27.1.Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістіңжүзеге асуына көмектеседі.Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі.
28. Оқыту принциптері және ережелері.
Оқыту принциптері – мұғаліммен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады.
Принцип латын сөзі – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қиғида. Дидактикада принциптер – оқытудың мазмұны мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін негізгі қағидаларды белгілеуге күш салады.
Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын дәне заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларын белгілеуге көп күш салды. Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларды байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары – өзгеріп отырғындықтан, кейбір принциптер ескеріліп (табиғатқа сәйкестік, партиялық) кейбіреулері жаңадан пайда болады кіріктіру, ізгілендіру. Кейбір авторлар оқыту принциптерінің санын қықартуды ұсынса, басқалары, керісінше көбейтуді қсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне мақсатына, міндетіне, логикасына, мазмұнын қалыптастыруға түрлерімен әдістерін тағдауға, ынталандыруға нәтижелірді жоспарлау мен талдауға өз талаптарын береді, ұсынады.
Оқыту процесінде кез-келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқыту мазмұнын амал тәсілдерін, ұйымдастыру формаларын тандап, шәкірттерін жоғарғы натижелерге жеткізу шарт. Ұстаз дидактикалық принциптерін дұрыс тандаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болуы талассыз шартты.
Достарыңызбен бөлісу: |