(Бестемше ойынымен таныстыру)
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да бөбекжай – бақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлттық ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулиды. Соның ішінде «Бестемше» ойынын бақшамызда қолданып, балаларға үйретіп жаңғыртып жатқан жайымыз бар.
Балалар жұп – жұбымен бестемше ойынын ойнап көрсетеді.
Би «Илигай»
1.Халық ауыз әдебиетінің балаларға ең жақыны ол ертегі болмақ. Әр ертегі арқылы біз өткен ата – бабаларымыздың ой – қиялын, тұрмыс салтын, тіл байлығын біле аламыз. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Жастайынан ертегі тыңдап өскен бала болашақ өміріне азық болар адамгершілік қасиеттерді бойына жинап, өнегелі тәрбие алып өседі десе де болады. Халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбексүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, жалқаулықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді. Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың орыс жазушысы Иван Крыловтан аударған «Құмырсқа мен шегіртке» мысалын ертегі желісінде балалардың сахналауын тамашалаңыздар.
Немересін жетектеп апа кіреді. Жайғасып отырады.
Немересі:
Апа, ертегі айтып беріңізші.
Апа:
Тыңдай ғой, қарағым. Ерте, ерте, ертеде бір шегіртке болыпты...
Ортаға әуен ырғағыменКөбелектер билеп шығады. Гүлге жайғасып отырады.
Музыка әуенімен Аралар билеп шығады. Ортада тұрып:
Біз – арамыз, арамыз,
Ары−бері зырлаймыз.
Гүл тозаңын жинаймыз,
Әдемі гүлдер өсірген
Жандарға бал сыйлаймыз.
Әуен ырғағымен Құмырсқа шығады:
Мен – кішкентай Құмырсқа,
Үйір болдым жұмысқа.
Күнде еңбек етемін.
Шаршамаймын жұмыстан.
Азық жинап қуысқа,
Қол жаймаймыз туысқа.
(Тырмамен жұмыс жасайды.)
Музыка ырғағымен Шегіртке шығады.
Шегіртке: − Бар жұмысым, ермегім,
Талмай қанат қағамын.
Еңбекті мен сүймеймін,
Мың бұралып билеймін.
Қыс келгенде ұйықтап˗ап,
Жаз келгенде, думандап,
Домбырамды қолыма ап,
Әр үйге барып, қонақ боп.
Қайтесіңдер жұмысты?
Тез тастаңдар бар істі.
Ән салып, би билеп,
Өткізейік жазды қызықты!
Шегірткемен бірге көбелектер мен аралар әуен ырғағымен билейді.
Аралар:
Қайтеміз билеп сенімен, біздің уақытымыз жоқ, біз бал жинаймыз.
Аралар мен көбелектер шығып кетеді.
Құмырсқа:
Ай, досым, шегіртке, сенің әнің жақсы екен, бірақ бұлай жүргенше сайрап, неге сен қысқа азық жинап дайындалмайсың? Жаз ˗ қысқа, қыс ˗ ұзақ.
Шегіртке:
Ей, құмырсқа, сен күні бойы жүрсің беліңді жазбай жыбыр˗жыбыр етіп, өмір ˗ тамаша, жаз тамаша емес пе?!
Құмырсқа:
Ия, досым, бәрі де тамаша! Бірақ қысқа дайындалу керек қой: үйді бітеп, азық жинау керек қой!
Достарыңызбен бөлісу: |