Сабақтың мазмұны: Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы мен ойлауындағы ерекшеліктеріне орай берілетін мұғалім тапсырмасы



Дата25.10.2022
өлшемі17,29 Kb.
#154792
түріСабақ
Байланысты:
ана тили 6


Макар Нұргерім ПИМНО-111
6 Тақырып: «Ана тілі» пәнінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне қойылатын педагогикалық талаптар
Мақсаты: Ана тілі сабағында оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай берілетін мұғалім тапсырмасы және оқыту мазмұнын талдау.
Сабақтың мазмұны:
1.Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы мен ойлауындағы ерекшеліктеріне орай берілетін мұғалім тапсырмасы
1.Мұғалімнің сөзі , оқу материалдары бланың жас ерекшелігіне сай түснікті болуы тиіс.оқу материалдарының бәрі де бала үшін өте жеңіл болуы керек.Оқыту барысында балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды ұсынуға болмайды.Сауат ашу кезеніңдегң негізгі оқу материлдары:-жеке сздер,сөз тіркестері,шағын сөйлемдер.Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан жеңіл болса,оны оқуда жазу да қиын болмайды.Оқушыларға сауат аш кезеніңде нақты ұғымды білдіретін сөздер ұсынылады.
2.Көрнекілік.Бұл-бастауыш мектеп тәжірибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс.Бастауыш сыныптар да сабақтардың бірде біреуі көрнекіліксіз өтпейді.Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер,хемалар,ойыншықтар,түлі заттық үлгілер,плакаттар,оқу техникалық құралдар,түрлі дидактикалық материалдар сабақ спасын арттырады.Көонекі құрлдарды тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.
3.Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарында оқушылардың жалпы білімін, ой өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтармен тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады. Талдауға арналған жеке сөйлемдер мен сөздер білім мен тәрбие беру талаптарына сай болу керек.
4. Жеке - дара жұмыс.Әрбір оқушымен жеке- дара жұмыс - сауат ашу жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі. Мектепке балалар түрлі дайындықпен келеді. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысқан балалардың өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізеді. Онсыз мектеп бағдарламасының барша балаға бірдей білім беру талабын ойдағыдай орындауы қиын болады.
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда, олар:
- оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);
- зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім»тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
- жүйелі-әрекеттік тәсілдеме;
- дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
- дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту).

Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:


- ұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;
- оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;
- оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту;
- ойын әдісі;
- «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау;
- сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;
- тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау) ынталандыру;
- оқушылардың білімін жүйелі түрде мониторингілеу;
- оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;
- оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді);
- оқушылардың оқу әрекетін жеке, жұптық, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді);
- оқыту барысында «не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.
Басты назар білім мен сол білімді қолдану үдерісіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек.

3.
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) «білім алуды үйрету» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:

  • зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені білдім» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);

  • әрекеттік тәсілдеме (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді);

  • дамыта оқыту (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);

  • уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);

  • оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді);

  • саралай оқыту (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту, қалыптастырушы баға арқылы қолдау).

«Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:

  • буындық-дыбыстық талдау-жинақтау;

  • проблемалық жағдаят жасау;

  • оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру;

  • ойын және зерттеу әдістері;

  • тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттері (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау);

  • оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;

  • ізденуді және қосымша материалдар қолдануды керек ететін тапсырмаларды орындату;

  • оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;

  • оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді).

Басты назар білімге емес, сол білімді қолдану біліктілігіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет