деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Қазіргі бастауыш мектептегі оқытудың сыныптық және сыныптан тыс формалары



бет47/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру

76.Қазіргі бастауыш мектептегі оқытудың сыныптық және сыныптан тыс формалары
1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады және жетілдіріледі.
Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:
- оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;
- оқу орнына қарай: мектептік және мектептен тыс формалар;
- мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тәжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;
- оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ /90 минут/, әр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар:
- лекция;
- семинар;
- пәндік үйірмелер;
- топсеруен;
- факультативтер;
- кеңес;
- қосымша сабақтар;
- үй тапсырмасы;
- оқытудың жекелік формасы.
2. Сыныптық-сабақтық форманың ерекшеліктері: шамамен бір жастағы және даярлық деңгейі бірдей оқушылардың тұрақты құрамы; әрбір сынып өзінің жылдық жоспарына сәйкес жұмыс істейді /оқытуды жоспарлау/; оқыту процесі жекеленген өзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бөліктер түрінде /сабақтар/ жүзеге асырылады; әрбір сабақ тек бір пәнге арналады /монизм/; сабақтардың тұрақты түрде ауысып отыруы /сабақ кестесі/; мұғалімнің жетекші ролі /педагогикалық басқару/; оқушылардың танымдық іс-әрекетінде әр қилы түрлерді және формаларды қолданады /іс-әрекеттің вариативтілігі/.


77.Р.Г.Лембергтің дидактикалық мұрасындағы сабақтың мазмұны мен құрылымы мәселелері
сипаттамасы: Қазақстандағы педагогика ғылымы, оның даму болашағы. Қазақстандағы білім беру жүйесі, әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алу-бәсекелестікке сай болу міндеттерін жүзеге асыру. «Қазақстандағы педагогика ғылымы» болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда үлкен роль атқарады. «Қазақстандағы педагогика ғылымы» оқу пәнін игеруде жалпы және педагогикалық мәдениеттің құрамдас бӛлігі ретінде оқыту педагогикалық ой-пікірдің даму бағыттары туралы түсінік береді. Бұл пән арқылы болашақ мұғалімдер Қазақстандағы педагогикалық ғылымның мақсатын анықтап, әдіснамасы және әдістерімен танысады. Пәнді оқытудың мақсаты: Болашақ педагог мамандарға қазақстандағы педагогика ғылымының дамуын, педагогикалық кӛзқарастардың теориялық негізін меңгерту, отандық педагогиканың бай қазынасы мен мұраларын игерту. Пәнді оқытудың міндеттері: - отанымыздағы мектеп пен педагогикалық тарихын түсіну; - қоғамның қазіргі заман дамуы жағдайында ӛткеннің тәжірибесін шығармашылықпен қолдану; - тәрбие ісімен айналысқан кӛрнекті ойшылдармен, түрлі тарихи дәуірлердегі және халықтық педагогикамен таныстыру; - Қазақстандағы педагогикалық мұраға қызығушылығын және оны зерттеуге, меңгеруге ұмтылысын ояту; - Педагогикалық сана мен тарихи-педагогикалық идеяларға ӛзіндік жеке бағасын беру.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет