«Ана тілі және отбасы» байқауының сценарийі
Армысыздар, құрметті қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен балалар!
Ана тілім, жүрегісің анамның
Жүрек – ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Еліміздегі әрбір отбасын, қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуге, жан – жақты оқып үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіне отырып, ұлттық тілімізді рухани қуат, жасампаздық үрдіс, мемлекетіміздің келешегі, еліміздің ертеңі ретінде жұмылдыру, қазақтың салт – дәстүрі мен әдеп – ғұрпын жас ұрпаққа үйретіп, мемлекеттік тілде сөйлеуді ұлттық мақтанышқа айналдыру, озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Ана тілі және отбасы» байқауына қош келдіңіздер!
Байқау шарттары:
«Ерте, ерте, ертеде...» Қазақ халқының ертегілерін ауызша айту, көрініс қою, өз туындысы, т.б. бойынша сайыс / тапсырмаға 5-7 минут/;
«Тыйым сөздер – тәрбие көзі» Қазақ халқының ырымдары мен тыйым сөздерінен сайыс / тапсырмаға 3 – 5 минут/;
«Салт-дәстүр – асыл қазына» Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлері мен әдеп – ғұрпы туралы топтар арасындағы сайыс / тапсырмаға 4-5 минут /;
«Мақал – мәтелдер даналыққа бастайды» Мақал – мәтелдер, нақыл – сөздер айтудан жарысады / тапсырмаға 4-5 минут /;
«Өнерліге өріс кең» Ән, би, өлең оқу, т.б. / тапсырмаға 10-13 минут /.
Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Әділқазы алқасымен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
4.
Байқауды бастамас бұрын баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз – Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!
Бөбекжай – бақшамыздың әсем бишілерінің орындауында «Илигай» биін қабыл алыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |