Осы оқулықтарды білім беру жүйесіне енгізу барысында әзірлеушілер ғана емес, біздің сарапшылар да үлкен тәжірибе жинақтады деп ойлаймын. Өйткені олар оқулық сарапшылар үшін “Назарбаев зияткерлік мектептері” арнайы өткізген біліктілік арттыру курстарынан теориялық білімдер алып қана қоймай, өз білімдерін практика жүзінде пайдаланып, қажетті іскерліктері мен дағдыларын жетілдірді.
Менің ойымша осы аталған қателіктерді түзету арқылы оқулықтарды жетілдірі мүмкіндігі үлкен. Кітап –білім бұлағы!