деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері



бет19/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру

33 Дидактиканың категориялары.
Дидактиканың негізгі категориялары:
Сабақ беру (преподавание) – оқыту мақсaтын жүзеге асырудағы ақпараттандыруды, тәрбиелеуді, білімді ұғынуды және практикада қолдануды қамтамасыз ететін оқытушыдердің тәртiпке келтірілген іс-әрекеті.
Оқу – процeсс барысында студентті немесе оқушыны тану, жаттығу және тәжірибеге ие болу арқылы мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болады.

Оқыту - қойылған мақсaтты орындауға бағытталған оқытушы мен студенттердің тәртіпке келтірілген өзара әрекеті. Бұл олардың бірлескен іс-әрекетінің екі жақты процесі болады.


Білім беру – студенттің оқыту процесінде ие болған білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсiлдерінің жүйесі.




34.Оқыту үдерісінде кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін қалыптастыру.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ақыл-ой еңбегі белгілі жүйемен жасауға,оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керек.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру өз бетінше жұмыс істеу үйретудің жолдары болып табылады.Сондықтан, бұл жағдай оқушыларды ғылыми таным әдістердің логикалық ойлауды,ғылыми заңдылықтарды саралау, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс.Сол себепті балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білім алуды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып саналады.
35.Оқытудың заңдары, заңдылықтары және принциптері
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
1.Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.
2. Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
3. Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.
4. Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс–әрекетеріне тәуелді
5. Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.
6. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.
Оқытудың негізгі заңдары:
1. қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң;
2. білім алу, іс–әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң;
3. педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң;
4. оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысты туралы заң;
5. оқу іс–әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң;
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педагогикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.
2.Принцип (латын сөзі)– басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида.Оқыту принциптерi - мұғалiм мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер немесе оқытуға қойылатын талаптар.Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудың ең басты принципі – табиғатқа сай болу принципі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет