25. Дидактикалық принциптердің атқаратын рөлі: олардың негізінде оқушыларға оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, белсенді түрде үйренуге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен–бірі логикалық өзара байланыста болады.Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы мұғалімдер тобы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі:ғылымилық,саналылық пен белсенділік,көрнекілік,жүйелілік,беріктілік,тиімділік,ереже мен тәжірибенің байланыстылығы.Оқытудың негізгі заңдары:–Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.– Білім алу, іс–әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң.Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысты туралы заң.Оқу іс–әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң.Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педагогикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.
26. Білімнің мазмұны-оқыту жүйесі бөлігінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды және оқушының мінезі қалыптасады. Мектеп халық шаруашылығының әр түрлі саласына белсенді, қызметке қабілетті, саналы, жоғары білімді адамдарды тәрбиелеу үшін қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындайды. Сондықтан білімнің мазмұны тұлғаның Жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталуы тиіс.Осы талаптардың негізінде мынандай принциптерді қолдану білім мазмұнының деңгейін көтеруге өте қажет:Оқушыларды білммен қаруландырудың табиғатты қорғауға, еңбекке және өмірге жауапкершілік қатынасты тәрбиелеудің қажеттілігі.Білім мазмұны негізінде ұлттық мәдени тарихи байлықты жалпы азаматтың мәдени мұрасымен ұштастыру.Пәнаралық және пәншілік байланыстарды ғылыми-әдістемелік негзде жүзеге асару.Білім мазмұнында әлеуметтік- экономикалық жолдарын ескерудің маңыздылығы.Қазіргі үдемелі ғылыми-техникалық жағдайда ақпаратты технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту.Мектепте білім мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:
– табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағыбілімді қалыптастыру;
– диалектикалық-иатериалистік көзқарастары тәрбиелеу ;
– адамды Жан-жақты дамыту міндеттерін жинақты шешу;
– жастарды өмірге,еңбекке, мамандық таңдауға даярлау;
Достарыңызбен бөлісу: |