Оқыту психологиясы



бет1/13
Дата22.05.2022
өлшемі214,46 Kb.
#144545
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Психол обучения СТС 3 лекц

ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Жоспар


Білім беру процесіндегі оқыту. Оқыту мен дамыту.
Оқытудың психологиялық теориялары.
Білім беру технологиялары.
Оқыту процесінде танымдық іс-әрекеттердің дамуы.

Үздіксіз білім адам өмірге келгеннен бастап, соңғы күнге дейін бітпейтін – толассыз, тоқтаусыз білім (Сократ, Платон).

Білім беру - жеке тұлға мен қоғам мүддесі бойынша жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдасқан әлеуметтену процесі»

(Б.М.Бим-Бад, А.В.Петровский).

  • Білім беру – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын құзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған процесс (А.Г.Асмолов).
  • «Білім беру - қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті жағдай жасау жүйесі» (В.С.Безрукова).
  • Білім беру - жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процесі және нәтижесі (ЮНЕСКО,1997).

«Білім беру - адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту процесі» (Үлкен энциклопедиялық сөздік).

Білім беру – жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі (Педагогикалық энциклопедия).


«Білім беру - білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту процесіндегі жетістігінің жүйесі» (И.П.Подласый).
Білім беру – адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі (В.А.Сластенин).
Білім беру жүйесі басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет