Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагогикалық практика Педагогикалық тәжірибенің мақсат-міндеттері, түрлері. Үздіксіз практика – болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметінің алғашқы қадамы ретінде



бет1/2
Дата15.11.2022
өлшемі99 Kb.
#158357
  1   2
Байланысты:
Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі


ЖОСПАР

І.КІРІСПЕ


ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагогикалық практика
2.2 Педагогикалық тәжірибенің мақсат-міндеттері, түрлері.
2.3 Үздіксіз практика – болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметінің алғашқы қадамы ретінде.
2.4 Студент–практикант – сынып жетекшісінің, пән мұғалімінің көмекшісі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі
педагогикалық практика

Педагогикалық практика болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау факторы ретінде. Білім берудің жаңа парадигмасындағы педагогикалық практиканың қазіргі түсініктемесі. Жалпы білім беретін мектеп және кәсіби білім беру мекемелері болашақ мұғалімнің кәсіби дамуының тұтас білім алу кеністігі ретінде. Педагогикалық практика кәсіби бейімделудің бастапқы кезеңі ретінде. Жаңа тұтас педагогикалық үдерістегі педагогикалық практикалар жүйесі. Педагогикалық практиканың тұлғаға бағыттылық, комплекстілік, үздіксіздік, шығармашылық сипаттары. Түрлі педагогикалық практикалардың мақсаты мен міндеттері. Педагогикалық практиканың мазмұны. Педагогикалық практиканы ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Педагогикалық практика ретіндегі «мектеп күнінің» мәні мен мазмұны. Педагогикалық практиканың мазмұны мен формаларын жаңарту. Кәсіби педагогикалық құзіреттілікті меңгеру педагогикалық практиканың маңызды нәтижесі ретінде.


Негізгі ұғымдар: педагогикалық практика, педагогикалық практикалар жүйесі, педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеттері, педагогикалық практиканың үздіксіздігі.
Оқытушыны бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістіктерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек», – деп ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, бүгінгі ХХІ ғасыр құрғақ сөз бен бос мақтанның емес, нәтижелі еңбектің бәсекеге түсетін ғасыры. Ғылым мен білім қарыштап, әлем цифрлық дәуірдің есігінен жарыса енген ғасырда ілгері көштен кейін қалмау үшін біздің де білім беру саламыз қашанда соны серпінде болуы керек.
Белгілі ғалым К.Д.Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатса, оның мұғалімдігі де жойылады» деген екен. Олай болса, біз бүгінгі жаһандану заманында өзіміздің ғылыми әлеуетімізбен озық мемлекеттермен иық тірестіреміз десек, онда білім жүйесінде кең қолданыс тауып жатқан инновациялық технологияларды еркін меңгергеніміз абзал. Өздеріңіз білетіндей соңғы жылдары елімізде ғылым мен білім дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтар болсақ: орта мектептерді техникалық құрал-жабдықтармен жабдықтау, сол мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің еңбек ақысын көтеру, олардың сабақ жүктемелерін азайту сияқты көптеген бастамалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы болашақ мұғалімдердің ертеңіне деген үлкен жауапкершілік пен қамқорлықтың айғағы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел экономикасына қаншалықты ауыр болса да ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің дарынды жастарына шетелдің үздің оқу орындарына оқуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасын өмірге әкелген еді. Сол бағдарлама негізінде 20 жылда 15 мыңнан астам жастарымыз әлемнің әр шаңырағында өз білімдерін шыңдап, шетелдік мықты тәжірибелерді меңгеріп, бүгінгі таңда елімізде қызмет істеп, жақсы көрсеткіштерге жетіп отыр. Міне, мұның өзі де, сайып келгенде, ел ертеңіне деген үлкен қамқорлықтың белгісі екені даусыз.
Студенттердің кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық практиканың алатын орны ерекше. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлімі болып саналады, сондықтан болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығын олардың оқу-тәрбие мекемелеріндегі практикалық қызметпен ұштастыру міндетке алынады.
Педагогикалық практика оқыту мен тәрбиенің принциптерін, заңдылықтарын толық түсінуге, кәсіби шеберлік пен дағдыны меңгеруге педагогикалық колллективтің тәжірибесін үйренуге, мұғалім жұмысының ғылыми-теориялық негізін сапалы түрде меңгеруге ықпалын тигізеді.
Педагогикалық практиканың маңызды міндеттері – оқу-тәрбие әдістерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрету, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну болып табылады.
Педагогикалық практика процесіндегі болашақ мұғалімнің педагогикалық іскерлігі мен өзіне тән кәсіптік сапаларын қалыптастыру міндеті шешіледі, ал оған мыналар жатады:

  1. Қоғамдық-саяси, педагогикалық және арнайы білімдерді орнықтыру, тереңдету әрі байыту, оларды нақтылы оқу-тәрбие міндеттерінде шешуге қолдау.

  2. Мұғалім мамандығына деген ықыласы мен сүйіспеншілігін, өзінің кәсіптік-педагогикалық тәжірибесі мен біліміне қажеттілігін, педагогикалық қызметке творчестволық тұрғыда қарауды ұдайы тәрбиелеу.

  3. Мектептегі орта кәсіптік-техникалық гимназиялардағы оқу-тәрбие жұмысының қазіргі жағдайымен, педагогикалық озат тәжірибесімен танысу, балалар мен жеткіншектерге тәрбие беру міндеттерін шешуде оқу-тәрбие мекемелеріне қолдан көмек көрсету.

  4. Мектептегі оқу-тәрбие процесінің міндеттерімен және мазмұнымен танысу:

  • оқушылар коллективін, олардың жас және дара ерекшелігін зерттеп білу;

  • педагогика, психология, жас ерекшелігі физиологиясы және мектеп гигиенасы пәндері бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау;

  • сабақтас тыс жекелеген тәрбие жұмыстарын дербес дайындап өту;

Қорыта айтқанда, педагогикалық практика студенттердің педагогика және психология курсы бойынша теориялық білімдерін баянды етеді, кәсіби шеберлігін шыңдайды, нағыз маман дәрежесін ұғынуға, өз таңдаған мамандыққа қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша студент-практиканттың тапсыратын іс-қағаздарының тізімі

  1. Практиканттың бағдарламасының барлық бөлімдері көрсетілген жеке жоспары.

  2. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы жөніндегі жоспары.

  3. Сынақ тәрбиелік шараның разработкасы.

  4. Тәрбиелік іс-шараға педагогикалық талдау жасау.

  5. Шығармашылық және ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есеп.

  6. Практиканттың педагогикалық практика барысындағы орындаған жұмысы бойынша нақтылы тұжырымдары мен ұсыныстары көрсетілген есебі.

Болашақ ұстаздың мектеп тəжірибесінде оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруда, сондай-ақ, жеке пəнді оқытуға педагогикалық ықпал жасауда оның психология ғылымынан алған теориялық білімін практикада қолдануға мүмкіндік туады. Педагогика үшін психологияның негіздерін іс-жүзінде пайдалану, тұлғаның дамуындағы өзіндік заңдылықтарын, баланың жас жəне дербес ерекшеліктерін білу, оқыту мен тəрбиелеудің неғұрлым тиімді əдіс-тəсілдерін таңдауға, оларды іс-тəжірибеде, практикада қолдануға теориялық негіз болады.
Педагогикалық практика маңызы,мазмұны.
Болашақ ұстаздың мектеп тəжірибесінде оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруда, сондай-ақ, жеке пəнді оқытуға педагогикалық ықпал жасауда оның психология ғылымынан алған теориялық білімін практикада қолдануға мүмкіндік туады. Педагогика үшін психологияның негіздерін іс-жүзінде пайдалану, тұлғаның дамуындағы өзіндік заңдылықтарын, баланың жас жəне дербес ерекшеліктерін білу, оқыту мен тəрбиелеудің неғұрлым тиімді əдіс-тəсілдерін таңдауға, оларды іс-тəжірибеде, практикада қолдануға теориялық негіз болады. Педагогикалық практика кезінде сынып оқушыларын психологиялық тұрғыдан зерттеу, болашақ мұғалімнің бала дамуын жəне оның жеке тұлға ретінде қалыптасу барысын дұрыс жобалауға, оған психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дұрыс, оңды ықпал жасауға жəне олармен жұмыс істеудің неғұрлым тиімді жолдарын табуды үйренеді. Студент – педагогикалық практика кезінде жоғары оқу орны қабырғасында алған, жалпы теориялық білім, білік, дағдыларын мектеп іс- тəжірибесінде алғаш қолданады, оны іс-жүзіне асырады.
Педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері 
Педагогикалық практиканың мақсаты 
Педагогика, психология курстарын оқу барысында студенттердің алған теориялық білімдерін тереңдету жəне бекіту; алғашқы дағдаларын меңгеру; пəн мұғалімінің жұмысымен танысу. 
Педагогикалық практиканың міндеттері
Студенттердің педагогикалық практикасы мынадай негізгі міндеттерге бағытталған: - болашақ мұғалімнің бойында мамандыққа деген бейімділігін қалыптастыру; - студенттің педагогика, психология жəне информатиканы оқыту əдістемесі пəнінен алған теориялық білімдерін практикада шыңдау; - студенттерді педагогикалық қызметке тарта отырып, мектеп оқушыларымен оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда білім, білік, дағдыларын қалыптастыру; - болашақ мамандарды өз бетінше жұмыс істеуін жоспарлауға, ұйымдастыруға, оқушылармен оқу-тəрбие жұмысын өткізуге, тəрбие мен білім берудің өзекті мəселелерін шешуге шығармашылықпен қарауға үйрету; - болашақ мұғалімдерді қазіргі мектеп жағдайындағы озық инновациялық іс-тəжірибелермен таныстыру, озат мұғалімдердің педагогикалық тəжірибелерін талдап қорыту, оларды игеруге дағдыландыру, ғылыми-зерттеу жұмысына (курстық, дипломдық жəне т.б.) байланысты материалдар жинақтау; - студент информатика пəнінің əдістемелік негіздерін жетік біліп үйрену, бейімделу, пəн бойынша дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдар пайдалану; - оқушыларды жан-жақты дамытуда олардың танымдық іс-əрекеттерін, алға қойған мақсатқа жеткізуде дидактикалық ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқыту əдістерін дəлдікпен таңдау; - информатика пəнінен өзі өткізген сабақтары мен басқа да студенттердің өткізген сабақтарына ғылыми-əдістемелік тұрғыдан талдау жасай білуге үйрену; - алдыңғы қатарлы мұғалімдердің озық педагогикалық тəжірибелерін зерттеп, оқып үйрену; - студенттің ғылыми-зерттеу жұмысына, сондай-ақ ғылыми-əдістемелік конференцияларға баяндама жасауға материалдар жинау, оны ғылыми жүйеде талдауға келтіру;- оқушыларды жан-жақты дамыту мен олардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсаттарында информатика пəніне қатысты сынып аралық олимпиада, конкурстар, пəн кештерін ұйымдастыру; - оқушыларды тəрбиелеуде жəне олардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуда күрделі сұрақтар жөнінде пікір алысу; - оқушылардың сабаққа үлгермеушілік себептерін жəне оны болдырмау жолдарын анықтау; - оқушылардың жас жəне дербес психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу; - практикант мектеп гигиенасының талаптарын орындау, оқушылардың дене тəрбиесіне көңіл бөлу, денсаулығын жақсартуға байланысты жұмыстар жүргізу. - оқушының қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, басшылық ету, оқушыларды өнегелікке тəрбиелеуде аға ұрпақ өкілдерімен (халық қаһармандары, өнер адамдары, ақын, жазушылар, спорт шеберлері жəне т.б.) кездесулер өткізу, этикадан əңгіме, пікірталас ұйымдастыру, сынып жиналыстарын өткізу, сынып ұжымының белсенділерімен жұмыс істеу; - өзі өткізген жəне басқа да практикант-студенттердің өткізген ашық тəрбие сағаттарына қатысып, оларға талдау жасау; - сынып жетекшілігі ретінде бөлініп берілген сынып оқушыларының ата- аналарымен жұмыс істеу, яғни, бала тəрбиесі жайында ата-аналармен жеке əңгіме өткізу; - сынып ұжымы оқушыларымен болашақ мамандық таңдауға байланысты жұмыс жүргізу, оларды бағыттау, осы бағытта ата-аналарымен жұмыс істеу, оларға ғылыми негізде жан-жақты мəлімет беру. 1.2 Педагогикалық практиканың мазмұны 
Болашақ мұғалім мамандығының иесі – студент педагогикалық практика кезінде педагогтық қызметке қажет практикалық білім, білік, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға жəне дамытуға көңіл аудару керек; сынып жетекшінің жəне жеке пəнді оқытатын мұғалімнің оқу-тəрбие (сыныпта, сыныптан тыс) жұмысын жоспарлай білу; сынып ұжымы оқушылары мен жеке оқушының жас жəне дербес ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттей білу; тəрбиенің өзегі, бесігі болып табылатын халықтық педагогиканың озық үлгілерін басшылыққа алу. Оқу үрдісінде педагогиканың ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқушы тұлғасын жан-жақты дамытып, дүниетанымын қалыптастыру. Оқыту оқушыларға тек ақыл-ой тəрбиесін қалыптастыруда білім беріп қана қоймай, олардың танымдық қабілеттерін (байқағыштық, зейінділік, зеректік, есте сақтау, шығармашылық, қиял, сөйлеу, ойлау) қалыптастыруға көмектеседі. Оқыту үрдісінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, олардың рухани дамуын жетілдіру – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Оқытудың тəрбиелік сипатын күшейту, ең алдымен, оны өмірмен, еңбекпен ойдағыдай байланыстыру, оқушының жүйелі түрде ой еңбегі мен мінезін тəрбиелейді. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыруда, берілетін мазмұны мен оны ұйымдастырудың əдіс-тəсілдерін жəне құралдарын (оқулық, кітаппен жұмыс істей білу дағдыны, диафильм, компьютер, эпидоскоп жəне т.б.) пайдалана білу шешуші рөл атқарады. Бұл орайда практикант-студент жеке тұлға дамуының мынадай негізгі белгілерін (дербестігін, шығармашылық іс-əрекетін, диалектикалық ойлау жəне т.б.) байқап, оқушылармен жеке-дара жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен, сайып келгенде оқытудың негізгі үш функциясын: 1) Білімділік (ғылым негіздерімен қаруландыру); 2) Тəрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру); 3) Дамытушылық (тұлғаның таным қасиеттерін арттыру). Педагогикалық практика кезінде студенттер өз мамандығы бойынша пəн мұғалімі жəне бір сыныптың сынып жетекшісі міндетін басшылыққа алып жұмыс істейді. Педагогикалық практиканың ерекшелігі жоғары оқу орнында алған теориялық білім негіздерінің мектеп тəжірибесінде жүзеге асуы, мағынасының тереңдеуі жəне студенттің өз бетінше жұмыс істеуінің жоғарылауы. 
Педагогикалық практика жайлы мəліметтер 
Жоғары оқу орны студенттерінің педагогикалық практикасы оқу үрдісінің шектеулі бөліктерінің бірі болып табылады. Ол студенттердің белгілі бір штаттағы жұмыста немесе жалақысыз, штаттан тыс көмекші ретінде өз бетімен жұмыс істеу тəжірибесін арттыру, сонымен қатар ғылыми педагогикалық, зерттеу белсенділіктерін арттыруда, білім берудегі нақты мəселелерді шешуде жəне теориялық білімді тереңдету мен бекіту мақсатында қызмет жасайды. Студенттердің педагогикалық практикадан өтуі жоғары оқу орнының оқу жоспарында берілген міндетті жəне таңдау пəндерін оқығанмен тең болып табылады. 2. Педагогикалық практикаға теориялық оқытудың барлық кредитін жинаған жəне оқу-технологиялық практикасынан өткен студенттер ғана жіберіледі. 3. Педагогикалық практикаға барар алдында студент кафедрадан: а) Педагогикалық практика бағдарламасын; б) жеке тапсырма; в) Педагогикалық практика күнделігін алу керек. Практика бағдарламасы жəне жеке тапсырмалар практика жетекшілерімен жасалады жəне кафедра мəжілісінде бекітіледі. 4. Педагогикалық практикаға жақсы даярлықпен баруы үшін, студент педагогикалық практиканың бағдарламасымен жəне алдында тұрған жұмыстардың мазмұнымен толық танысуы тиіс, ұсынылатын оқу-əдістемелік
анықтамалық əдебеттермен танысып, жинақтап, практика жетекшілерінен педагогикалық практика мазмұны туралы қажетті кеңестер алуы керек. 5. Педагогикалық практика Білім министрлігі арқылы бекітілген білім беру жүйесінің оқу орындарында өтеді. Практиканың ұзақтығы 4 апта. Бірінші апта студенттерді оқу орнымен, өзіне бөлініп берілген сынып оқушыларының құрамымен жəне оқу үрдісін ұйымдастырумен таныстыруға бөлінеді. Практикант тəлімгер ретінде бекітілген пəн мұғалімінің сабақтарына қатысады, əр түрлі сыныптан тыс жұмыстармен танысады, сынып жетекшісі мен пəн мұғалімінің көмегімен практика уақытындағы жұмыс жоспарын жасап, оқу ісінің меңгерушісіне көрсетіп бекіттіреді. Қалған апталарда практикант педагогикалық практиканың жалпы жоспары, сонымен қатар тəлімгер-мұғаліммен бекітілген жеке жоспарына сəйкес жұмыс істейді. Педагогикалық практикада студенттер оқушыларға аптасына 4 оқу сағаты көлемінде сабақ жүргізеді. Оқушылармен тəрбиелік жұмыс жасау үшін студенттер сыныптарға бекітіліп, сынып жетекшісі міндеттерін атқарады. 6. Практикадан өту барысындағы студенттің міндеттері төмендегідей: а) оқу орнының ішкі заңдылықтарына толық бағыну; ə) директордың, оның орынбасарының, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, əдіскердің тапсырмаларын орындау; директордың жəне практика жетекшілерінің талаптарын орындамаған жағдайда студент практикадан босатылуы мүмкін. б) бағдарламада қарастырылған практика жұмысының барлық түрлерін орындау, сабаққа ұқыпты даярлану жəне əр түрлі өткізілетін шараларға белсенді түрде даярланып, тəртіптілік, кішіпейілділік, еңбексүйгіштік үлгісі ретінде танылу; в) практиканың барлық кезеңіне арналған оқу жұмыс жоспарын пəн мұғалімімен, тəрбие жұмыс жоспарын сынып жетекшісімен бірлесе отырып құру. Жоспар бірінші аптаның соңында практика жетекшісімен бекітіледі. Практикант өз бетінше сабақ өткізуге жəне оқушылармен сыныптан тыс жұмыс жүргізуге дербес жұмыс жоспары бекітілгеннен кейін ғана жіберіледі. г) практика өткен барлық кезеңдерде күнделік толтырылуы керек. Практиканың алғашқы күнінен бастап пəн бойынша сыныптан тыс жұмыс, тəрбие жұмысы, əдістемелік жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы ескеріліп талдау жасалады. Практика жетекшілері студент жұмысын тексеріп, баға қоюы үшін, студент күнделік пен жеке жоспарын өзімен бірге алып жүруі керек. д) практикант сабақ өткізуден 2-3 күн бұрын сабақ конспектісін бекіту үшін пəн мұғалімі мен əдіскерге (практика жеткшісіне) көрсетуі қажет. Сабақ конспектісі бекітілмеген жағдайда практикант сабақ өткізуге жіберілмейді. е) сабаққа күн сайын 15-20 минут ерте келіп, оқу орнында кемінде 6-сағат болуы керек. Қажет болған жағдайда жетекшінің рұқсатымен жұмыс күнінің арасында кітапханаға баруына, кабинетте сабаққа дайындалуына болады.
басқа студент-практиканттардың өткізген сабақтарына қатысып, талқылауға ат салысуы керек. з) практика өткен оқу орнынан алған оқу-əдістемелік жəне техникалық əдебиеттерді жəне басқа да заттарды қайтарып беруі керек. Практика жайлы есебін, күнделігін жəне мінездемесін растатып, тағайындалған мерзімде жоғары оқу орнына оралуы тиіс. Студент практика барысында туындаған барлық сұрақтарға практика жетекшілерінен: жоғары оқу орнынан, базалық оқу орнының мұғалімдерінен жəне əкімшіліктен кез-келген уақытта көмек сұрай алады. 7. Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша жеке тапсырма практиканың арнаулы бөліміне жатады. Студенттің оқу-зерттеу жұмысы бағытында əр студентке орындауға жеке тапсырма беріледі. Жеке тапсырманың тақырыбы практика жетекшісімен бірге тұжырымдалады. 8. Əр студент практика соңында кафедраға: а) күнделік; ə) педагогикалық практика жайлы есеп тапсырулары қажет; 9. Күнделік студенттің өз қолымен толтыруы қажет. Істелген жұмыстар жайлы аптасына бір рет практика жетекшісіне көрсетуі тиіс. Практика біткен соң студент өзі атқарған жұмысы жайлы пəн мұғалімі мен сынып жетекшісінен мінездеме алуы керек. 10. Практика жайлы есепті студент педагогикалық практиканы өткізуге арналған əдістемелік нұсқаулар мен практика жетекшісінің қосымша нұсқаулары бойынша жасайды. Студент-практикант педагогикалық практика жөнінде есеп бергенде мына мəселелерді қамтығаны жөн: а) оқу орнына, практика мерзіміне қысқаша түсініктеме беру; ə) мектептегі тəжірибелі мұғалімдердің озық жұмыс əдістерін талдап, баяндау; б) өзі сабақ өткізген пəн бойынша техникалық оқу құралдары мен көрнекілік құралдарын жəне басқа да жабдықтарды пайдалануды баяндау; в) сынып оқушыларын тəрбиелеу əдістері мен тəсілдерін талдап, баяндау; г) практиканттың жеке жоспары бойынша практика барысында орындаған жұмысын ( оқу, тəрбиелік, əдістемелік) толық сипаттап жазу. Қорытындыда төмендегідей мəселелер ашылып көрсетілуі тиіс: - педагогикалық практикада жоспардың орындалуы. (Қандай ауытқулар орын алып отырды, не орындалды, не орындалмады? Неге? Жоспардан тыс не істеді?). - практика кезінде жеке пəн бойынша өтілген сабақтар саны, олардың түрлері, сабақ өту барысында қандай қиындықтар туындады? Неге? - пəн бойынша сыныптан тыс үйірме, факультатив сабағын өткізу туралы пікіріңіз. Өзіңде бұл мəселе қалай шешілді? - қандай тақырыпта тəрбие сағаттарын өткізу, қандай негізгі тəрбиелік міндеттер педагогикалық практика кезінде шешілді. Сыныптан тыс өткізілген тəрбиелік жұмыстар жəне оның түрлері. Педагогикалық практика кезіндетəрбие жұмысында нені игеріп, нені үйрендіңіз? Тəрбие жұмысын өткізуде қандай қиындықтар кездесті? - мектепте жасалған практикалық көмек, ата-аналармен жұмыс. Педагогикалық практика кезіндегі көмектің мазмұны мен түрі: топ жетекшілері, педагог-психологтар мен жеке пəннің əдіскері, мектеп директоры немесе орынбасарлары. Оқу жəне тəрбие жөніндегі кімдердің көмегі қандай жағдайда сізге өте пайдалы болды? - педагогикалық практика кезінде жүргізілетін оқу-тəрбие жұмыстарына қандай ұсыныстар мен өзгертулер енгізгіңіз келеді? 11. Есептің қосымшасына төмендегідей құжаттар дайындалады: 1) Форма бойынша жеке жұмыс жоспары; 2) Директордың оқу-тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасары растаған күнделік, 3) 2 сынақ сабақтың конспектісі; 4) пəн бойынша 1 сыныптан тыс шараның конспектісі жəне сынып жетекшісі ретінде өзі өткізген бір сынып сағатының конспектісі; 5) бір сабақтың толық талдауы; 6) пəн бойынша 1 сыныптан тыс жұмысқа жəне сынып жетекшіліктің бір ашық сабағын талдау; 7) ғылыми зерттеу жұмысы бойынша жекеше тапсырма; 8) 1 оқушыға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан жүргізілген мінездеме, ол мұғалім қолымен расталуы керек; 9) мұғалімнің жоспарланған құжаттарының үлгілері (бір айға арналған оқу-тақырыптық жоспар, пəн бойынша факультативтік жұмыстардың жарты жылдыққа арналған жоспары , тəрбиелік жұмыс жоспары). 12. Практика есебін, күнделігін, мінездемелерін практика жетекшісі тексеріп, қорытынды бақылау практиканың соңғы кезеңінде жүргізіледі. Мінездемеде: сыныпта оқу-тəрбие жұмысын жүргізуге дайындығы, жұмысқа қатынас (өздік жұмыс, белсенділік, сабақтарды, сыныптан тыс жұмыстарды өткізуге дайындалуға деген шығармашылық бастамасы), оқушылармен, мектеп ұжымымен қарым-қатынас жасаудағы жалпы педагогикалық мəдениеті ашылып жазылып, педагогикалық практика кезінде жүргізген жұмысына бес баллдық жүйемен баға қойылуы тиіс. Практика біткеннен кейін студент есебін дифференциялданған бағаға қорғайды. 13. Студент-практикант есебі жоғарғы оқу орнынан құрылған комиссияға тапсырылады. Комиссия құрамына информатикадан, педагогикадан жəне психологиядан оқытушы-əдіскерлер, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай практика өткен оқу орнынан практика жетекшілері кіреді. Студенттердің практика бойынша есептері практика біткеннен кейінгі бірінші аптада тапсырылуы тиіс. Практика бағасы теориялық курс бойынша қойылған емтихан бағасына бара-бар болып есептеледі. Практикадан аластатылған, бағдарламаны орындамаған, жұмыс жөнінде теріс пікір алған немесе практика есебін қорғауда қанағаттанғысыз баға алған студент жоғары оқу орнындағы сабақтан босатылмай, қайтадан практика өтуге жіберіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет