14 Сабақ-мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.
Оқытудың кең таралған сынып–сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдыыыыастыруды ұсынды.
7. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
8. Сыныптағы оқушылар құрамының әр кезде тұрақты болуы.
9. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
10. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.
11. Оқытуды жылдың тұраааақтыыыыыы бір мезгілінде бастап , аяқтау.
12. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әр кезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Сынып – сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай–ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт–бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта, оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани – адамгершілік қасиеттері мен ақыл–ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым–қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
15 Сабақтың типтері және құрылымы.
Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушының бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстары.
Сабақ ішкі құрылымы бір- бірімен жүйелі байланысқан кезеңдерден тұрады. Сабақтың кезеңдері:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІҮ Жаңа білімді меңгерту
Ү Жаңа білімді бекіту
ҮІ Жаңа білімді пысықтау,қорыту
ҮІІ Сабақты бекіту және қорытындылау
ҮІІІ Үйге тапсырма беру
Х Бағалау кезеңі
Ұйымдастыру бөлімі – күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу.
Кезеңнің мазмұны:
1. Амандасу – әдептіліктің қарапайым түрі, амандасудан өзара сыйластық, бірін-бірі жақсы көру, бір-біріне жақсылық тілеу көрініп тұру керек
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу:
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
4. Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру
5. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру: Мұғалімнің сыныпқа кіріп келген кездегі психологиялық жағдайы оқушыларға беріледі. Дауыс көтеріп, зеку ынтымақты бұзады.
Үй тапсырмасы жаңа материалды түсінуге керек болғанда, сабақтың басында жүргізіледі. Кейде үй тапсырмасын сабақтың соңында да қоюға болады. Тексерудің бұл тәсілі үйге берілген тапсырма жаңа тақырыппен байланысты болмағанда қолданылады. Үй тапсырмасын тексеру кезеңінің басты міндеті – барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру, жекелеген оқушылардың тапсырманы орындамау себептерін анықтау.
Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға әзірлену кезеңі: Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру, оған бағыт беру жаңа материалды меңгертуге әзірлеу .
Жаңа білімді меңгерту кезеңі: Оқу-тәрбиелік міндеттері: Факт, құбылыс, ереже, принцип, заңдар туралы нақты мәлімет қалыптастыру.
Жаңа білімді пысықтау, қорыту кезеңі Кезеңнің мазмұны:Оқушы материалды түсінгенде ғана жадында жақсы сақтап қалады; Оқыған материалды бекіту- маңызды кезең.
-материалмен өз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді оқушылардың жадында бекіту барысында материалды терең түсінуіне жағдай жасау;
- Білімдер мен іскерліктерді бекіту;
- Меңгерген білімдерімен қатар, жаңа ұғымдарды қалай түсінгенін байқау;
- Білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді бекіту;
Үй тапсырмасын орындау жөнінде нұсқаулар беру кезеңі
• Оқу-тәрбиелік міндеттері: үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оны орындау әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға түсіндіру.
• Кезеңнің мазмұны:
• сабақтың қорытындысын шығару;
• оқушыларды үй тапсырмаларын орындауға ынталандыру: оқушының білімге құмарлығын ояту (мәселені қызықты етіп қою); борыш сезімін ояту, баланың икемділіктері, талап тілектерін ескеру;
• үй тапсырмаларын орындау жөнінде толық, бірақ қысқа нұсқау беру. Оқу материалын бекітуге, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесетін тапсырмалар беру. Үйге берілетін тапсырманы оқушының қабілетін, әсіресе дарынды балалардың қабілетін дамыту үшін қолданған дұрыс. Үй тапсырмалары - оқушылардың оқуға қызығушылығын дамытудың, адамгершілік сапаларын, дүниетанымын қалыптастырудың құралы. Мұғалімнің үй тапсырмаларын дұрыс орындатуы үйдегі оқу жұмысының, сабақтың сапасын жақсартады.
Оқушылардың білімін бағалау Оқушылардың білімін бағалауға қойылатын талаптар:
- Білім, білік, іскерлік, дағдыны тексерудің әр түрлі тәсілдерін қолдану;
- Бағаның әділ қойылуы;
- Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
- Бағалау-бақылау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне, көңіл күйінің жақсы болуына көмектесу;
Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу қиын. Қазіргі дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшы. Варианттардың түрі:
— дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);
— дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);
— оқыту әдісі (И.Н. Борисов);
— сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б.
М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:
1. Аралас сабақ — практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.
2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.
3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).
Теоретиктер мен практиктердің зерттеулері бойынша қазіргі мектеп тәжірибесінде
қолданылып жүрген сабақтың типтері:
1. Аралас сабақ
2. Кіріспе сабағы
3. Жаңа білімді хабарлау сабағы
4. Білім, іскерлік дағдыны бекіту сабағы
5. Жаттығу және тәжірибе сабағы
6. Қайталап-қорыту сабағы
7. Білім, білік,іскерлік, дағдыны тексеру
және бақылау, түзету сабағы;
8. Зертханалық және тәжірибелік сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |