ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-28.1.23/02-2013
|
ПОӘК
«Қазақ әдебиеті сынының тарихы»
пәнінің студентке арналған жұмыс бағдарламасы
|
______2013 жылғы
№ 1басылым
|
5 В 011700 – «қазақ тілі мен әдебиеті»
мамандығына арналған
«Қазақ әдебиеті сынының тарихы»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ, 2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Семинар сабақтары
4 ОСӨЖ тапсырмалары
5 Студенттің өздік жұмысы
6 Тест тапсырмалары
1 ГЛОССАРИЙ
1.1 Ән өлеңі - әнге арнап жазылған, әнмен айтылатын өлең, әдебиеттануда поэзияның жанрлық саласы ретінде қарастырылады.
1.2 Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі.
1.3 Жыршы ақындар поэзиясы – ауыз әдебиеті дәстүріндегі поэзия, қазақ әдебиетінде бірнеше ғасырға ұласып келетін поэзиялық өнердің үлкен арнасы.
1.4 Кітаби ақын – Шығыс әдебиетінің араб, парсы, түркі тілдес халықтарында бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасына таратып отырған, шығыс тілінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса дастандар шығарған өзгешелеу бір топ ақындар.
1.5 Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни әнші, күйші, ойыншы, күлдіргіш, композитор, би, спортқа бейімі бар ерекше үздік жаратылған өнерпаз.
1.6 Терме – қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі.
1.7 Толғау – қазақ, сондай-ақ қарақалпақ, ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі.
1.8 Аллитерация (лат. дыбыстас) – шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы.
1.9 Алтыбуынды өлең - әр тармағы үш буынды екі бунақтан құралатын (3 буын – 3 буын) өлең өлшемі.
1.10 Алтытармақ – қазақ поэзиясында лирикалық өлеңдерде жиі қолданылатын шумақ өрнегі.
1.11 Анафора (гр. биікке шығару) – айшықтаудың (фигураның) үлгісі ретінде көрсетілген шумақтың немесе өлең жолдарының басында үндесе, үйлесе қиысатын бірыңғай бастамалар.
1.12 Антитеза (шендестіру) – екі затты не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады.
1.13 Антоним (қайшы сөздер) (гр. қарсы, атау) – біріне-бірі қайшы қарама-қарсы мағыналы сөздер.
1.14 Ассонанс (лат. үйлесім) - өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.
1.15 Әдеби қаһарман - әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға.
1.16 Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.
1.17 Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі.
1.18 Әлеуметтік лирика – лирикалық жанрдың тақырыптың мазмұнына қарай бөліп қаралатын, қоғамдық өмірге қатысты маңызды мәселелерді қозғайтын ақынның заманға, халықтың бүгінгі тағдырына көзқарасын білдіретін үлкен саласы.
1.19 Градация (лат. біртіндеп көтеру) – дамыту-алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра асқақтата түсу.
1.20 Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
1.21 Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жәй жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады.
1.22 Кейіптеу – жансыз нәрселерді адам кейіпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл.
1.23 Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.
1.24 Қара өлең ұйқасы – төрттармақтың бірінші, екінші және төртіншісі бірыңғай ұйқасады.
1.25 Лирикалық кейіпкер – поэзиялық шығармалардан көрінетін адамның тұлға бейнесі.
1.26 Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, ерекшелігі-адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.
1.27 Лирикалық қаһарман – ақын бейнесінің оның шығармаларынан жинақталған тұтас тұлға ретінде көрінуі.
1.28 Метафора (гр. ауыстырып қою) – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз.
1.29 Параллелизм (гр. қатарлас) – екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі.
1.30 Пейзаж (франц. ел, жер) - әдеби шығармадағы табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі.
1.31 Портрет (франц. бейнеленген) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.
1.32 Прототип (гр. түп, төркін бейне) – кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде болған адам.
1.33 Символ - әдебиетте ойды астарлап, басқан нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне.
1.34 Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.
1 35 Сюжет (франц. зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.
1.36 Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай жағдайлардың бағыт-бағдары.
1.37 Экзпозиция (лат. түсіндіру) – көркем шығармада оқиға дамып өрістейтін орынды, ортаны, ол оқиғаға қатысатын кейіпкерлерді сипаттап, алғаш оқушыға таныстыру.
1.38 Эпитет – заттың не құбылыстың айырықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз.
1.39 Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің не сөз тіркесінің бірнеше қайталанып келуі.
2 ДӘРІСТЕР
Модуль 1. Сыни ой-пікірлердің қалыптасуы
Дәріс 1. 1. Сыни ой-пікірлердің тууы мен дамуы
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең – қазақ әдебиет сынының туу дәуірі. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші кезең – қазақ әдебиеті сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтиды. Үшінші кезең – қазақ әдебиет сынының өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі 1938-1985 жылдар аралығы.
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының өсіп өркендеуінің соңғы екі кезеңі пәлендей дау туғызбайды. Ал бірінші кезең, яғни қазан төңкерісіне дейін қазақ әдебиет сынының туу дәуірі жайлы әр қилы сиырқұйымшақ ой-пікірлер бар.
Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келеді. Көркемдік даму мен эстетикалық талап-талғамның өркендеу процесі уақыт жағынан бір-бірінің ілгері-кейіндігіне қарамастан, өзара байланысты болады. Сынның эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігімен өлшенеді.Әдеби сынның туу, қалыптасу мәселелері тек шығармашылық қана емес, саяси-әлеуметтік мәселелерімен де байланысты болғандықтан әдебиет сыны тарихында қарастырмау мүмкін емес. Оның дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігіне тәуелді.
Сынның жазба әдебиетке тән жанр екені, онымен үзеңгі қағыса тарихи-эстетикалық сахнаға шығатыны, көркем әдебиеттің бүгінгісіне назар аударып, келешегіне барлау жасайтыны, алынбаған шеберлік қамалдарын нұсқайтыны, қалың жұртшылыққа әдебиеттің мәнін түсіндіретіні, насихаттайтыны теориялық тұрғыдан анық тұжырымдалған шындықтар.
Сын жанрының туу, даму жолдарына назар аударсақ халықтық эстетиканы сыни ойдың бастауы деп танып, халықтың көркемдік түсінік танымы мен талап талғамының өресін байқауға болады.
Бақылау сұрақтары:
Қазақ әдебиет сынының туу дәуірі.
Ауызша сөз өнерінің синкреттік сипатының басым болуы мен вариантты болып келуі.
Танымдық, тәрбиелік, эстетикалық қызметттері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі ұғым: синкреттік сипат, көркемдік таным.
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 2. Сын арналары Талай ғасырдан бері халықтың рухани азығы болып келген ауыз әдебиеті эстетикалық мұратты қалыптастыру барысында елдік пен ерлікті, әсемдік пен сұлулықты, әділдік пен имандылықты ардақтауды, қадірлеуді, жалғандық пен жамандықтан, зорлық пен зомбылықтан, ажарсыз бен көріксіздіктен жиренуді үйрету, ұғындыру арқылы жұрттың көркемдік талап тілектерін жетілдіруде озық үлгі өнегесі бар ауыз әдебиеті бүгінгі заманда да өзінің ықпалынан арылған жоқ..
Сынның негізгі қасиеттерінің бірі- ажарсыз бен келіссізді мінеу емес, ең алдымен адамның жан дүниесін, талап-талғамын әсемдік пен сұлулыққа, ізгілікке тәрбиелеу.Ауыз әдебиетіндегі тамаша көркемдік тәсілдердің мән-мағынасын жан-жақты талдап ашуға тиіспіз.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі ерлік пен ездік , адамшылық пен зұлымдық , жақсылық пен жамандық , достық пен қастық , адалдық пен опасыздық , баяндылық пен тұрақсыздық , саналылық пен санасыздық бір-бірімен қашаннан бері арпалысып келе жатқан құбылыс екендігін саралайтын шығармалар өте көп.Халық ермек үшін емес, оны өмірде пайдалану үшін шығарған, кереғарлықтың ақ-қарасын айыра отырып өзінің көзқарасын білдірген. Халықтық эстетиканың, әдеби сынның бастауы, қайнар көзі болып табылады. Ауыз әдебиетінің қай үлгісі болмасын халықтық эстетиканы, халықтың сыншылдық көзқарасы мен парасатын танытып отырады. өйткені көркемдіктен ләззат алу, әсемдік пен сұлулықты ардақтау, озық үлгі-өнегеге бастап, жамандықтан жирендіріп отыру- халықтық талап-талғамның жемісі, сыншылдық көзқарастың нышандары.
Қазақ ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерінде халықтық эстетиканың таным-түсінігін қалыптастыратын шұрайлы өрнектер мол,жиі кездеседі. Айтылар ой, қорытар пікір, берер баға өнердің, әсіресе сөз өнерінің қадір-қасиетін, өнерпаздың дарын қуатын айқындайтын халықтық эстетиканың әр алуан принциптері бой көрсетеді. Нақты дәлелдер, жүйелі талдау-анализдермен тұжырымдала бермесе де халықтық сыншылдық ой-пікірінің, эстетикалық таным-білігінің айшықтары анық көрініп жатады. Оны сыншылдық ой жүйесінің бастауы, қайнар көзі деп біліп, әрбір көркемдік құбылысқа назар аудару қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Халықтық эстетиканың принциптері
2. Ақындар айтысындағы эстетикалық таным
Негізгі ұғым: халықтық эстетика
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 3. Баспасөз және сын
Сынның негізгі көрінер арнасы –газет пен журнал. Сын жанрының табиғаты көбінесе өзінің кезеңдік сипатына орай әлеумет көңіліне ой салып отырған көркем туындының мән-жайын оқушы қауымға түсіндіру міндетімен қатар сол шығарманы жазған авторға жәрдемдесу мақсатын көздейді.
19 ғасырдың соңғы ширегінде «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» патша үкіметінің отарлық саясаты мүддесінен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ойдың тегеурінді дүмпуінің әсерінен де шыққан еді. Сондықтан патша үкіметі «қазақ оқығандарының ұлт баспасөзі жөнінде қойған талаптарын өз мүддесіне орай шешуге тырысты».
Қазақтың қоғамдық өмірінде пайда болған баспасөз орындары, әсіресе, «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаяты газеті» халықтың әлеуметтік сана-сезімін ояту бағытында бірқыдыру үлкен еңбек сіңірсе, екінші жағынан, қазақ әдебиеті сынының тууына дайындық жасады. Бұл кезеңдегі әдеби сын элементтері әлі де болсажалпы саяси-экономикалық, тарихи-әлеуметтік мәселелермен қабаттаса айтылып, мәнді арна табуға ыңғайы бар екенін танытты. Қазақ әдебиет сынының эстетикалық дәрежесі мен өрісі онша биік талапқа жауап беріп, алқалы өңірден көріне қоймағанымен ел-жұртты елең еткізер екпінін аңғартып, өзінің жанрлық сипатын «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде айқын танытты.
Бақылау сұрақтары:
1. “Айқап” журналының әдебиет сынын тудырудағы тарихи маңызы.
2. “Қазақ” газетінің тарихи мәні.
3. “Айқап” журналындағы Н.Наушабаев шығармашылығына қатысты рй-пікірлер.
Негізгі ұғым: Баспасөздегі сын
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 4. Абайтану асулары
Абайтану ілімінің негізін қалаған М. Әуезовтің , Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны мен ақындық шеберлігін айқындайтын С. Мұқановтың, кемеңгер ақынның поэззиясын зерттеген Х.Жұмалиевтің, Е. Ысмаиловтың,
З. Қабдоловтың, өнерпаздық өмірбаянына барлау жасаған М. Сильченконың, Абайдың орыс әдебиетімен шығармашылық байланысын шолған З. Ахметовтың, қара сөзіне назар аударған Х. Сүйіншәлиевтің, Абайдың дүние танымы мен эстетикалық ойына көңіл бөлген Б. Ғабдуллиннің, педагогикалық көзқарасын пайымдаған Т: Тәжібаевтың, Абайдың ақын шәкірттері жайлы, Абай шығармаларының текстологиясы жайында құнды зерттеу жасаған Қ. Мұхаметқановтың, сондай-ақ Абай шығармашылығы туралы сүбелі ойлар айтқан Қ. Жұбановтың, Ә. Тәжібаевтің, Т. Әлімқұловтың, М. Қаратаевтың, Б. Кенжебаевтың, Қ. Өмірәлиевтің және тағы басқа да көптеген авторлардың еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының қарқынды өркендеу арнасындағы ең мәнді олжалар.
Ең алғаш Абай шығармашылығы жайындағы жазылған мақалалардың бірі
Кәкітай Ысқақұлыныкі екендігі белгілі. Автордың Абай өлеңдерін тақырыпқа бөліп орналастыруы ғылыми тұрғыдан олпылы-солпылы болса да, оның сыншылдық ойының ұшталғандығынан хабар береді.
Абайтану ғылымының бүгінгі тұрғысынан қарағанда бұл тұңғыш мақалада айтылмай қалған мәселелердің көптігіне қарамастан, осы мақаланың тарихи тағдырына назар аударған жөн.
Әзірге белгілі болған деректерге қарағанда Абайдың аты ағылшын тілінде 1891 жылы Лондонда шыққан Джорж Кеннанның сібір және жер аудару деген кітабында аталды.
Қазақ туралы жазылған кітаптардың, газет-журналдардағы мақалалары мен заметкаларының көрсеткішінде А. Аллекторов Абайдың Дала уалаятының газетінде 1889 жылы жарияланған Күлембайға деген өлеңіне түсіндірме беріп, өз бағасын береді.Абайдың шығармаларын насихаттау, халыққа таныту ісінде қазақтың тұңғыш журналисттерінің бірі Н. Құлжанованың еңбегі айрықша.
Абай шығармашылығын теориялық тұрғыдан жан-жақты талдап, біршама құнды пікір айтқан А. Байтұрсынов.
Абай өнерпаздығына, даңқына молырақ тоқталған ең алдымен сынның қанаттануына, айтарының нақтылануына, баяндаудан гөрі дәлелдеуге ұмтылатын сыни еңбектер жыл сайын толығып, көбейе түсті.
Бақылау сұрақтары:
1.Абай шығармашылығы жайындағы К.Ысқақұлы мақаласының мәні.
2. Баспа беттеріндегі Абай төңірегіндегі кереғар пікірлер.
3. М.Әуезовтің “Абайдың туысы мен өмірі” мақаласыныңАбайтанудағы жаңа белесі.
Негізгі ұғым: Абайтану арнасындағы сын
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Модуль 2. Жазба әдеби сынның қалыптасуы мен дамуы
Дәріс 5. Заман және көркемдік мұрат
Қазіргі кезеңде 20 жылдардағы заман өзгерісіне байланысты жазылған сыни көзқарастарға басқаша байыппен қарайтындығымыз белгілі. 20жылдардағы сынды қарастыру барысында марксизм-ленинизм ілімін басшылыққа алып, кеңестік тәртіптің сөзін сөйлеген, жырын жырлағандардың «төңкерісшілдер» деген негізгі атауына ара-тұра «революцияшыл, тапшыл» дегендерді қосақтай отырып, кеңес әдебиеті және оның жасаушылары мен жақтастарына оңтайлы, мән-мағынасы айқын болғанын, ал баррикаданың екінші жағында болғандар «алашшылдар» деп аталған.
20 жылдардағы қазақтың әдеби сынына сол кездегі қоғамдық сана мен көркемдік таным-түсініктің деңгейінен қарау шарт.
Қоғамдағы қалыптасқан және қалыптасып келе жатқан жағдайлар халықтың көркемдік талап-талғамын өз жағына шығару үшін үлкен күрес жүргізгені даусыз. Өйткені халық ниетін аудару, өзіне қарату қай идеологияның болмасын негізгі мақсаты. Қазақтың төңкерісшіл күштерімаркстік-лениндік эстетика принциптерін пайғамбардың ақ жолындай көріп, одан бұлтаруды күнәдай санады және бәрін білетін, бақылап, қадағалап отырған партия ешқайда бұлтартпады, көнбегендерге әкімшілік шара қолданып, тарихи сахнадан аластады.
Жаңа заман орнай бастаған шақтан тар өлшеп қусыра түсу, таным-білікті бір қалыптан шығару саясаты алғашқы кезден-ақ қылаң бере бастады.
Бақылау сұрақтары:
1. 20-жылдардағы қазақ әдебиеті сыны.
2. Ж.Сәрсенбіұлының қазақ әдебиеті сынының туып, қалыптасуындағы алатын орыны.
Негізгі ұғым: 20- жылдардағы сын
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 6. Дарындар сын додасында
Қазақ әдебиеті сынының алғашқы мәнді толқыны 1921-1925 жылдар аралығында өтті. Бұл тұста әдебиеттің жалпы проблемасынан гөрі жеке дарындардың күш-қуатын, алған бағытын, ұстанған мұратын айқындау мәселесі төңірегінде пікір сайыстары болды. Әдебиетте аты шыққан өкілдерінің шығармалары сарапқа түсті.
Жаңа заманның негізгі идеялары жер-жерде ерікті-еріксіз өріс алып, идеологиялық қаруға айналғанда, төңкерісшілдік тенденция көпшіліктің өрікпеген көңілінен шығуға талпынды. С.Сейфуллин оған серке болды. Оның қоғамдық, мемлекеттік ісі, әлеумет алдындағы абыройы 1922 жылы үш кітабын шығаруға жағдай жасады. Сәкеннің «Қызыл сұңқарлар» пьесасы бірінші болып сыналды. Оның жеке өлеңдері де, оқыған дәрістерінің мазмұндамасы да, мақалалары да оңды-солдысыналып, мінелмеген күні аз.
Осы сияқты көптеген ақын-жазушылардың еңбектері сыннан өтіп жатты. Оларда әр түрлі көзқарас, пікір туындап отырды. М. Дәулетбаев «Сын орнына қисынсыз құн» деген мақаласында сынның әдепті, мәдениетті болуын айта кеткен.
Қазақ әдебиеті сынының қанат қағу шағында нақты сындар жалғыз Сәкен төңірегінде емес, Мұхтар Әуезовтың «Бәйбіше-тоқал» трагедиясына жазған Д. Ысқақовтың мақаласынан көруге болады.
Сонымен қатар әдебиет жанрлық жағынан қалыптасуға бет алған шағында жеке дарындар ерекшеліктеріне, әдебиеттен алар орындарына , көркем туындыларының деңгейіне назар аудару Сәкен, Мағжан, Мұхтарлардың ғана емес, басқа ақын-жазушылардың жалпы бағдарын айқындап алуға жағдай жасады.
Сәкеннің жеке өлеңдері де, оқыған дәрісінің мазмұндамасы да, жазған өткір мақалалары да оңды-солды сындалып, мінелмеген күні аз. 1923-24 жылдары «Сынға мін», «Сынға сын», «Журналист, жазушы, ақын һәм оқушы», «Сын орнына қисынсыз түн», «Қазақ әдебиетінің тарихынан», «Қисық сынға әділ төре», «Сынау һәм сынауды сынау», «Қисынсыз жала» деген мақалалар Сәкенге, Сәкеннің кітаптары мен шығармаларына байланысты жазылып, сын базарын күшейтті.
Сәкенді жақтаушылар болсын, сондай-ақ даттаушылар болсын бірінен кейін бірі туындап жатқан мақалалар авторлары, сайып келгенде, жаңадан қанат қомдай бастаған жас әдебиетті жақтау не жоқ ету мақсаты көздегенін жақсы ұқты. Сондықтан төңкерісшіл әдебиетті жақтаушылар үстем идеологияға арқа сүйей отырып өздерінің ой-пкірлерін ашық айтып, даттаушыларға қарсы шықты.
Бақылау сұрақтары:
1. 20-жылдардың басындағы басылымдардағы Сәкен төңірегіндегі сын.
2. М.Әуезовтің “Бәйбіше-тоқал” драмасы жайындағы айтыс.
3. Мағжан шығармашылығы жайындағы Н.Төреқұловтың солақай пікірі.
Негізгі ұғым: С.Сейфуллин төңірегіндегі сын
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 7. Өркіндеу өзегі - көркемдік әдіс
1925 жыл қазақ әдебиеті үшін ең бір өтпелі де жемісті жыл болды. Бүкіл қазақ жерінің басы бірігіп бір орталыққа бағынуы, қазақ мәдениетін өркендету жолында зиялылар бөлшектенбей күш біріктіруі, әдебиетті идеологиялық қару ғана емес, эстетикалық таным-білік арнасы, өнер саласы дейтін түсінікке ойысу талаптары қым-қуыт пікірталасын туғызды. Төңкерістен кейінгі ойлар көңіл күйлер, талдау мен талқылаулар ұйымдық, ұжымдық сипат ала бастады.
Орыс әдебиеті майданында толып жатқан әдеби көркемөнер ұйымдары жетекшілік рөлге таласып, қырқысып жатқанда Қазақстанда өнерпаз күштердің басын біріктіру мәсеелесі күн тіртібіне қойылды.
Негізінен, әдебиеттің көркемдік әдісі, бағыты қандай, болашағы кімдікі деген үш жылға созылған айтыстың негізгі қорытындысы өршіл романтикамен қанаттанған реализм арқылы еңбекшіл көпшіліктің тілек-мақсатына қызмет ету, бар арман-тілек осы жөннен табылу қажет дегенге сайды. Бұл «жеңіске» таза теориялық, көркемдік жарыспен қол жеткен жоқ, сол кездегі тапшылдық көзқарасты өршітуде партия-кеңес көмегіне сүйенгенсыншылдық ой-пікірдің «шапағаты» тиді.
1925 жыл әдеби тұрғыдан алғанда «Қазақ әдебиетінде орында һәм орынсыз сындар» деген мақала-құжатпен басталып, Жәкен Сәрсенбіұлы мен Жүсіпбек Аймаутұлының театр кітаптары – драмматургия туралы ұстасуына жалғасты. «Европа көзімен қарап қазақ әдебиеті жұрдай, Европаның әдебиетіндей әдебиетіміз бола қоймайды деп қомсынуый лайықсыз. Европаның мың жылдық тарихы бар әдебиетімен қазақтың жаңа басталған әдебиетін теңестіруге бола ма? Болмайды. Олай болса, бастауыш қазақ әдебиетін көтермелеуге шылбыр беріп, ат салысу бәріміздің міндетіміз» деген ойлардың сүбелі де қомақты екеніне көз жұма қарауға болмайды. Өйткені, европацентристік ой-пиғыл мен пролеткульттык нигилизм сол кездің өзінде-ақ қазақ сыншыларының таным-білігінде қылаң бере бастаған болатын.
Міне, осындай эстетикалық атмосферада Жүсіпбек Аймауытов «Ақжол» газетінің 555 санында қазақ әдебиетінің бүгінгі жай-күйін әңгімелеуге мүмкіндік беретін әдеби-саяси астары қалың сауалдар қойып, ең маңыздыларына өзінің көзқарасын білдірген мақаласын жариялады. Ол ешкімді енжар қалдырмады, әркім өз білім өресі, таным деңгейінде жауап берді. Ал қайсыбіреулер жас ақын-жазушыларды кекету-мұқату үшін пайдаланып қалмаққа тырысты.
Бақылау сұрақтары:
1. 20-жылдардағы драматургия саласындағы сыни-пікірлер.
2. “Ақжол” мен “Еңбекші қазақ” газеттерінің қазақ әдебиеті сынының қалыптасуындағы маңызы.
Негізгі ұғым: драммматургия саласындағы сын
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 8. Көркемдік тәжірибе – қисын негізі
Қазақ әдебиет сыны тек айтыс-тартыспен қанатын жайып, буынын бекітіп алған жоқ. Оның сенімді серіктері - әдебиет тарихы мен теориясы мүмкіндігінше демесін жасап, шығар биігін айқындауға жәрдемдесті. Қызу айтыс-тартыс барысында ақын-жазушылардыңшығармаларында қолданылып жатқан көркемдік тәжірибелеріне оқтын-оқтын соғып кетіп отырған бір мәселе – кешегінің бүгінімен байланысы, дәстүр жалғастығы болды. Бұл проблема теориялық қисын елегінен өтуді қалайды. Өйткені күні кешеге дейін қазақтың көп әдебиетшілері «социалистік реализмді» қалай мадақтасақ екен деген желеумен жүргенде өнімді бір арнаны, яғни Абайдан тартылатын сыншыл реализм дәстүрін сұйылтып алдық. Төңкеріс өкімет машинасын тез алмастырғанмен, көркемдік танымда қалыптасқан машықтарды бірден өзгерте алмағаны, дәстүр сабақтастығы сақталғаны айдан анық.
Өскен әдебиет әрине өзінің керек-жарағын іздестірмей тұра алмайды. Әдеби дамудағы әр қилы ағым-бағытты аңғару, көркемдік таным-біліктегі ізденістерді зерттеу, оны оқушы жұртшылыққа жеткізу қажеттігі сын жанрын қалыптастыруға жағдай жасайды. Абай негізін салған сыншыл реализм дәстүрінен және батыс классиктерінің озық үлгісінен нәр алған қазақ қаламгерлері өздерінің кейбір шығармаларында сыншыл реализмді сәтті қолданып, көркемдігі толымды туынды бере білді де, оны теориялық қисыннан өткізетін парасатының молдығын танытты.
Сынның жанрлық қасиетіне айрықша ілтипат білдірген Ахмет Байтұрсынов жазба әдебиетті екіге жіктегенде бір саласын сындар дәуір деп белгіледі. Ал ол не екен деп көңіл бөлгенде «сындар дәуірі деген – қазақ әдебиетінің сынды болған, яғни сын арқылы шығып, әдеміленген мағыналы сөз: бір мағынасы сыны бар деген сөз болады да, екінші мағынасы мінсіз, толғаулы, сипатты деген болады. Бұл сөздің екі мағынасының екеуі де қазақ әдебиетінің соңғы кездегі жаңа дәуірін дұрыс сипаттайды. Сын тезі құрылмай, әдебиет сөзі сындар (мінсіз) болып шыға алмайды» дегеніне қарағанда сыни ой-пікір жүйесінің әлеуметтік-эстетикалық тұрғыдан зор ықпалы барын аңғарамыз.
Әрине бүкіл бір әдебиетті өмір шындығынан аз да болса да алшақтааттын романтизм бағытымен өркендету талабы бірден-бір өрнекі жол деп айта қою қиын. Романтикалық сыңайда жазылған шығармаларда талай көркемдік ізденістер, ұтқыр образдар, кестелі өрнектер кездесетініне қарап реалистік суреттеу тәсілін екінші қатарға ысырып тастау немесе оны жүрер жолымыз емес деп есептеу айтысушылардың бір сәттегі пенделік сезімі болғанын көреміз. Ол пиғыл шын эстетикалық тұжырымнан алыс. Өйткені әдебиет өнер болып жарыққа шыққаннан бері реализімнен іргесін аулақ салған емес, ал саналы түрде одан қол үзгендер, аулақтағандар талай опық жеп, тарих қалтарысында қалған сәттері аз емес.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ әдебиеті сынының қалыптасуындағы А.Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш”еңбегінің мәні.
2. С.Садуақасовтың Жүсіпбек пен Мұхтар шығармашылығы жайлы ой-пікірлері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі ұғым: А.Байтұрсынов сыншылдығы
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 9. Ұйымдастырудың қияметі мен қиястығы
Қазақтың өнерпаз күштері азамат соғысы лаңы басылғаннан кейін баспасөз төңірегінде топтаса бастады.Өздерін пролетарлық идеологияның өкілімін деп санағандар Орынбордағы газет-журналдардың маңына жиналды.Бұл ең негізгі де шешуші күш еді.
Қазақ халқының үштен бірі Түркістан республикасына қарағандықтан Ташкент қаласы қазақ зиялыларының , әсіресе алаш қозғалысына қатысқандардың рухани орталығы болды.Өз топырағында өсіп-жетілген, үлкен іс, мәдени құрылыстың басы-қасында жүргендерді елемей, Қазақстаннан ауысып барғандарды көкейде тұтып, Ташкентті «қазақ эмиграциясының ордасы» санап келгенімізді қазір ашық айту ләзім. «Ақжол» газеті, «Шолпан», «Сана» журналдары, «Талап» қауымы қазақ әдебиеті мен мәдениеті, әсіресе оқу-ағарту саласы үшін көптеген игі істерді атқарып, ең білікті де өнерпаз күштерді топтастыра білді. Тіпті ары-беріден соң қазақ зиялылары бүкіл Орта Азия халықтарының үрдіс ізденіс жасап, биікке қол сермеулеріне игі ықпал жасағанын да қысылмай айту абзал.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетін өркендетуге ықпал жасаған шаһардың бірі Мәскеу болды. Мұнда оқыған қазақ жастарының шоғыры еңбек етті.
Қазақ қайраткерлерінің бөлшектенуі орынсыз әңгіме мен қаңқу сөздерді де көбейтті. Ауызбірлік табылмады, әрқайсысы өз отауының жасауын әшекейлей беруді мұрат тұтып, бір халықтың рухани дүниесін сақтау, орынсыз айтыс-тартыс, түсінбестікті көбейту сияқты ұнамсыз көріністердің етек алуына себепкер болды. Ауызбірлік табылмаған жерде, әрқашан солай боларын өмір тәжірибесі талай дәлелдеп келе жатыр. Себепке сылтауды, сылтауды салғыртқа айналдыруға үстем болып келе жатқан тапшылдық көзқарас, оны әдейі қоздырып отырғандар қазақ зиялыларын ыдырата беруді принципті саясатқа айналдырғанын енді анық аңғарып отырмыз.
Айтыс үстінде талай сүреңсіз шындықтардың беті ашылып, Голощекин «қисыны» теріс, оны жақтаушы Ғаббастың ой-пікірі жалған екендігі дәлелденгенде, Өлкелік партия комитетінің бюросы «бұл айтысты доғарыңдар, әйтпесе газет бетінен журналға көшіріңдер» деп қаулы алады.
Бақылау сұрақтары:
1. “Төңкерісшіл” сыңаржақ пікірлер төңірегіндегі айтыстар.
2. 30- жылдардағы солақай сынның жансыз “позияның” мол болуына жол ашуы және әдебиет дамуына тигізген кері әсері.
Негізгі ұғым: Солақай сын
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 10. Эстетикалық социологиялық сын
Дөрекі социологизмнің дауылы тез көтерілгенімен саябырлап басылды. 1932 жылы партияның «Көркемөнер ұйымдарын қайта құру туралы» қаулысы шығып, шығармашылықты жақсартуға бағытталған қадамдар жасалды. Әдебиеттің сын саласына білімді жастардың, әсіресе, сынды өздерінің өнерпаздық арнасы деп таныған Е. Ысмайылов, М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Қ.Өтепов т.б. сияқты сыншылдардың алғашқы қадамдарын сыннан бастаған С.Ерубаев пен З.Шашкин, Х.Есенжанов сынды жазушылардың қазақ әдебиетінің әлеміне келуіне байланысты білікті, мәдениетті, эстетикалық сауатты сын өріс алып, аз жылда жетекші тенденцияға ие болар деген үміт оты жылт етті. 20- жылдарда жемісті еңбек еткен көп сыншылар өзінің идеялық-эстетикалық нысанасын қайта қарап, өрелі, білімді сын жолына түсті.
Қазақ сынының шуақты кезеңі шын шығармашылыққа бұрылды. М.Әуезов өзінің ашық хатымен жаңа әдебиетке қосылды. Жаңа қаулы әдеби атмосфераны жақсартуға , жазушыларды бір идеялық платформаға топтастыруға, ынтымақ-бірлік орнатуға шақырғаннан кейін қисынсыз айтыс-тартыстан мезі болғандар кезеңдік ұран ыңғайына тез жығылды.
Сынның жанр ретінде қалыптасуы оның өз проблематикасына ғана байланысты емес, көбіне-көп оның атқарған көркемдік-эстетикалық ісіне тәуелді.
Қазақ поэзиясының ішкі құбылыстарын, жан сырын ұғу жолында А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышынан» кейін, әсіресе, төңкерісшіл поэзия өкілдерінің қазіргі қазақ поэзиясына қосып жатқанын жіті аңғарып отырғандығын және өлең жүйесіне мықтап назар аударып отыру қажеттігін еске салған, қисынды ойы, социологиялық түсінігі бар мақала болды. Бұл өріс З.Шашкин мен Е.Ысмайловтың 1934 жылғы «Абай поэтикасы» зерттеулерінде жалғаса түсіп, кейінгі теориялық толғауларға жол салды.
Бақылау сұрақтары:
1. С.Мұқановтың “Поэзия мәселесі ” еңбегінің маңызы.
2. 30-жылдардың ортасындағы формализм мен натурализмге қарсы күрес.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі ұғым: социологиялық сын
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 11. Дәйектеме сын
Қазан революциясына дейін шыққан өлең жинақтары мен белгілі бір авторлардың шығармаларына назар аударсақ сыни ой-пікірі бар дәйектеме материалдар жиі ұшырасады.
Дәйектеме сынның жарнама сыннан және аннотациядан едәуір айырмасы бар. Дәйектеме сын пәлендей талдау жасамай, оқушыға шығарманың оқиғасын, мәнін, жазылу себебін түсіндіреді.
Дәйектеме сынның көзге түсер бір парасы – авторлық сын, яғни өзінің шығармасына өзі түсіндірме, кейде сын пікір айту. Дәйектеменің бұл түріне жататындар әр автордың кітабынан кездеседі десе де болғандай. Кейде бұл дәйектеме жалпы жинақ туралы ғана болмай, әр өлеңнің жазылуына не себеп болғанын да көрсете кететін кезі де аз емес.
Дәйектеме сынның алғашқы көріністерінде әр автор өз шығармасының нендей мақсатпен жазылғандығын түсіндірсе, оны оқып шығуды, кем-кетігі болса сынап, келесіде түзерліктей тілек-талаптарын жазып жіберуді, жазған еңбегі ұнаса оны көпшілікке таратуды, ойын қылып қойып беруді өтінген авторлық пікірлер 20 ғасырдың басында шыққан кітаптарда бірқыдыру мол кездеседі.
Дәйектеме сынды шартты түрде іштей жіктеген уақытта, олардың араларында қытай қорғаны жоқ екені өзінен-өзі түсінікті. Сондықтан оның барлық элементтері араласып жүретіндігін де ескерте кеткен жөн. Егер Ғалымжановтың «Есіл жұртым» атты жинағынан авторлық сынға қатысты пікірлерді бірқыдыру мол байқасақ, Қ.Тоғысовтың 1915 жылы басылып шыққан «Надандық құрбаны» пьесасына жазған алғы сөзі өзінің ағартушылық бағытымен де, өзіне-өзі пікір айтып, шығарманың мәнін түсіндіру ниетімен де, сондай-ақ дәйектеменің әдеби-сыни сипатын сақтап, пікір дәлелдеуге ұмтылу сыңайымен де көзге түседі. алайда оның негізгі салмағы өз шығармасының мән-жайын, қалай жазылғандығын әңгімелеу саласында болғандықтан авторлық сынның ауқымында қараған жөн.
Сонымен қазақ баспасөзінің туу дәуірінде шыққан көркем шығармалар мен өлең жинақтарына, оқу құралдарына, басқадай кітаптарға жазылған, олардың мән-мақсатын түсіндірген комментарилердің эстетикалық өрісіне қарап, оларды дәйектеме-сын деп атаған орынды. Ал дәйектеме-сын көркемдік талдауы мен эстетикалық дәлелдеуі, социологиялық түсіндірмелері аралас жүретін мәнді сын мақалаларға, құнды рецензияларға барар жолдағы бір басқыш.
Бақылау сұрақтары:
Дәйектеме сын ерекшелігі.
Негізгі ұғым: Дәйектеме сын
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 12. Әдеби өркендеудегі тарихи сабақтастық
Әлеуметтік өмірдегі адуынды жаңалықтар әдебиет саласында әр қилы жаңа түрді, жаңа тәсілді талап етті. Бұрынғыша мимырт қозғалмай, замана ағымына сай келетін екпінді түр, бұрынғыдан өзгеше де әсерлі сөз керек деген қисындар айтыла бастады.
Адамзат тарихы, оның ішінде көркемдік даму заңдылығы ешқашан да ойдым-ойдым, үзік-үзік құбылыстардан құрылмайды. Оның өсіп-өркендеу процесінде тарихи желі әрқашан да сақталып отырады. Өйткені қай елдің болмасын тарихи өсу-өркендеу процесі, тіршілік арнасы үзік-үзік болмай, бір-біріне жалғасып жатады. Қай халықтың болса да әдебиеті бір күнде, бір жылда жасалмайды.
Біз, әдетте, қазақ әдебиетінің өркендеу, тарихи сахнаға шығу, әлем әдебиетінің қатарына қосылу жайын сөз еткенде негізгі үш арнаны жадымыздан шығармаймыз. Сондықтан тарихи сабақтастықты сақтау принципін басшылыққа алған және түркі жазбаларының қазақ әдебиетіне қатысы бар деген концепция шын ғылыми ой-пікірден туып отыр.
Қазақ әдебиетінің өркендеуіне ықпал жасаған үш арнаны сөз еткенде халықтың көркемдік таным-білігі мен түйсігін қалыптастырған ұлттық әдебиеттің дәстүрін барынша тиянақтап баяндағанымыз абзал. Өйткені бүгінгі мәдениетіміз бен әдебиетіміз ғайыптан пайда болған жоқ, бұрынғы мәдени-әдеби мұралардың жаңа заманда гүлдене дамуы кезінде өркен жайып отыр. Қазіргі қазақ әдебиеті тек сырт әсерлерден ғана емес, ең алдымен өзінің арғы бастауларынан нәр алып, қиянға қанат қаққан әдебиет. Олай болса, оның арғы бастауын тек ауыз әдебиетімен, Абаймен шектеп қою да аздық етеді.
Сондай-ақ ХV-XVIII ғасырлардағы ақын, жырау, жыршылардың шығармалары әдебиетімізді сусындатқан бір бұлақ. Олардың қандай мән-мағынасы бары әрине талғаусыз, елеусіз қалатын жайт емес, алайда халықтың көркемдік түсінігін, эстетикалық талап-талғамын қалыптастырудағы тарихи рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Демек, әдебиетіміздің даму арналарын сөз еткенде бұл салаларды естен шығармау қажет және әдеби мұра ретінде оның тағдырына назар аударып отыру шарт. Өйткені «өнер – еріккеннің ермегі емес. – А.В. Луначарский пікірімен айтқанда, я өзінің төңірегіндегілерді нұрландыру үшін өзі жасағанды да, оны тамашалағандарды да әсем де ажарлы образдармен ләззаттандыру үшін ғана емес, қоғамдық айрықша зәру қажеттіктен туған болатын».
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ әдебиетінің өркендеуіне ықпал жасаған үш арна.
2. Қазақ әдебиеті сынының жанрлық қалыптасуы.
3. Мәдени мұрасын игеру.
Негізгі ұғым: Сын жанрлары
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 13. Әдебиет үлгілерін зерттеу
Қазан төңкерісінен кейін әдебиет үлгілерін жинау ісіне мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетіліп, арнаулы мекемелер шұғылданғанын, сөйтіп жоспарлы да жүйелі арнаға түскенін көреміз. Әрине әлеуметтік-эстетикалық зор мәні бар бұл игі істе талай қиындықтарды жеңуге тура келді.
1920-1925 жылдарда мәдени-әдеби асыл қордан қалың көпшіліктің нәр алуы, рухани байлықтың кәусар бұлағынан сусындауы үшін бірқыдыру мұраны жариялап үлгердік. Бірақ бұл кезеңдегі идеологиялық күрестің салқыны бұл салаға тимей қалмады.
Кеңес заманының әр кезеңінде әр қилы ой-пікір туғызуға себепкер болған әдеби мұраны игерудің 20-жылдары тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, идеялық тұрғыдан да айрықша назар аударуды талап етті.
20 ғасырдағы қазақ зиялылары, әсіресе, елдің азаттық бостандығы үшін алысқан Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов сынды революционер-демократтардың , алаш қозғалысының рухани көсемдерінің үлгілерінен өнеге алған ағартушылар мен ақын-жазушылар халық шығармашылығын , әсіресе, әдеби мұрасын жинауға, зерттеуге айрықша ынта қойды. Ол екпін төңкерістен кейін өрістей түсті.
Қазақ ақын-жазушылары өздерінің өнерін , өнерпаздығын гүлдендіре өркендету үшін әдебиет үлгілері әрқашан мәнді арна болатындығын айқын сезді. Қауым араласқан істің өнікті де өнімді , өміршең болатындығы, халықтың рухани байлығы енді шашау болмайтындығы, жиналатындығы, оны халықтың өзіне қайтадан жеткізу қажеттігі әбден анықталды.
Бақылау сұрақтары:
1. Фольклор үлгілерін жинап, зерттеу мәселелері.
2. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы Ә.Диваев еңбегі.
3. Әдебиет үлгілерін жинаудағы Х.Досмұхамедов еңбегінің мәні.
Негізгі ұғым: Мәдени мұра
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 14 70-80 жылдардағы сын мәселелері
Ал сын әрқашан әдебиеттің шыққан биігін танып-білу, оны қалыптастыру, алынар қамалды бағдарлау мақсатын көздейтінін ескерсек, көбіне-көп әдеби процесске тәуелді болатындығын ұмытпасақ, оның сол кездегі тіпті қазіргі жай-күйі өзінен-өзі айқындалады. Міне, осындай кезде толмаған Толстойлар мен шала Шекспирлерді насихаттау, дүниеге келтіру, таныту процесі басталмақ, 70-80 жылдарда осындай жайлар көп болды.
Әдебиет тарихы әуелі сыннан басталып, содан кейін көркем шығармаға кенелген кезеңді тарих білмейді. Пушкинсіз Белинский болмайтыны айдан анық. Әрине қолына қалам ұстағандардың бәрі Пушкин, оның үстіне білгендердің бәрі Белинский емес. Алайда сабасына қарай піспегі болары даусыз.
Осы тұрғыдан келгенде қазақ әдебиетіндегі сынның тармақтана да салалана көріну-көрінбеуі әдебиетіміздегі ізденіске тікелей байланысты. Әрине, өзіміздің жетіспеушілікті басқа әдебиетттердегі тәжірибе-практикалардан аңғарып, анау жоқ, мынау аз деп жар салу қажет те болар, бірақ шындықтан секіріп өтер ешкім жоқ. Сыншы ойын қанағаттандырып, кең жазира жайлауға бастайтын да, немесе тығырыққа тірейтін де өз әдебиетінің бүгінгі болмысы. Сол болмыстың жетіспегенін іздестіру, мол игілікке қол жеткізетін өрелі биіктерді меңзеу, аяққа оралғы болғандарға да, машыққа айналған штамптарға да қарсыкүресіп, әлгерінді жағаға жол бастау сынның негізгі арқауы. Осыған ұмтылған, кейбір ретте әдеби процеске демесін жасауға талпынған сын жауынгерлері болғанына көз жұмып қарауға бомайды. Қалай десек те, сыншылар әдебиет мүддесі жөніндегі игі талаптан тайып, әр ақы-жазушының жазғанын мақтау не даттауға ден қойып кетсе, домалақ сын да, жәреуке сын да, ожар сын көріне бермек. Сыншылар есеп-шартқа көп жүгініп, алақолдылыққа салынған шақта газет-журнал бетіндегі сынның авторы кім және қай шығарма туралы пікір айтып отырғаны аян болса, оның қалай жазыларын, не айтарын алдын ала топшалауға болатын көрінеді. Міне, бұл сынды өсірмейтін кесел ғана емес, жалпы әдебиет дамуына кесапатын тигізетін жұпалы дерт. Бұдан арылмай шығарма шындығын айту, оның табиғатын тану мүмкін емес.
Бақылау сұрақтары:
1. А.Нұрқатовтың қазақ әдәдебиеті сынының қалыптасуындағы атқарған еңбегі.
2. Т.Кәкішев және қазақ әдебиеті сынының тарихы.
3. М.Мағауин, Р.Нұрғалиев, Ш.Елеукенов еңбектерінің мәні.
Т.Кәкәшев - әдебиеттанушы
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Кәкішев, Т.К. Мерей. Ғылым.- биогр.жинақ. 2- томдық. Т.1/ - Алматы, 2002
7. Нұрғалиев Р. Талант қырлары. Қазақ әдебиеті, 9 қыркүйек, 2009.
8. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
9. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
Дәріс 15 Қазіргі қазақ әдебиеті сынының жай-күйі
Бүгінгі әдеби процеске араласу, көркемдік шеберлікті арттыру жолындағы эстетикалық талаптарды тұжырымдау, қазақ әдебиетінің дүниежүзілік дамуға ұласуы мәселелерінің әдебиет сынында кеңінен әңгімеленді.
Советтік жүйенің, коммунистік идеологияның творчестволық мүмкіндігінің азаюы, қызыл империяның құлауы. Ол жасаған қысастық пен зұлымдық әшкереленді. Қазақ әдебиетінің ұлы ғалымдары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев сынды алыптардың қайтып оралуы. Алаш қозғалысы ақталды. Қайраткерлер тарих сахынасына қайта шықты. Қазақ елінің тәуелсіздікке қолы жетіп, егемендік алды. Азаттықты аңсаған әдебиет өкілдерінің өлең-жылдары мен шығармалары тәуелсіздік рухында жаңаша баяндады, түсіндірді, зерттеді.
Қазақтың азаматтық және әдеби-мәдени тарихтарын жаңаша бұрмаламай жазу жөніндегі игі қадамдар, оның артық-кемі шалыстары. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сыны еркін тыныстап, ұлттық нысананы жоғары ұстады, әлемдік таным-білік деңгейінде көрінуге талпынды.
Әдебиет сыны мен ғылымының әр салаға көз салуы сыншы-ғалымның, ғалым-сыншының тұлғасының қалыптасуы - өнімді эстетикалық ізденістің кепілі. Осы негізде төмендегідей мақалалар жарық көріп оқырман көңілінен шықты.
Бақылау сұрақтары:
1.Бүгінгі әдеби процеске араласу, көркемдік шеберлікті арттыру жолындағы эстетикалық талаптар.
2. Д.Ысқақұлы, Қ.Ергөбеков, С.Негимов т.б. қазақ әдебиеті сынының дамуына қосқан үлестері.
Негізгі ұғым: қазіргі қазақ әдеби-сыны