деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері



бет48/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру

78.Тестік бақылау
Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген мағынаны білдіреді. Педагогикада тест пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джодж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған.
Оқушылар білімін, білігін және дағдысын тексеру – оқыту үрдісінің ең маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының үлгерімін қадағалау арқылы іске асады. Жүйелі түрде тексерудің диагностикалық, білім беру және тәрбилік маңызы зор. Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті, алдын-ала, қорытындылау деп бөлінеді. Әдістеме бойынша ауызша, жазбаша және эксперементтік деп бөлуге болады. Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.


79 оқытуда жекелік тұрғыдан қарауды тиімді жүзеге асырудың шарттары
Оқытудағы жеке көзқарасты сәтті жүзеге асырудың қажетті шарты, ең алдымен, мұғалімнің педагогикалық әдептілігі болып табылады. Балаға үндеудің тыныш үні, көтермелеу сөзі, жақсы жауап үшін мақұлдау, әдемі жазылған жол өрескел ескертуден, айқайдан гөрі көп нәтиже береді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылар әле онша ұжымға бейімделмеген .Сондықтан әрқайсысының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін білу жолдарын үйрету.
Тұлғаның сезім мүшелері арқылы, санасына ықпал ете отыра,оның өмірлік ұстанымын,көзқарасынсенімін қалыптастыру.Ол үшін жасөспірімдерге жағымды мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсіндіріп,адам,қоғамөмірінен тәжірибе,үлгі келтіре отыра;олардың жан-жақты әрекеттерін ұйымдастыру қажет.Себебі ,тұлғаны қалыптастыруда ең алдымен оның ішкі жан дүниесінің,санасының дамуы ерекше орын алады. Яғни біз олармен әңгіме,әңгімелесу,саяхатқа шығу ,т.б.арқылы іске асырамыз.Солардың ішінде ең көп қолданылатын-этикалық әңгімелер.Бұның негізі-қоғамдық моральмәселелері бойынша жүргізіледі.Этикалық әңгіменің мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға,түрлі іс-әрекеттерге,жағдайларға баға беруге,соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасын,қарым-қатынасын қалыптастыру.
Оқушылардың азаматтық,саяси және адамгершілік міндеттерге тжауапкершілігін тәрбиелеу.
Әңгіме тақырыптық мақсатыайқын белгіленуі, мазмұны нақтылы фактілермен дәлелденуі,оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп,қарапайым тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет.Әдістердің бұл түрі көбінесебастауыш сынып оқушылары және жеткіншек жастағы балалармен жүргізілді.
Әңгімелесу сынып ұжымының өмірі мен оқушылардың мүддесіне сай таапқырлықтарды талдау,оған олардың белсене араласуын,қойылған мәскелеге сын көзбен қарап, нақтылы қөорытындылар жасау қажеттілігінен туындайды. Сондықтан да бұл әдіс жалпы орта білім беру жүйесінің негізгі сатысында,яғни 5-9сынып оқушыларымен жүргізіледі.
Әңгімелесуді қолдану барысында тәрбиешілер тарапынан көңіл бөлетін жағдай мыналар:
-әңгіме тақырыбы қызықты,әрі проблемалық сипатта болуы;
-оқушылардың қойылғанмәселені талқылауға белсене араласуы;
-Оған сын көзбен қарап,нақтылы қорытындылар жасауы;
-Оқушылардың көңіл-күйілері көтеріңкі болуына жағдай туғызу;
-өзара түсінушіліктің болуы;
-олардың ойлары мен жауаптарына зейін қойып ,дұрыс баға беру;
-белсенді оқушыларды және дұрыс жауаптарын көтермелеп,қолдап отыру;
-кемшіліктері болса әдеппен түзету;
Педагогика баланың дамуына өте нәзік, күрделі диалектикалық процесе деп қарастырады. Даму процестерінің қозғаушы күштері ішкі қайшылық күресі. Даму процесінің сан өзгерістері сан өзгерістеріне ауысып отырады. Мысалы: баланың даму процесінде мынадай заңдылықтарды байқауға болады: Алғашқы кезеңде бала тілінің дамуы, оның түсіне білуіне және сөздік қорына байланысты. Сексеннен астам сөздерді меңгергеннен кейін баланың айналадағы адамдармен қарым –қатнасы кеңейіп, олардың сұрақтарымн сөздеріне түсіне бастайды. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психикалық процестерінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады..
Оқушы мінез –құлқының жақсы ж ағына сүйену, әрине, оның мінез -құлқындағы кемшіліктер мен нашар жақтарын назардан тыс қалдыруға болатыныгн білдірмейді. Дегенмен, бұл кемшіліктерді тым бадырайтып, әр қадам сайын ескерте берудің жөні жоқ. Кемшіліктері көп ескерілетін балалар өздеріне түзелмейтін адам ретінде қарай бастайды.
Жеке адамға талап қою және құметтеу бірлігін сақтау дегеніміз-тәрбиеленушілерге шамалары келерліктей талап қоюды,олардың әлсіздіктері мен қыңыр қылықтарын мақұлдай бермеуді білдіреді.Сонымен бірге балаларға ақпейіл және қамқор қарым-қатынас,ойлы сүйіспеншілік көрсете білу керек.Орыстың тамаша революцияшыл демократы.Н.А.Добролюбов балалармен араласу өнерін ашып көрсете отырып,ең бастысы-баланың адамдық табиғатын құрметтеу деп жазды.
Жағымды қасиеттерді тауып оны тәрбиелік ықпал етудің сүйеніші ретінде пайдаланудың маңызы үлкен.
80. Тұлғаға бағдарлап білім беру-қазіргі қазақстандық мектептегі педагогикалық мәселе.
Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі - жеке тұлғаға бағытталған білім беру.Қазақстандық мектептерде жеке тұлғаға бағытталған білім беру педагогикалық іс әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін- өзі тануын, өзін - өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс - әрекеттер жиынтығы болып саналады.
Соңғы он жылдықта біздің мектептерде оқушыларға шарттары білім және тәрбие берудің парадигмасының өзгеруіне алып келді. Авторитарлық-технократиялық парадигманың орнына білім және тәрбие беру ісінде гуманитарлық жеке тұлғаға бағытталған парадигма келді. Бұл жаңа парадигма оқушының толық тұлғалық дамуына бағытталған, оның өз бетімен оқуын дамыту, шешім қабылдай алу қабілеті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Тұлғаға бағытталған жаңа көзқарас түсінігін айқындау үшін негізгі үш мәселеге тоқтала кеткеніміз жөн.
1. Тұлғаға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын негізгі түсініктер:
- адамның даралық ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі;
- жеке тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік болмысы;
- тұлғаның өзіне тән қасиеттері мен мүмкіндіктерін таныту үрдісі",
- өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік көрсететін жеке тұлға әрекеті;
- мендік тұжырымдаманың болуы;
- педагогикалық қолдау оқушылардың білім алуына, өмірлік, кәсіби өсуіне, психикалық қарым - қатынас бойынша алдын ала көмек беру іс әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру құрылымының негізгі ережелері мен бастапқы жағдайы:
- өзін - өзі белсендіретін тұлға ұстанымы;
- дарашылық ұстаным;
- субъектілік ұстаным;
- таңдау ұстанымы;
- шығармашылық табыс ұстанымы.
3. Технологаялық бөлік. Оған мыналар жатады:
- шығармашылық іс- әрекетке шақыру;
- баланың жеке басының дамуын қолдау;
- оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру.
Жоғарыда аталған түсініктемелер тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын айқындауға мүмкіндік береді, яғни жеке тұлғаға бағыттап оқыту дегеніміз оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс әрекетін ескеретін, жан жақты, яғни интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық қабілетін дамытатын тұлғаның «мәдениетаралық қарым -қатынас субъектісін» қалыптастыру.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту — бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету. Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану.
Жаңа парадигмаға сай оқу процесінің орталығында оқушының қажеттіліктері, қабілеті, мүмкіншіліктері тұрады. Оқушы мүғаліммен қатар оқу әрекетінің субъектісі ретінде танылады, ал мұғалім - ұйымдастырушы, кеңесші, әріптес болып табылады, яғни оқушы іс-әрекетінің педагогикалық көмекшісі болып табылады. Жеке тұлғаға бағытталған парадигма оқу жүйесінің барлық компоненттерін қамтиды.
Жеке тұлғаға бағытталған парадигма оқытудың барлық маңызды қазіргі заманғы амалдарына сәйкес келеді:
- әрекетшіл ( адам іс-әрекет арқылы дамиды);
- әлеуметтік-мәдени (білім - бұл адамның мәдениетке енуі, айналуы);
- коммуникативті-когнитивті (қатынас және таным білім алудың негізгі әдістері);
- біліктілігі (тәжірибеге бағытталған білім берудің нәтижелі мақсатты бағытын анықтайды);
- ортаға бағытталған (тиімді білім беру орталығын жобалауға мақсатталған).
Оқушылардың мектепте алған іскерліктері мен білімі, олардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктері, олардың жеке психо физиологиялық ерекшеліктерін ескеру педагогикалық біліктілік болып табылады. Сондықтан педагогикалық процесте оқу жоспарын және бағдарламаларын кұруда жеке тұлғаға бағыттап оқытудың ерекше маңызы бар.
Н.А. Алексеев және т.б. ғалымдардың ойлары бойынша жеке тұлғаға бағытталған оқытудың технологиялық жағын қамту керек, сондықтан да жеке тұлғаға бағытталған оқытудың педагогикалық технологиясы туралы айтудың маңызы ерекше. Қазіргі кезеңде біздің қоғамымыздың қажеттіліктерінің дамуы бұл технологиялардың белсенді және әр түрлі деңгейдегі технологияларға байланысты болып отыр.
Бұл амалдардың жүзеге асуы үшін Якиманская И.С. мына жайыттарды ескеру кажеттігін айтады:
- оқытудың барлық сатысын қамтитын жүйелі болуы тиіс;
- ерекше білім беру орталығы қажет, әрбір оқушының жекеше таңдаушылығын, оның тиянақтылығын, танымдық стилін көрсету үшін арнайы шарттар ұйымдастыру;
- жеке тұлғаға бағыгталған білім беру жүйесінің мақсатын, құндылығын түсінетін және бөле алатын арнайы дайындалған мұғалім керек.
Ғалым И.С.Якиманскаяның тұжырымына тағы назар аударсақ; жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:
Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту;
Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс;
Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.
И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. "Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”.
Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланың жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Г.К.Селевко мұндай технологияның ең негізгі құндылығы-оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді.
Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді: 1) өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі; 2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік доспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі; 3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы; 4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі; 5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі; 6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі; 7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.
1. В.В.Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырымдамасының мәні төмендегідей:
1. Жеке тұлға дегеніміз-адамның арнайы білім алу және даму аясын білдіретін педагогикалық категория.
2. Адам "жеке тұлға болу” тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын атқара білу тәжірибесін меңгеруі тиіс.
В.В.Сериков жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән заңдылықтарды атап көрсетеді:
1. Жобалау элементі-"тұлға өміріндегі оқиға”, ол кейіннен біртұтас өмірлік нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады.
2. Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі болады: мұнда сұхбаттасу білім беру субьектілерінің өмір сүру тәсілі ретінде танылады.
3. Процесс тұлғалық тәжірибенің бастауы болып шығады.
4. Оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі.
5. Мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті тұлға аралық, субьект аралық қарым-қатынас сипатын алады.
Сонымен, С.В.Кульневичтің атап көрсеткеніндей, білім беру процесін тұлғаға бағдарлау гуманистік педагогикалық мәдениет құндылықтарына ықпал етеді, бұл дегеніміз-білім алу емес, бала өміріндегі білімнің жеке тұлғалық мәні; жекелеген білік-дағдылар емес, жеке тұлғаның жеке ерекшеліктері, өзіндік дербес оқу қызметі, өмірлік тәжірибесі; педагогикалық талаптар қою емес, педагогикалық қолдау мен қамқарлық көрсету және мұғалім мен оқушының сұхбаттасуы; білім көлемі емес, меңгерілген ақпарат мөлшері емес, оқушының жалпы жеке тұлғалық өсуі, дамуы және өзін-өзі дамытуы.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқу процестері: дамыта оқыту; баланың жеке ерекшеліктерін қалыптастыруға педагогикалық қолдау көрсету; тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту құралы ретінде қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты-адамды қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру. Мұндай технологияларға. Ынтымақтастық, сұхбаттастық, әрекетшілдік-сипатшылық әрекеті, баланың жеке дамуын қолдауға бағытталуы, оған дербес шешімдер қабылдауға, шығармашылыққа, мұғаліммен өзара шығармашылық ынтымақтастығына қажетті кеңістік пен еркіндік беру сипаты тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет