деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


) Әдістердің оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі



бет4/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру
Сауалнама зорлық-зомбылық, 87486, Презентация1, 7d, Õèìèÿëû? ðåàêöèÿëàðäû? ýíåðãåòèêàñû ìåí áà?ûòû 1í?ñ?à, Документ (12), педагог сөж5, инкл. сем4, инкл. сем5, «О айдан иын а» ережесі ай принципке жатады т сініктілік, ана тили 5, ана тили 6, 0b22368cc348d811c7d8f39a13dcc23bde08227fb0da628ae9bdc2b6c6fa52b9 (1)
9) Әдістердің оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі.
Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Әдіс – оқыту процесінің негізі деп айтуға болады, ол алдын-ала жоспарлан ған мақсат пен соңғы нәтижені байланыстыратын звено болып табылады.
Оқыту әдістері – бұл педагог пен оқушының оқу мақсатына жетуге бағытталған реттелген іс-әрекеті.
Оқыту — қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары мынадай:
— білім беру — бұл мақсат окушылардың танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
— тәрбиелеу — әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді. Менің ойымша мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын, тәрбие міндетінің қоғамның мақсаты мен талап – тілегінен туындайтын, теория мен тәжірибенің бірлігін, әрекет – дамытудың көзі екендігін, қарама – қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипатын, оқыту мазмұны мен жоспар бағдарларының оқу – тәрбие мақсатымен сәйкестігін, т.б нақты білуі керек. Бұл білімдер мұғалімнің педагогикалық процесте қателіксіз еңбек етуіне мүмкіндік жасайды деп ойлаймын.
10. Оқытудың белсенді әдістері
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру – мамандардың басты мақсаты, талабы деп айтсақ болады.
Ол өзін — өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сондықтан интербелсенді оқыту технологиясының бірі ретінде кейінгі кезде қолданысқа ене бастаған, жобалап оқыту технологиясына кеңінен тоқталсам:
 Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі болып табылады. Оқытушы жұмыс тәртібін ұсынады, білім алушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
 Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Білім алушы сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Білім алушылар қосымша ақпарат жинайды, оқытушы ақылдасады, ойын барысы және мазмұны туралы өзара талқылайды.
 Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Оқытушы ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде оқытушының міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, білім алушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініш бойынша оның жұмысына көмектесу.
 Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Оқытушы талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз позицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.
Бұл технологияны пайдалану әр білім алушының іс-әрекетін сабақтастыруға, оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік беретіні хақ.
Интербелсенді оқыту технологиясы бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет