Атасы бата береді:
Тәй – тәй басып жүретін,
Қуаныш қылып күлетін,
Жүйрік болсын баламыз,
Мыңнан озып жүретін.
Қамқор болып халқына,
Берік болсын антына.
Есейгенде қымбатты,
Сыйлы болсын жалпыға.
Бүлдіршінім танып ал,
Көп тілеуін қабыл ал,
Тіл мен көзден сақтасын,
Бойға тұмар тағып ал.
4. Ата дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал менен мәтелдерге.
«Сөздің көркі – мақал» деген ұғым бар. Қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Ендеше, «Мақал – мәтел даналыққа бастайды» кезеңіне кезек берелік.
Мейірім: Сәлеметсіз бе? «Көрген жерде ауыл бар»,- деп келіп қалдық.
Нұрмұхамед: «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді»,-демекші, қалдарыңыз қалай?
Арсен: «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» дегендей, қандай әдепті баласыңдар!
Мұхамедияр: «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады»,-деуші еді, келіңіздер, төрге шыңыңыздар, қонақ болып кетіңіздер.
Айдын: «Жат асына қарайды, дос басына қарайды»,-деуші еді аталарымыз, қысылмаңыз.
Мейірім: «Қонағын сыйласа, төрге шық» дегендей, төрге шығайық.
Нұрмұхамед: «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше», - демекші, таныса отырайық.
Арсен Б: «Мыңнан түсін танығанша, бірдің атын біл»,-деген. Есіміңіз кім болады?
(Бәрі танысады).
Мұхамедияр: «Ас-адамның арқауы» - деген, ас алып отырайық.
Арсен Б: Ойбай-ау, жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын»
Мейірім: «Досыңның асын қасыңдай іш!» - демекші, Алла риза болсын!
Айдын: «Дастарханға бас қойдым, екі қолды бос қойдым»,- деген, ас алып
отырайық.
Арсен: «Көңілмен берсе, қара су да бал татыр».
Мұхамедияр: Иә, «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам»,-демекші, досың көп болғанға не жетсін!
Достарыңызбен бөлісу: |