Сабақ № Тақырып: Инклюзивті білім беру мәселелері Мазмұны



бет1/2
Дата25.10.2022
өлшемі22,45 Kb.
#154776
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
инкл. сем4


Макар Нұргерім Пимно-111
Семинарлық сабақ № 4.
Тақырып: Инклюзивті білім беру мәселелері
Мазмұны:
1. Инклюзивті білім берудің мәні идеологиясы
2. Инклюзивті ортада білім беру мәселелері
Әдістемелік нұсқау:«Үлкен шеңбер» әдісі.


Инклюзивті білім берудің мәні идеологиясы
Қазіргі қоғам толыққанды деп есептелмейді, егер қандай да бір адамдар тобына қатысты дискриминациялау бар болса. Мысалы, А.Д.Уорд бойынша, «кез-келген, әділеттілікке және адам құқықтарын сақтауда халықаралық ережелерге ұмтылатын мемлекет, барлық балаларға қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, білім беруде заңдарды басшылыққа алуы керек. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты, мұндай мемлекет оларға жас ерекшеліктеріне сай білім алу мүмкіндігін іске асыру міндетті. Инклюзивті білім беру тұрақты даму, қоғамдағы қалыптылық, күрделеніп келетін қоғамда адамның әлеуметтенуінің негізі болуы тиіс. Адамдардың әлеуметтену мен бейімделу мүмкіндіктері өмірлік жағдайлар мен жеке тұлғалық қасиеттерге тәуелді емес, олар білім беру жүйесімен тығыз байланысты. Білім беру сөзінің мағынасын кеңінен қарастыратын болсақ – ол адамның пайда болуы, оның өмірінің ерекшеліктері, өмірлік тәжірибені жинақтауы, ал мұның барлығы нақты әлеуметтік–экономикалық жағдайларда индивидуалды–жекетұлғалық капиталдың өсуіне қажет болады. Инклюзивті білім берудің тереңдігі, жылдамдығы және материалдық тұрғыдан аса үлкен салымдарды қажет етпейтіндігі, оның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени мәселелерді нәтижелі шешуге әсер ететін аймақтардың бірі болуын анықтайды. Әлемде өзінің экономикалық және мәдени прогресімен инклюзивті білім беруге міндетті емес бір де бір мемлекет жоқ. Инклюзивті білім беру әр балаға оның мектепте оқу көрсеткіштеріне сәйкес немесе сәйкес еместігіне қарамастан, білім алуға құқық береді. Балалар ұжымда өзара байланысқа түсіп, қарым-қатынас ережелерін меңгереді, педагогпен бірге шығармашылық тұрғыдан білім алу мәселелерін шешуге үйренеді. Сенімділікпен айтуға болатыны, инклюзивті білім беру барлық балалардың жекетұлғалық мүмкіндіктерін кеңейтеді, адамгершілік, толеранттылық, көмекке келу қасиеттерін қалыптастыруға, дамытуға жағдай жасайды.
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті білім берудің жағымды көрсеткіштері анық:
- инклюзивті ортадағы мүмкіндігі шектеулі балалар, арнайы мектепте оқитындармен салыстырғанда, өздерінің қалыпты деңгейдегі құрбыларымен әлеуметтік өзара байланысқа түсуде жоғары деңгейді көрсетеді.
- Инклюзивті ортада мүмкіндігі шектеулі балалар күрделі бағдарламалар бойынша оқиды, нәтижесі – дағдылар мен академиялық жетістіктердің жақсаруы. Әрине, арнайы мектепке қарағанда жалпыға білім беру бағдарламалары жоғары әрі күрделі білім деңгейін талап етеді. Яғни, мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті мектепте академиялық міндеттерді шешуге көбірек уақыт жұмсайды, және де, салыстырмалы деңгейде жоғары академиялық нәтижелерді көрсетеді.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қабылдау, инклюзивті сыныптарда кіші топтарға бөліп оқытуға байланысты, нәтижелі қалыптасады. Балалар кіші топтарда педагогтың тапсырмасын орындау барысында кейбіреулерінің даму ерекшеліктері бар екендігін ұмытады. Біртіндеп, қалыпты деңгейдегі балалар өздерінің мүмкіндігі шектеулі балалармен ұқсастықтары көп екендігін түсінеді.
- Инклюзивті сыныптарда қалыпты деңгейдегі балалар мүмкіндігі шектеулі балалармен дос болады.
- Инклюзивті білім беру дамуында ерекшеліктері бар балалардың жалпы білімдерінің қалыптасуына әсер етеді.
- Инклюзивті сыныпта оқыған балалар үлкейгенде де даму ерекшеліктері бар адамдармен араласады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет