Сабақ № Тақырып: Инклюзивтік білім беру жөніндегі құзіретті кадрларды дайындау. Мазмұны



бет1/2
Дата25.10.2022
өлшемі22,75 Kb.
#154777
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
инкл. сем5
Сауалнама зорлық-зомбылық, 87486, Презентация1, 7d, Õèìèÿëû? ðåàêöèÿëàðäû? ýíåðãåòèêàñû ìåí áà?ûòû 1í?ñ?à, Документ (12), педагог сөж5, инкл. сем4, «О айдан иын а» ережесі ай принципке жатады т сініктілік, 1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру , ана тили 5, ана тили 6, 0b22368cc348d811c7d8f39a13dcc23bde08227fb0da628ae9bdc2b6c6fa52b9 (1)

Макар Нұргерім ПИМНО-111
Семинарлық сабақ № 5.
Тақырып:Инклюзивтік білім беру жөніндегі құзіретті кадрларды дайындау.
Мазмұны:
1.Педагог – тәрбиешілердің отандық және шетелдік тәжірбиелерін талдау.
2.Инклюзивті мектепке дейінгі мекемелер үшін педагог кадрларды даярлау жүйесі.
Әдістемелік нұсқау:«Дөңгелек үстел».
Адамның кәсіпқойлығының қажетті құраушысы кәсіби құзыреттілік болып табылады. Кәсіби құзыреттілік зерттеушілермен маманды даярлау сапасының сипаттамасы және еңбек әрекетінің нәтижелілігінің әлеуеті ретінде қарастырылады . Ал педагогтың кәсіби құзыреттілігі пәндік салада , сонымен қатар педагогика және психология саласында ғылыми-теориялық білімдер жүйесі кіретін маман тұлғасының сапалық сипаттамасын көрсетеді. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – бұл мұғалімнің теориялық білімдер жүйесі мен оларды белгілі педагогикалық жағдайларда қолдану, педагогтың құндылықтары, оның мәдениетінің интегративті көрсеткіштерінен (сөйлеуі, сөйлесу мәнері, өзіне және жұмысына қарым-қатынасы, т.б.) тұратын көпфакторлы құбылысы.

Кәсібилікті маманның жетілуінің әр түрлі аспектілерімен сәйкестендіре отырып Маркова А.К. кәсіби құзыреттіліктің төрт түрін көрсетеді : арнайы, әлеуметтік, тұлғалық және жеке:





  1. Арнайы, немесе әрекеттік кәсіби құзыреттілік әрекетті жоғарғы кәсіби деңгейде меңгеруді сипаттайды. Ол тек арнайы білім ғана емес, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдана алуды білдіреді.




  1. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдері мен бірігіп кәсіби өзара әрекеттестікті қолдану жолдарын меңгеруді сипаттайды.




  1. Тұлғалық кәсіби құзыреттілік өзін өзі дамыту мен өз ойын білдіру әдістерін, кәсіби деформацияға қарсыласу құралдарын меңгеруді сипаттайды. Бұнда маманның өзі кәсіби әрекетін жоспарлау, өздігінен шешімдер қабылдау, проблеманы көре алу қабілеті де кіреді.




  1. Жеке кәсіби құзыреттілік өзін өзі реттеу, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға қарсы тұру, тұрақты кәсіби уәждемесінің тәсілдерін меңгеруді сипаттайды.

  2. Маркова А.К. кәсіби құзыреттіліктің маңызды құраушыларының бірі ретінде өздігінен жаңа білім мен біліктерді игеру және тәжірибеде қолдану қабілетін атайды. Ресейлік зерттеуші Коточитова Е.В. әрбір блок келесі компоненттердің «өсу платформасы» болатын, алдыңғы блокқа сүйеніп құрылатын педагогикалық құзыреттіліктің иерархиялық моделін ұсынады . Модельдің құраушылары педагогикалық құзыреттіліктің алты түрінен тұратын блоктар болып келеді:

-білімділік;

-әрекеттік;


-коммуникативті;
-эмоционалды;
-тұлғалық;
-шығармашылық.
Автор педагогты оқыту барысында қалыптасатын құзыреттілікке тікелей қатысты болатын бірізділік қағидасының ерекше маңыздылығын атап көрсетеді. Контекстен жұлып алынған жеке блок педагогтың қажетті кәсіби біліктілігін қамтамасыз етпейді.

Ресей зерттеушісі Дружилов С.А. педагогтың кәсіби біліктіліктің келесі компоненттерін бөледі: мотивациялық-еріктік, қызметтік, коммуникативті және рефлексивті.



Мотивациялық-еріктік компонент құрамына түрткілер, мақсаттар, қажеттіліктер, құндылық ұстанымдарыкіреді, тұлғаның мамандықтағы шығармашылық көріністерін ынталандырады, кәсіби әрекетке қызығушылықты қарастырады.

Қызметтік (лат. тілінен functio орындау) компонент жалпы алғанда белгілі бір педагогикалық технологияны жобалау және жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті педагогикалық әрекет тәсілдері туралы білім ретінде көрінеді.

Коммуникативті (лат. тілінен communico байланысамын, сөйлесемін) құзыреттілік компонентіне өз ойын анық, дәл жеткізу, сендіру, дәлелдеу, талдау, пайымдаулар жасау, рационалды және эмоционалды ақпарат беру, тұлға аралық байланыстар орнату, өз әрекеттерін әріптестердің әрекеттерімен келісіп жасау, әр түрлі іскерлік жағдайларда сөйлесудің тиімді мәнерін таңдау, диалогты ұйымдастыру және қолдау іскерліктері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет